Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 182 бұйрығына толықтыру мен

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 4 қаңтардағы N 2 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4018. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 7 қазандағы N 448 Бұйрығымен.

      Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялағаны үшiн алым ставкаларын халықаралық нормаларға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
      "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарауда:
      5-тармақтың 2-бағанындағы "6" деген сан "11990**" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "** тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) экспорты мен импортын лицензиялағаны үшiн лицензиялық алым ставкалары 11990 теңгенi құрайды.";
      "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар телнұсқасын беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 2-тарауда:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым ставкалары    1115***";
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "***тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгенi құрайды.";
      "Лицензияларды қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым ставкалары" деген 3-тарауда:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:      
      "тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары 1115****";
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "****тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгені құрайды.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі