Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 6 ақпанда N 429 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 308/40-ІІІ шешімімен

         "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының  28-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2006 жылға арналған шекті шамасы есепті айда Қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 0,95 пайызынан асырылмай бекітілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес есептелген есепті айдағы комиссиялық сыйақы сомасы есептіден кейінгі айдың бірінші бес жұмыс күнінде Қордың ағымдағы шотына аударылуға тиіс.

      3. Қордың шотына келіп түскен комиссиялық сыйақы сомасы Қорды басқару органы бекіткен Қор қызметін қамтамасыз етуге 2006 жылға арналған шығыстар шегінде пайдаланылуға тиіс.

      4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі