Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 12 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4077. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәірдегі N 122 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 44, 559-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      "3. Жалпы орта бiлiм беру" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 7-жолдың 5-бағанындағы "2005 жылғы IV тоқсан"  деген сөздер "2006 жылғы II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi