30.12.2005

"Тауар таңбасын (қызмет көрсету белгісін) Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі деп тану туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2002 жылғы 15 тамыздағы N 133 бұйрығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір актілеріне Зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес"  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауар таңбасын (қызмет көрсету белгісін) Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі деп тану туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2002 жылғы 15 тамыздағы N 133  бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде 2002 жылғы N 36 жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1960 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген тауар таңбасын (қызмет көрсету белгісін) Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі нұсқаулыққа мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Жалпыға белгілі тауар таңбасына (қызмет көрсету белгісіне) сертификат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
      Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат уәкілетті органға жалпыға белгілі тауар таңбасына (қызмет көрсету белгісіне) берілетін сертификат берілгенге дейін ұсынылады.".

      2. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету басқармасымен қамтамасыз етілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымының орынбасары А.Х.Әмірғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық арнайы жарияланған күннен бастап күшіне енсін.

       Төрайым


Дата изменения акта:  23.04.2010
Дата принятия акта:  30.12.2005
Информация об официальном опубликовании акта:  "Заң газеті" 2005 жыл 25 желтоқсан N 11(817)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103001002000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  26399
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  71
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005012000000 / 026011000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz