Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы

Ақтау қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 19/153 шешімі.
Маңғыстау облысының Әділет Департаментінті Ақтау қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 18 қазанда N 11-1-15 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2/25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012.04.12  № 2/25 шешімімен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 3-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы 1-тармағы 8-тармақшасына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы" қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы N 26/242 (Әділет басқармасында 2003 жылы 9 қаңтарда N 1245 тіркелген, 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 19 (6186) "Маңғыстау" және 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 15 (8882) "Местное время" газеттерінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақта "Өмірзақ, Маңғыстау поселкелеріндегі және Баянды селосындағы" сөздері "Өмірзақ поселкесіндегі, Маңғыстау, Баянды селоларындағы және Қызылтөбе селолық округіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 10-тармақта "қалалық" сөзі "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "14. Қаланың селитебті аймағында жүрген ауыл шаруашылық жануарларын "Көктем" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мамандандырылған қызметі ұстайды.
      Қараусыз қалған жануарларды ұстау мен кері қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес реттеледі";

      4) 17-тармақ алынып тасталсын;

      5) 22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "22. Материалдық зиян келтірілген жағдайда, зардап шегуші оның өтелуі үшін сотқа шағымдануға құқылы".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

       Сессия төрағасы                        Қалалық мәслихаттың
                                                   хатшысы

         Қ.Жаңабаев                              Ұ.Сыдықова