Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 240 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4290. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2007.05.08. N 163 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Баж ставкасы (1000 кг үшiн доллармен)" деген бағанда:
      "64,9" деген сандар "83,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      "43,3" деген сандар "55,5" сандармен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi