"Тауар таңбасын (қызмет көрсету белгісін) Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі деп тану туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2002 жылғы 15 тамыздағы N 133 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 71-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4019. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 136 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы N 192  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 14 қарашада N 2043 тіркелген, 2003 жылғы N 2 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерінің бюллетенiнде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 60-п  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн.

      Аталған бұйрықпен бекiтiлген Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi Ережеде:

      6 тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      37 тармақтағы үшінші абзацта "алу құқығына сенімхат" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттiк саясатты іске асыру басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi төрайымының орынбасары А.Х.Әмiрғалиевқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрайым