Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 264-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 тамызда тіркелд. Тіркеу N 3817. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 33 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 524  өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрі,
      Манкешов Шынтас Жалғасұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің бас инспекторы, комиссия хатшысы;

      аталған комиссия құрамынан О.И.Жұмабеков, Н.В.Белоруков шығарылсын;

      "Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Мұхаметжанов                - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Әлімұлы               Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                               төраға";

      өкімнің 2-тармағындағы "1 мамырға" деген сөздер "1 желтоқсанға" деген сөздермен алмастырылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті