"Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4195. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 259 бұйрығымен.

  Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 259 бұйрығымен.
Үзінді:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) ...
      2) "Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 212 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4195 тіркелген, 2006 жылғы 12 мамырдағы N 84-85(891) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      3) ...
      2. ...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр
________________________________________

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  13-бабының 7-тармағына және  14-бабының  4-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегi N 212  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркелу тiзiлiмiнде N 3087 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2005 ж., N 2, 14-бап) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс iстеу ережесiнде:
      4-тармақта:
      1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) орталықтандырылған сауда нарығы операторы қызметтерiне және олардың төлемдерiне қол жеткiзу мақсатында электр энергиясының
орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты - электр энергиясының көтерме нарығының субъектiсi мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторы арасында жасалатын шарт;
      4) клирингтiк баға - электр энергиясын сатып алу-сату спот мәмiлелерi бойынша есептесу үшiн сараланған кесте сұранысы мен ұсыныстарды салыстырумен анықталған, операциялық тәулiктiң әрбiр сағаты үшiн электр энергиясының бағасы;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) және 15-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) табиғат қорғау тұрғысындағы су жiберу кезеңi - су ресурстарын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ГЭС-тiң су жiберудi жүзеге асыратын уақыт бөлшегi";

      "15-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган";

      7-тармақтың 8) тармақшасындағы "сауда сессиясының аяқталуына дейiн" деген сөздер "сауда-саттыққа қатысушының атауын көрсетумен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) орташа жылдық су шығыны есебінен өндiрiлетiн электр энергиясының көлемiн қоспағанда, табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңiнде электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргiзудi iске асырады;";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) жүйелiк оператор ұсынатын нақты баланс деректерi бойынша сауда жүйесiне қатысу үшiн орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын өндiрудiң/тұтынудың нақты көлемi туралы ақпарат дайындайды;";

      15-тармақтың 4) тармақшасындағы тiркесi "жасайды" деген сөз "жасауға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      39-тармақта:
      бiрiншi абзац "егер" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақшада "өтiнiм болмаған кезде" деген сөздер "өтiнiм болмаса" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) егер сұраныс пен ұсыныстың сараланған кестелерi қиылыспаса және сұраныс кестесiн сатып алуға тапсырыстың бiрде-бiреуiнiң бағасы ұсыныс кестесiн сатып алуға тапсырыстың бағасынан артық бағаны құрамаса.";

      51-тармақтағы "жасалуы мүмкiн" деген сөздер "жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      52-тармақтың екiншi абзацында "құрылған жұптар" деген сөздер "жасасылған мәмiлелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      55-тармақта "қиылысу нүктесiмен" деген сөздер "салыстырумен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      57-тармақта "40-тармақтарында" деген сөз "39-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тарау мынадай мазмұндағы 5-1 параграфпен толықтырылсын:
      &5-1. Орташа жылдық су шығыны есебiнен өндiрiлетiн электр энергиясының көлемiн қоспағанда, табиғатты қорғау тұрғысынан су жiберiлетiн кезеңде өндiрiлетiн электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргiзу

      58-1. Табиғатты қорғау тұрғысында су жiберiлетiн процеске қатысуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қоймаларындағы ағынды қалпына келтiрудi, барлық энергия өндiретiн ұйымдар - ГЭС, орташа жылдық су шығыны есебiнен өндiрiлетiн электр энергиясының көлемiн қоспағанда, табиғатты қорғау тұрғысында су жiберiлетiн кезеңде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта сатуы тиiс.

      58-2. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында мiндеттi сатуға орташа жылдық су шығыны есебінен өндiрілетін электр энергиясының көлемiн қоспағанда, табиғатты қорғау тұрғысынан су жiберу кезеңiнде ГЭС өндiретiн электр энергиясының көлемi жатады.  
      ГЭС өндiретiн электр энергиясының мiндеттi сату мерзiмi су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңiмен белгiленген.

      58-3. Жыл сайын, 15 наурызға дейiн энергия өндiретiн ұйымдар - ГЭС-тiң сауалы бойынша су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғатты қорғау тұрғысынан су жiберу кезеңiнде су ағындарының көлемi туралы алдын ала ақпарат ұсынады.

      58-4. Су ағынының көлемi бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласында уәкiлеттi органнан алдын ала алынған деректердiң негiзiнде, ГЭС табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңiнде электр энергиясын өндiрудiң жоспарланған көлемiн анықтайды.
      ГЭС жыл сайын наурыздың үшiншi онкүндiгiнде орталықтандырылған сауда нарығы операторына судың орташа жылдық шеңберiнде электр энергиясын өндiрудiң көлемi жоспарланатын және табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу шеңберiнде электр энергиясын өндiрудiң көлемi туралы ақпаратты ұсынады.

      58-5. Орталықтандырылған сауда-саттық операторы ортақтандырылған сауда-саттықтың басталатын күнін белгілейді, оны www.korem.kz веб-сайтында жариялайды және орташа жылдық су шығыны есебiнен өндiрiлетiн электр энергиясының көлемiн қоспағанда, табиғатты қорғау тұрғысында су жіберу кезеңiнде ГЭС сататын электр энергиясының жоспарланған көлемi туралы ақпаратты барлық көтерме сауда нарығы субъектiлерiне жеткiзедi.

      58-6. Табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының сауда-саттығы аукцион нысанында, осы ереженiң 50-57-тармақтарында белгiленген тәртiптегiдей өтедi. Электр энергиясының жіберiлген ең төменгi сағаттық көлемi сату тапсырыстарында көрсетiлмейдi.

      58-7. Табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңiнде өндiрiлген электр энергиясының көлемi алдын ала жоспарланған және орталықтандырылған сауда-саттықта сатылған электр энергиясының көлемiне қарағанда ұлғайған жағдайда, ГЭС асы қосымша көлемдердi орталықтандырылған спот-сауда-саттығында сата алады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "61. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы барысында жасалған мәмiлелер бойынша көтерме нарық субъектiлерi электр энергиясын орта мерзiмдiк және ұзақ мерзiмдiк сатып алу-сатуға (жеткізуге) келісім-шарттарды жазбаша шарт жасасады. Көтерме нарық субъектiлерi арасында электр энергиясын сатып алу-сатуға (жеткiзуге) келiсiм-шарттарды жасау орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелердің қорытындысы туралы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығы операторының хабарламасы негiзiнде өздiгiнен жүзеге асырылады.".

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "62. Көтерме сауда нарығының субъектiлерi арасында электр энергиясын сатып алу-сату шарты электр энергиясының сауда-саттығының қорытындылары бойынша электр энергиясының ортамерзiмдi (апта, ай) және ұзақмерзiмдiк {тоқсан, жыл) кезеңдерге электр энергиясын жеткiзудiң бағалары, көлемдерi және мерзiмдерi бойынша жасалады және төмендегi шарттарды көздейдi:
      1) жіберілген электр энергиясының құны электр энергиясының көлемiн өндiру ретiнде алынған хабарламаларға сай, орталықтандырылған сауда-саттық барысында анықталған бағаға салыстыру актiсiне сәйкес есептеледі;
      2) электр энергиясын сатып алу-сату (жеткiзу) келiсiм-шарты жасалған кезде орталықтандырылған сауда-саттық қатысушылары басқа келiсiмге келмесе, жеткiзiлген электр энергиясына Сатып алушының төлем төлеуi онкүндiк бойынша жүргiзiледi;
      3) Сатушыда тосын (авариялық) жағдайлар туындағанда, Сатушы алдын ала Жүйе операторымен алмастыруды келiсе отырып, Сатып алушыға басқа энергия көздерiнен (форс-мажор жағдайларын қоспағанда) электр энергиясының балама көлемiн жеткiзудi қамтамасыз етуге тиiс. Бұл ретте істен шыққан қуатты алмастыру кезiндегi барлық қосымша шығындар Сатушыға жүктеледi.";

      63-тармақтағы "спот-сауда-саттықтарында" деген сөздер "сауда-саттықта" деген сөздермен алмастырылсын;

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "66. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша ортамерзiмдiк (апта, ай) және ұзақмерзiмдiк (тоқсан, жыл) кезеңдерге жасалған мәмiлелердi орындау сатып алу-сату шарты сауда-саттыққа қатысушылардың жасасқан шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Электр энергиясы және көмiр өнеркәсiбi департаментi (Н.Б.Бертiсбаев) осы бұйрықты бекiтiлген заңнамалық тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi Б.Е.Оразбаевқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

      Келiсiлдi:

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрі

      2006 жыл

      Келiсiлдi:

      Қазақстан Республикасының
      Ауылшаруашылығы министрі

      2006 жыл