Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 138 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3950. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен

      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы  N 1405  және "Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы" 2005 жылғы 22 маусымдағы N 605 қбү қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгіне саны 11 бiрлiк арнайы автокөлiкті әуе көлiгiмен жеткiзу үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен валюта айырбастаудың берілетiн күнгi нарықтық бағамы бойынша 380800 (үш жүз сексен мың сегіз жүз) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі