Өнеркәсіп гигиенасы жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы N 305 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3764. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 561 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.29 № 561  (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Мұнай өндіру өнеркәсібі объектілерінің еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
      2) "Көмір өнеркәсібі объектілерінің еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрлігі
      Геология және жер
      қойнауын пайдалану
      Комитетінің төрағасы

      2005 жылғы 11 шілде

Қазақстан Республикасының   
Денсаулық сақтау министрінің 
2005 жылдың 29 маусымдағы     
N 305 бұйрығымен бекітілген   

"Мұнай өндіретін нысандардағы жұмыс жағдайына және тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

1. Жалпы ережелер

      1. "Мұнай өндіретін нысандардағы жұмыс жағдайына және тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) қызметі нысанның құрылысын жобалаумен, қайта жаңартумен, мұнай кенорындарын барлаумен, орналастырумен және дайындаумен, мұнай өндірумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      2. Гигиеналық критерилер бойынша мұнай өндіруші нысандарға мынандай өндірістер және жұмыс түрлері жатады:
      1) мұнаралық құрылыстар (бұрғылау қондырғыларының құрылысы);
      2) барлау жүргізетін және пайдаланатын мұнай ұңғымаларын бұрғылау;
      3) мұнай кенорындарын пайдалану (өндіру, мұнайды алғашқы және кешенді өңдеу, қосымша газды өндіру);
      4) ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу;
      5) ұңғымаларды сынақтан өткізу және игеру;
      6) тығындау жұмыстары.

      3. Осы санитарлық ережеде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:
      1) мұнай өндіретін өнеркәсіп нысандары - өнеркәсіптің, мұнай және мұнайгаз кенорындарына барлау, пайдалануға дайындау жөніндегі мұнай операцияларын жүзеге асыратын, көмірсутегі шикізаттарын өндіретін саласы;
      2) құрғақ климат - ауаның жоғарғы температурасы қалыптасқан және атмосфералық жауын-шашын аз түсетін құрғақ климат;
      3) атмосфераның жерге жақын қабаты - жердің бетінен бірнеше он метрлік биіктіктегі атмосфераның шекаралық қабатының бөлігі;
      4) өнім беретін қабаттар - мұнай және газды түзілімдер.

2. Мұнай өнеркәсібінің нысандарын жобалауға және күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Жаңа нысандарды жобалау, орналастыру, жұмыс істеп тұрған нысандарды кеңейту және қайта жаңарту дайындалған аудандық сызба мен жобалар негізінде жүзеге асырылуы керек.

      5. Мұнай өнеркәсібіндегі кешенді нысандардың жалпы (өнеркәсіптік тораптағы) нысандармен бірге жасалатын бас жоспарының сызбасын "Кәсіпорындар тобының жалпы нысандармен бірге жасалатын бас жоспарының сызбасын дайындау жөніндегі нұсқауға" (өнеркәсіптік тораптағы) сәйкес дайындау керек.

      6. Нысанның құрылысын жаңадан жүргізу және жұмыс істеп тұрған нысандарды қайта жаңарту үшін жер учаскесін бөлу мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысы болған жағдайда жүргізіледі.

      7. Кенорындары аумағының шекарасынан және мұнай өндіретін өнеркәсіптік нысандардан санитарлық-қорғау аумағының (бұдан әрі - СҚА) көлемі әрбір нақты жағдайда, қолданыстағы НҚА-дің және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының негізінде белгіленеді.

      8. Жиі орын ауыстыратын нысандарды жинақтап, орналастырғанда (бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге арналған қондырғылар, ұңғымаларды сынақтан өткізуге және игеруге арналған қондырғылар), өндірістік жабдықтардың жекеленген блоктарын және орналастыру элементтерін жылдың сол кезеңінде болатын желдің басымды бағытын ескере отырып орналастырады.

      9. Құрамында жоғарғы көлемде күкіртсутегі бар шикізаттардың келіп түсуі мүмкін нысандарды жақсы желденетін аумақта орналастыру керек.

      10. Мұнай операцияларын жобалау және жүргізу барысында апатты жағдайлар қалыптасқанда персоналды және тұрғындарды қорғауға бағытталған шаралар (көшіру, жеке және ұжымдық қорғану шараларын және басқ.) қарастырылып және жүзеге асырылуы керек.

      11. Аумақта және топталған қондырғылар мен мұнайды кешенді өңдеуден өткізетін құрылғылар орналастырылған өндірістік ғимараттарда, резервуарлы парктарда жерасты үй-жайларын, каналдарды, құдықтарды және басқа да жобада қаралмаған шұқырларды орналастыруға тиым салынады.

      12. Қышқылдар мен сілтілерді сақтауға арналған базисті және зат жіберетін қоймалар елді мекендердің ық жағынан, тиісті СҚА нормаларын сақтай отырып, жақсы желденетін ашық учаскелерде орналастырылады.

3. Өндірістік ғимараттарға, имараттарға және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      13. Өндірістік ғимараттардың, имараттардың және алаңдардың құрылыс жобалау, технологиялық жобалау нормаларын және осы ережелерді ескере отырып жүргізілуі керек.

      14. Ғимараттың көлемдік-жоспарлау және құрылымдық шешімдері технологиялық үдерістің ағынын, жұмысты механикаландыруды және қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жапсарлас үй-жайларға таралуын ескертуді қамтамасыз етуге тиіс.

      15. Кезеңмен жұмысшылардың қызмет көрсетуін талап ететін, сыртта орналастырылған қондырғылар, жауын-шашыннан, желден, қардың және құмның басып қалуынан, күн өтуден қорғайтын жергілікті баспанамен жабдықталуы керек.
      Ауаның температурасы аса суық бескүндікте минус 40 0 С Цельсия (бұдан әрі - 0 С) және одан да төмен болған жағдайда жабдықтармен жұмыс істейтін жұмысшылар, бақылау-өлшеу құралдары (бұдан әрі - БӨҚ), автоматтандыру құралдары үшін жылынатын баспана жабдықталуға тиіс.

      16. Өндірістік үй-жайлардағы және нысандардағы негізгі жұмыс орындарында ауаға күкіртсутегі түсуі мүмкін жұмысшы аумағы, автоматтандырылған белгі бергіші бар газдыанықтағышпен жабдықталуы керек.

      17. Ғимараттан шығатын есікті күкіртсутегі бөлуі мүмкін қондырғы немесе нысан орналаспаған жаққа бағдарлау керек.

      18. Өндірістік үй-жайлардың жұмысшы ауасына зиянды заттар бөлінуі мүмкін болған жағдайда, ауа алмастыратын жалпы желдету жүйесімен жабдықталуға тиіс (мұндай талап бұрғылау қондырғысына таралмайды).

      19. Бұрғылау қондырғысы жабындысының құрылымында ашылатын терезе қарастырылуы керек.

      20. Бұрғылау қондырғыларының дизелді қозғалтқыштарының түтін шығаратын құбырларын өндірістік үй-жайларға қатысты жергілікті жердегі болатын желдің басымды бағыттарының ық жағынан шығару керек.

      21. Суық және ызғарлы климаттық аудандарда (І, ІІ және ІІІ климаттық аудандар) өндірістік үй-жайларға кіретін есіктерді кіре беріспен жабдықтау керек (мұндай талап бұрғылау қондырғыларына таралмайды).

      22. Қарқынды шу шығаратын қондырғымен жабдықталған өндірістік үй-жайлардың қабырғалары, онда тұрақты жұмыскерлер болған жағдайда, олар шуды сіңіретіндей етіп жасалуға тиіс (мұндай талап бұрғылау қондырғыларына таралмайды).

      23. Бұрғылаушы қондырғыларды жобалау барысында жұмысшы алаңын редукторлық үй-жайдың күш беретін және сорғыш блоктарының шуы мен дірілінен оқшаулау орналастыру керек.

      24. Метеорологиялық жағдайлардың ықпалынан қорғайтын жабындысы жоқ ғимараттың еденінің құрылымында және пайдалану жағдайларында, еденде қақ тұрудан сақтау шаралары қарастырылуға тиіс. Еденге төгілген лас заттар мен майлар, химиялық реактивтердерді уақытында тазартып отыру керек.

      25. Бұрғылаушы қондырғы еденінің құрылымы сұйықтықтар, батпақтар, майлайтын майлардың және химиялық реагенттерінің ағып кетуін қамтамасыз етуге тиіс.

      26. Өндірістік нысандардағы жылыту, желдету және ауаны алмастыру жүйелерінің жобалары және пайдалану жағдайлары қолданыстағы ҚНжЕ және басқа НҚА-дің талаптарына сәйкес болуы керек.

      27. Шикі мұнайды сорып айдайтын сорғылар орналасқан үй-жайларда жалпы алмасуды қамтамасыз ететін, сорып-шығаратын желдету жүйесімен жабдықталуға тиіс.

      28. Газды мотормен жұмыс істейтін компрессорлардың сальниктері мен картерлері жергілікті сорғымен жабдықталуы керек.

      29. Зиянды заттар бөлетін орында тиеу-түсіру жұмыстары жергілікті желдету жүйесі қосылған жағдайда жүргізіледі.

      30. Желдету жүйесі дұрыс жұмыс істемейтін және ажыратылған өндірістер мен цехтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      31. Ыстық және өте ыстық климаттық аудандарда қызметтік үй-жайларға және вахталық поселкелердегі жатаханалардың бөлмелеріне кондиционер орнатылуы керек.

      32. Жұмысшылар тұрақты жұмыс істейтін өндірістік үй-жайларда табиғи жарық көзі қарастырылуға тиіс (бұрғылау қондырғысына қарастырылмайды).
      Табиғи және жасанды жарықтандыру (жалпы және аралас) қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес болуы керек.

      33. Жасанды жарықтандыру көзін жобалау және пайдалану барысында ортаның жағдайлары (шаң-тозаңның болуы, ылғалдық, жарылыс беру қаупі) есепке алынуы қажет.

      34. Бұрғылау қондырғысының, сорғыш стансаның, өндірістік шеберхананың үй-жайларындағы атқарылатын жұмыстың разряды үй-жайдың ішіндегі өндірістік жұмыстардың разрядына теңестіріліп анықталуға тиіс.

      35. Жұмысшы алаңында, қабылдағыш көпірде және бұрғылайтын қондырғының сөрелерінде атқарылатын жұмыстардың, ұңғымаларға жүргізілетін ағымдағы және күрделі жөндеулер, топталған қондырғылардың алаңдарында, мұнайды дайындайтын қондырғыларда, резервуарлық парктерде атқарылатын жұмыстардың разрядтары ғимараттан тыс жерде орындалатын өндірістік жұмыстың разрядына теңестіріліп анықталуы керек.

      36. Негізгі өндірістік ғимараттарды және алаңдарды жасанды жарық көзімен жарықтандыру барысында жұмысшы бетінің жарықталуы осы санитарлық ереженің 1- қосымшасында көрсетілген нормативтерге сәйкес болуға тиіс.

4. Өндірістік үдерістер мен жабдықтарға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      37. Тіреуіш бағандардың құбырларының қабырғасын қатайту орталықтандырылуы керек.

      38. Кәсіпорынның ашық алаңдарында, тұрақты қызмет көрсететін персоналдың болуын талап ететін, технологиялық және тоқ беретін жабдықтарды орналастыруға рұқсат етілмейді.

      39. Ашық алаңдарда орналастырылатын жабдықтар автоматтандырылып, дистанциялық бақылау және басқару құралдарымен жабдықталып, жөндеу жұмыстары механикаландырылуы керек.

      40. Мұнай және газ өндірісінде, оларды қымталған жабық сызба бойынша жинау қарастырылуға тиіс.

      41. Құдықта, ордың ішінде немесе басқалай тереңдікте орналасқан реттейтін және бекітетін арматура қашықтықтан басқару құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.

      42. Өндірістік ұңғымалардың жұмыс режимін анықтау үшін автоматтандырылған қашықтан бақылау жүйесі қарастырылғаны дұрыс.

      43. Резервуарлық парктердегі, мұнайды кешенді түрде өңдейтін қондырғылардағы және басқа да осыған ұқсас өндірістердегі негізгі реттейтін және тығындайтын арматуралар электрмен іске қосылатындай жабдықталуы керек.

      44. Мұнай өндіретін өнеркәсіптік нысандардың ұңғымаларына қышқылмен өңдеу жүргізу барысында ауадағы зиянды заттардың құрамына зертханалық бақылау жүргізу керек. Тексеру көлемі мен кезеңдігі заттардың қауіптілік сыныбын, өндірістік және геологиялық жағдайларын ескере отырып анықталып және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілуге тиіс.

      45. Ұңғымаларға радиоактивті заттардың қолдану арқылы жүргізілетін зерттеу және әрі қарай сынақтан өткізу жұмыстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" жайлы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бекіту туралы" 2003 жылы 31 қаңтардағы N 97 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2198 тіркелген, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық Бас дәрігерімен бекітілген N 2 6.1.758-99 "Радиациялық қауіпсіздік нормаларына" (РҚН-99) сәйкес болуы керек.

      46. Мұнайдың құрамында күкіртсутегінің шамадан тыс көп және қысымының жоғары болуы, қолданыстағы жай жабдықтарды қолдану мүмкіндігін болдырмаған жағдайда, арнайы шаралар қаралып, жүзеге асырылуға тиіс.

      47. Мұнай мен газды өндіретін, жинайтын, дайындайтын және тасымалдайтын нысандардағы жабдықтар мен аппараттар сульфидтік-тотығу әсеріне шыдамды және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсаты болуы керек.

      48. Фланцты қосылыстар мен бекітетін құрылғылардың күкірттісутектің әсеріне шыдамды тығыздағыш аралық төсемдері болуға тиіс.

      49. Ұңғымаларды сынақтан өткізу күкірттісутектің бөлінуін болдырмайтын технологиялық шаралар жүзеге асырылғаннан кейін жүргізіледі.

      50. Бұрғылау жұмыстарын жобалау және іске қосу барысында төмендегідей арнайы шараларды жүзеге асыру керек:
      1) апатты жағдай қалыптасқанда адамдарды қорғау;
      2) бұрғылау ертіндісінде күкірттісутекті бейтараптандыруды қамтамасыз ететін технологияны қолдану;
      3) бұрғылау ертіндісінің құрамын және күкірттісутекті бейтараптандыруды бақылау.

      51. Жерастында күрделі жөндеу жұмыстарын газдың пайда болмауы және жұмысшы аумағындағы күкірттісутектің құрамына тұрақты автоматтандырылған бақылауды қамтамасыз етілген жағдайда ғана жүргізу керек.

      52. Жабдықтардың, қондырғылардың, нысандардың нормативтік-техникалық және жобалау - құрылымдық құжаттарына төмендегілер кіруге тиіс:
      1) қолданыстағы стандартқа сәйкес анықталатын жабдықтардың шу және дірілдеу сипаттамалары;
      2) жұмыс орнындағы және жұмысшы аумағындағы шудың және дірілдің есептегі деңгейі;
      3) қолданыстағы НҚА талаптарына сәйкес орындалатын, жобамен қарастырылған шудан және дірілден қорғайтын шаралар туралы мәліметтер.

      53. Бұрғылау қондырғысын жинап орнатқаннан кейінгі жалпы діріл деңгейі рұқсат етілген деңгейден аспауға және ол қабылдау комиссиясының актісінде тіркелуге тиіс.

      54. Вахтаның құрамы түгел болмаған жағдайда бұрғылаудың түсіру-көтеру операцияларын жүргізуге, игеруге, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеуден өткізуге тиым салынады.

      55. Жұмыскерлерді тұрғылықты орнынан үлкен қашықтықта (60 километрден (бұдан әрі - км) артық орналасқан нысандарға жеткізу үшін комфортабельді көлікті пайдалануы керек.

      56. Бұрғылау қондырғыларын және жабдықтарды бұзу және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру сызбасымен мүмкіндігінше өткелдердің саны мен ұзындығын қысқартуды қарастыру керек.

      57. Бұрғылау және мұнай өндіру жабдықтарын жобалау және пайдалану барысында өндірістік операцияларды орындауды жеңілдететін жабдықтар мен жұмыс әдістері қараластырылуы керек.

      58. Өндірістік жабдықтардың орналасуы және құрылымы мүмкіндігінше механикаландырылған агрегаттық-тораптық жөндеу әдісін қарастыруға тиіс.

      59. Атмосфералық ауаның ластануының алдын алу үшін төмендегідей шараларды қарастыру керек:
      1) резервуарлар паркіндегі газды теңестіргіш жүйемен байланған, батпайтын еркін қимылдағы қақпағы немесе понтоны бар тыныс алу арматурасы, резервуарлық жабдықтар. Техникалық жағдайға байланысты аталған шараны жүзеге асыру мүмкін болмағанда, кері-қайтаратын дискілер орнату керек. Резервуардың сыртқы бетін сәулені кері қайтаратын қабілеті жоғары майлы бояулармен сырлау;
      2) ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу барысында мұнайгаздың шығу мүмкіндігін ескерту;
      3) аппараттарды, құбырларды үрлеуде олардың жабық жүйесін қолдану;
      4) құрамында күкіртсутегі бар өндірістік ағынды суларды дайындауда жабық жүйені қолдану;
      5) істен шыққан немесе жұмыс істемей тұрған ұңғымалардың қымталып жабылуын қамтамасыз етіп және олардың техникалық жағдайын бақылау;
      6) ұңғымалардың, өткізгіш құбырлардың, аппараттардың және сорғыш агрегаттардың бекітетін арматураларының сальниктерін қымтап жабуды қамтамасыз ету;
      7) дренажды жүйелердің, канализациялық құдықтардың және жабық түрдегі мұнай ұстағыштарды тұмшалауды қамтамасыз ету;
      8) мүмкіндігіне қарай, қосымша өндірілетін газды алау арқылы жағуды қысқарту мақсатында қайта өңдеуге жіберу. Газды жағу, күйесіз жағу үдерісін сақтау арқылы жүзеге асырылу керек.

      60. Жер асты суларын қорғау мақсатында төмендегідей шаралар қарастырылуға тиіс:
      1) өндірістік ағынды суларды өнімдік қаттарға сорып ағызудан бұрын тазартылуға тиіс;
      2) мұнай өндірісінен шыққан ағынды суларды оқшауланған тереңдегі қаттарға көму тиісті геологиялық негізделуі және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда жүргізіледі.
      3) мұнай өндірісінен шыққан ағынды суларды көму әдістері кенорындарын ашу және пайдалану құжаттарын жобалау барысында қарастырылуға тиіс.

      61. Қаттарға өндірістік ағынды суларды сорып айдайтын кәсіпорын, ағынды сулардың жағымсыз әсер етуі мүмкін аудандарда жерасты және жер бетіндегі сулардың сапасын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.

      62. Суқоймаларына мұнай өндірісінен шыққан ағынды суларды, мұнаймен бірге өндіру барысында және ұңғымаларды жөндеу барысында алынған құмды, сол сияқты бұрғылау ертіндісінің артық көлемін және шламды жіберуге тиым салынады.

      63. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында пайдаланылған бұрғылау ертіндісімен жерасты суларын ластау мүмкіндігін болдырмау керек.

      64. Кенорынын дайындау жобасында мұнайды қарқынды өндіру, ұңғымаларды бұрғылау үшін және де басқа өндірістік үдерістерде қолданылатын беттердегі-белсендізаттар (бұдан әрі - ББЗ) және химиялық реагенттермен жерасты және жер бетіндегі сулардың ластануының алдын алатын шаралар қарастырылуы керек.

      65. Құрамында ББЗ бар ертінділер және ағынды суларды жалпы және өнеркәсіптік канализация жүйесіне алдын-ала тазартылмаған күйінде жіберуге болмайды.

      66. ББЗ-ны және басқа химиялық реагенттерді қолданатын кәсіпорындар жерасты және жер бетіндегі сулардың, сол сияқты қаттарға жіберілетін ағынды сулардың сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.

      67. ББЗ-ның және полимерлердің, суқоймасындағы суда болатын қанықпасының рұқсат етілген шегі анықталмаған жағдайда, оларды қолдануға рұқсат етілмейді.

      68. Кенорындарын қазу және игеру, құрылысын жүргізу, қайта жаңарту және жекеленген өндірістік нысандарды пайдалануды жобалау құжаттарында топырақты ластанудан сақтау, жерді қайта өңдеу және топырақтың құнарлы қабатын сақтау шаралары енгізілуге тиіс.

      69. Өндірістік қалдықтар арнайы бөлінген жерде жойылуға жатады. Құрамында ББЗ және химиялық реагенттер бар мұнайды, ағынды суларды сорып - айдайатын сорғыш қондырғыларда, егер жүйелерде қысым технологиялық регламентпен бекітілген деңгейден төмендеп немесе асып кеткен жағдайда, автоматты түрде тоқтатқыш орнатылуын қарастыру керек.

      70. Апат кезінде мұнай мен ағынды су төгілген жағдайда мұнай мен ағынды суды сыйымдылықтарға сорып құйып, ал орындарын бейтараптандыру, әрі қарай топырақты қалпына келтіру керек.

      71. Мұнай ұңғымаларын жөндеуден өткізу барысында ұңғымадан төгілетін сұйықтықтарды жинап, әрі қарай жою немесе бейтараптандыру үшін қымталған сыйымдылықтарды қолдану керек.

      72. Өндірістік кәсіпорын және нысанды жобалау және пайдалану барысында өндірістік жабдықтарды тотығудан сақтандыратын шаралар кешені қарастырылып, жүзеге асырылуға тиіс.

      73. Құрамында күкіртсутегі көп мұнайды өндіргенде технологиялық аппараттар мен жабдықтардан шығатын газды, оларды жөндеуден өткізу, қалпына келтіру немесе іске қосу үшін тоқтатқан жағдайда, қалдықтарды отты кедергіден өткізіп өртеу арқылы газжинағышқа жіберу немесе жабық сыйымдылыққа жинап, бейтараптандыру керек.

      74. Кенорындарының аумағында және іргелес жатқан аудандарда арнайы автокөліктердің және технологиялық көліктердің қозғалысы қатаң түрде арнайы белгіленген маршрут бойынша ұйымдастырылып, олар кенорынын қазу және игеру жобасында қарастырылуға тиіс.

      75. Қоршаған ортаның ластануын туғызатын апаттың барлық түрі жайлы кәсіпорынның басшылары міндетті түрде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететін саладағы мемлекеттік органдарға шұғыл хабарлауы керек.

5. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      76. Өндірістік нысандар қосымша және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен жабдықталып, олардың құрамы қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес болуға тиіс.

      77. Өндірістің (нысанның) ерекшелігіне қарай қосымша және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, жұмыс жүргізіліп жатқан ауданның климаттық-географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, стационарлық немесе жылжымалы етіп жасалуы керек.

      78. Ұңғымаларды бұрғылау және кенорындарын пайдалану барысында өндірістік нысандағы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар осы санитарлық ереженің 2- қосымшасына сәйкес жабдықталуы керек.

      79. Мұнай өнеркәсібі нысандарының жұмыскерлері жұмысқа кірісер алдында және кезеңмен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Міндетті түрде және кезеңмен медициналық тексеруден өтуді талап ететін зиянды өндірістік факторларды, мамандықтарды және зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың ықпалына ұшырайтын жұмыскерлерді міндетті түрде және кезеңмен медициналық тексеруден өткізу жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы" 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2780 нөмірімен тіркелген, қолданыстағы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес медициналық тексеруден өтуге тиіс.

      80. Жұмыскерлер қолданыстағы тиісті нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес ауыз сумен қамтамасыз етілуі керек.

      81. Мұнай өнеркәсібінің кәсіпорындары мен нысандарын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуші арнайы қызмет көрсетушілер немесе кәсіпорындар судың сапасына зертханалық бақылау жүргізуді қамтамасыз етуі керек, ал тасымалы сумен қамтамасыз еткен жағдайда ауыз су стансаларының суды тасымалдауға, сақтауға арналған, жуылатын зарарсыздандырылатын сыйымдылықтары болуға тиіс.
      Судың пайдалану нормасы өндірістік үдерістің топтары мен санитарлық сипаттамасына сәйкес санитарлық жабдықтар мен құрылғыларға жұмсалатын суды қоса есептей отырып алынады.

      82. Барып-келіп істелінетін сипаттағы жұмыстарды орындаушылар, құрылысы толық аяқталмаған нысандарағы жұмыскерлердің (мұнараны монтаждау бригадасының жұмысшылары, ұңғымаларға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізетін бригада) ауыз сумен қамтамасыз ететін жеке құтылары болуы керек.

      83. Ыстық климаттық жағдайда (сыртқы температура плюс 36 0       С жоғары) ашық ауада жұмыс істейтін өндірісітік нысандарда шөл қандыратын сусындар (көк шай, кептірілген жемістерден жасалған сусын, газдалған немесе минералды су) болуы керек.

      84. Вахталық-экспедициялық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерге арналған жатахана қолданыстағы НҚА, арнайы немесе типтік жобаларға сәйкес болуға тиіс. Бұл ереже типті модульді блоктар мен жылжымалы вагон-жатаханаларға таралады. Тұрғын жайлардың ішіндегі орын саны жобада көрсетілгеннен аспауға тиіс.

      85. Вахталық поселкелерді орналастыруға мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы керек.

      86. Өндірістің нысандардың барлық жұмыскерлері ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс. Асханаға дейінгі арақашықтық 300 метр (бұдан әрі - м) аспауы керек, үзіліссіз технологиялық үдеріспен істейтін өндірісте және осыған байланысты түскі тамақтану уақыты регламенттелмеген жұмыскерлер үшін - 75 м. Нысандарға ыстық тамақты тасымалдау кезінде тамақ ішетін пункт ұйымдастырылуы керек. Тамақты тасымалдау және тамақ ішу пункттерінің жағдайын мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен келісу керек. Бұрғылаушы бригадада жұмыс істейтіндер үшін бұрғылау қондырғысын орналастыру кешенінде асхана (вагон-асхана) жабдықталуға тиіс. Базалық асханадан бұрғылау орнына ыстық тамақты тасымалдау және арнайы бөлінген үй-жайда тарату мен тамақтандыру арқылы ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

      87. Мұнаралық жинақтау бригадасы және ұңғымаларды жөндеумен, құбыр өткізу құрылысымен айналысатын жұмысшыларға тікелей жұмыс орнында жылжымалы асханаларды ұйымдастыру қажет. Базалық асханадан ыстық тамақты жұмыс орнына тасымалдауға және арнайы бөлінген үй-жайда тарату мен тамақтандыруға, сол сияқты егер, жұмыс орнынан асханаға дейінгі арақашықтық 300 м. аспайтын болса, өнеркәсіптік стационарлық асханаларда ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

      88. Жұмыскерлер, мұнай өнеркәсібі нысандарына арналған қолданыстағы салалық нормаларға сәйкес, арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.

      89. Өндірістік нысандардың құрамында химиялық тазартуды, кір жууды және арнайы киім мен аяқ киімді жөндеуді қамтамасыз ететін, орталықтандырылған қызметтер болуға тиіс.

      90. Мұнай өндіретін өнеркәсіп нысандарының қызметкерлері медициналық санитарлық қызметтермен қамтамасыз етілуі керек.

      91. Қышқылдар мен сілтілердің қаныққан ерітіндісін, түйіршікті және сусыз каустикалық соданы қабаттап жинайтын, сақтайтын және пайдаланатын нысандарда (бұрғылау қондырғылары және ұңғымаларға күрделі жөндеу жүргізетін қондырғылар) жұмысты механикаландыру қамтамасыз етіліп және ерітінділерді бейтараптағыштың және судың жұмсалмайтын қоры (200 литрден кем емес) болуға тиіс. Судың жұмсалмайтын қоры нысанға су әкелінген сайын ауыстырылып отыруы керек.

      92. Бұрғылау қондырғысындағы және басқа нысандардағы қойманың құрылымы мен монтаждау сызбасы жуатын сұйықтықтарды дайындауға, кен өндіретін қуыстарды өңдеуге қолданылатын химиялық реагенттермен топырақтың ластануын болдырмауы керек.

                                  "Мұнай өндіретін нысандардағы
                                  жұмыс жағдайына және тұрмыстық
                                    қызмет көрсетуге қойылатын
                                    санитарлық-эпидемиологиялық
                                   талаптар" туралы санитарлық-
                                  эпидемиологиялық ережелер мен
                                       нормаларға 1-қосымша

        Мұнай өндіретін өнеркәсіптің негізгі өндірістік
       ғимараттарын және алаңдарын жасанды жарық көзімен
          жарықтандыру барысында жұмысшы беттерін
                  жарықтандырудың нормалары

Нысанның атауы

Жұмыс разряды

Жалпы жарықтандыру барысында шамдардың жарық беруі, люкс

Бұрғылау қондырғыларында:



жұмыс алаңы

9

30

Роторлы үстел


100

өлшегіш аппаратурасы жоқ басқару пульті мен қалқан (тіректер, тұтқалар)

6

75

өлшегіш аппаратурасы бар басқару пульті мен қалқаны

4 в

150

Дизелдік үй-жай

6

50

Бұрғылау сорылғыларының компенсаторлары

6

75

Жоғарғы жұмыстың бесігі

9

50

АСП және МСП құбырларын ұстау және көтеру механизмдер

9

50

Редуктор (күш беретін үй-жайлары)

8

30

Науалық жүйе

11

10

Қабылдайтын көпір, сөрелер

11

10

Саз араластырғыш, елеуіш, айырғыш

8 в

30

Жаяу шығатын баспалдақтар, науалық жүйені жағалап өту

11

10

Ұңғымаларға жерасты және күрделі жөндеу жүргізу кезіндегі жұмыс орындары:

жұмысшы алаңы

9

30

роторлы үстел

9

50

жоғарғы жұмыс орнының  бесігі


100

қабылдайтын көпір, сөрелер

9

10

сорғы стансалары


50

Газды қайта өңдейтін зауыттардың компрессорлық цехтары

4

75

Резервуарлық парктердегі 1)
мұнайдың деңгейін өлшеу орын

9

50

Мұнай ұңғымаларының кіретін ауызы, тербелмелі-станоктар (түнгі уақытта қызмет көрсету барысында)

10

30

Резервуарлық парк аумағында,
топтап орнатылған қондырғыдағы ысырмаларды басқару орындары

8

30

Резервуарлық парктердің, топталған қондырғылардың аумақ

8

2

Мұнайды құятын және ағызатын эстакадалар:

еденнің бетінде

10

30

цистернаның ауызында

9

50

      1) резервуардағы мұнайдың деңгейін анықтауға байланысы бар нақты жұмыстарды орындау кезінде, жарылыс беру қауіпі жоқ, тасымалданатын шамдарды қолдану керек.

                                  "Мұнай өндіретін нысандардағы
                                  жұмыс жағдайына және тұрмыстық
                                    қызмет көрсетуге қойылатын
                                    санитарлық-эпидемиологиялық
                                   талаптар" туралы санитарлық-
                                  эпидемиологиялық ережелер мен
                                       нормаларға 2-қосымша

   Мұнай өндіретін өнеркәсіптің мұнай ұңғымаларын бұрғылау,
  пайдалану және кенорынын игерумен айналысатын нысандарына
  арналған санитарлық-тұрмыстық үй-жайларының құрамы және
                          құрылымдары

Өндіріс-
тік
үдеріс

Өнді-
рістік
үдері-
стің
топтары

Өндірістік үдерістің санитарлық сипаттамасы

Арнайы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және оның құрылымдары

1.Қабатық
қысымды
ұстау

16

Сорғы және
компрес-
сорлық
стансалар-
дың үй-жай-
ларында жұмыс істеу барысында қолдың және арнайы киімнің, ал жекеленген жағдайларда дененің  ластануы

Сорғы және компрес-
сорлық стансалардағы стационарлық санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, себезгі бөлмелері.

2. Ұңғы-
маларды
пайдалану

16

Жұмыстың басым көпшілігі үй-жайдың ішінде, тек кезеңмен  ашық ауада орналасқан жекеленген ұңғымаларды қарап шығу 

Өнімді өндіру цехында немесе топтық өлшеу қондырғылары кешенін-
дегі стационарлық тұрмыстық үй-жайлар; жұмысшылардың жылынуына арналған себезгі бөлмелері, арнайы киім мен аяқ-киімдерді кептіретін құрылғылар; ыстық климатты жағдайда-салқындататып, демалуына арналған үй-жай.

3. Кен
орынын
жайғас-
тыру
жөніндеі
дайындық жұмыс-
тары

ІІд

Жылдың
барлық мезгілінде және қолай-
сыз  метео-
рологиялық жағдайда ашық ауада жүргізілетін жұмыс; ауасы құрғақ аумақта,   біршама шаңның  пайда болумен орындалатын жұмыс

Жылжымалы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар; жуынатын себезгі бөлмелері, жұмысшылардың жылынып отыруына арналған үй-жайлар, арнайы - кептіретін құрал-жабдықтар; ыстық климаттық жағдайда жұмысшылардың салқындап, демалуына арналған үй-жай.

4. Бұр-
ғылау
құрылы-
сын жүр-
гізу
(мұнара
құрылысы)

ІІд

Жылдың барлық мезгілінде және қолайсыз  метеоро-
логиялық жағдайларда ашық ауада жүргізі-
летін жұмыстар; ауасы құрғақ аумақта,   біршама шаңның  пайда болумен орындалатын жұмыс

Жылжымалы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар; жуынатын себезгілер, жұмысшылар жылынуға арналған үй-жайлар, арнайы киім мен аяқ-киімдерді кептіретін құрылғылар; ыстық климаттық жағдайда жұмысшылардың салқындап, демалуына арналған үй-жай.

5. Бұр-
ғылау
және оны игеру

ІІд

Жылдың
барлық мезгілінде және қолайсыз  метеоро-
логиялық жағдайларда ашық ауа астында  жүргізі-
летін жұмыс; жұмысшы-
лардың сумен, саз және цемент ерітінді-
сімен, шикі мұнаймен, химиялық реактив-
термен
жанасу арқылы орындалатын
өндрістік
үдерістер

Жылжымалы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, мыналармен жабдықталған: себезгі бөлмелері, аяқ ванналары, жұмысшылардың жылынуына арналған үй-жайлар, арнайы киім мен аяқкиімдерді кептіретін үй-жай мен құрылғылар; ыстық климаттық жағдайда жұмысшылардың салқындап, демалуына арналған үй-жай.

6. Ұңғы-
маларға
жерасты және күрделі жөндеу
жұмыста-
рын
жүргізу

ІІд

Жылдың барлық мезгілінде және қолай-
сыз метео-
рологиялық жағдайларда ашық ауада жүргізіле-
тін жұмыс; жұмысшы-
лардың шикі мұнаймен, сумен, химиялық реагент-
термен жанасу арқылы,  негізінен түрегеп тұрып орындалатын
өндірістік
үдерістер.

Жылжымалы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мыналармен жабдықталған: себезгі бөлмелері, аяққа арналған ванналар, жұмысшылардың  жылынуына арналған үй-жайлар, арнайы киім мен аяқ киімдерді кептіретін құрылғылар, үй-жайлар; ыстық климаттық жағдайда жұмысшылардың  салқындап, демалуына арналған үй-жай.

7. Мұ-
наймен газды өндіру үшін жинау және дайындау (тауар-
лық парктер, термо-
химиялық қондыр-
ғылар, қыздыр-
ғыш пештер, сорғы стан-
салар
және басқа-
лары); өнеркә-
сіптік
жабдық-
тарды
жөндеу

ІІІб

3-ші және 4-ші
сыныпты
қауіптілігі
бар заттар-
мен жоғарғы деңгейде
газдалған үй-жайларда және ашық ауада жұмыс істеу
(құрамында қауіптілігі
2-ші сы-
ныпты
күкіртсу-
тегінің
жоғарғы
көлемі бар
мұнайлы
кеноры-
нында)

себезгі бөлмелерімен, жұмысшылардың жылынуына арналған үй-жайлармен, арнайы киім мен аяқ-киімдерді кептіруге арналған құрылғылармен, шаңтұтқышпен, ыстық климаттық жағдайда жұмысшылардың салқындап, демалуына арналған үй-жайлармен
жабдықталған
стационарлық,
санитарлық-тұрмыстық
үй-жайлар.

Қазақстан Республикасының   
Денсаулық сақтау министрінің 
2005 жылдың 29 маусымдағы  
N 305 бұйрығымен бекітілген  

Көмір өнеркәсібі объектілерінің еңбек және
тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар 1. Жалпы ережелер

      1. Көмір өндіретін кәсіпорынға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар Санитарлық ережелері мен нормалары (әрі қарай - ережелер) жер асты (әрі қарай - шахталар) және ашық (ойылып кесілген) жолдарымен көмірді және жанғыш тақта тасты шығаратын кәсіпорындарды жобалауға, салуға, қайта салуға, ректонструкциялауға және іс жүзіндегі кәсіпорындарға, байыту және брикетті фабрикаларға, сонымен бірге көмір өндіретін кәсіпорындарға арналған машиналардың, механизмдердің және жабдықтардың конструкцияларына қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған:
      1) көмір өндіретін кәсіпорын - көмірді шығаруды, байытуды және брикетирлеуді (көмірді төртбұрыштап текшелеп, престеп) өндіретін кәсіпорын;
      2) анкерлеу (қаланған тастарды ұстастыратын темір) - арнайы детальдармен (металды, темір бетонды, ағаш стержндер) машиналар мен имараттардың бөліктерін бекіту;
      3) брикетирлеу (көмірді төртбұрыштап текшелеп, престтеу) - кейінгі қолдануында шығынды азайту мақсатымен ұсақ көмірді дұрыс формалы кесектерге (брикеттерге) престеу;
      4) брикет фабрикасы - арнайы құрал-сайманның көмегімен көмірді брикетирлейтін кәсіпорын;
      5) генерация - электр энергиясының, шудың, вибрацияның, электромагниттік және жарық тербелістерінің шығарылуы;
      6) гидроциклон - орталықтан тепкіш күштің көмегімен сулы ортада тығыздығы бойынша ерекшеленетін минералдардың және басқа бөлшектердің дәндерін бөлуге арналған аппарат;
      7) гүрсіл - төгілетін материалдарды (кесегінің ірілігіне байланысты) желтартқыш немесе тор арқылы електен өткізетін, механикалық сорттауға арналған қозғалыссыз немесе елекке орнатылған (гүрсілдеу) құрылғысы;
      8) байыту фабрикасы - техникалық құнды немесе кейінгі қайта өңдеуге жарамды өнімді алу үшін минаралды шикізатты алғаш өңдейтін кәсіпорын;
      9) тіреу (гидротіреу) - тау жынысының құлауынан және төгілуінен қорғауға арналған имарат;
      10) копра - шахтаның үстіндегі құрылыс;
      11) ойылып кесілген жер - көмір кен орнын пайдалану кезінде түзілген ашық таулы өндірудің жиынтығы;
      12) стробоскопиялық әсері - 1) зат қозғалғандағы жеке сәт бейнесінің тез алмасуын қабылдау; 2) тез қозғалатын затты үзік-үзік бақылау жағдайында қабылдау;
      13) флотация - ұсақ және қатты бөлшектердің сумен дымқылданғыштығының айырмашылығына негізделген, минералмен өңдеу кезіндегі олардың бөліну процесі;
      14) флотореагент - флотация процесінде қолданылатын зат;
      15) флокуляция - коллоидты бөлшектердің борпылдақ, үлпек тәріздес агрегаттарға бірігу процесі;
      16) флокулянт - флокуляция процесін жүзеге асыру үшін қосылатын, арнайы зат;
      17) шахта - пайдалы қазбаны шығаратын тау өндіретін кәсіпорын;
      18) шахта оқпаны - тау жұмыстарына арналған, сыртқа шығатын есігі бар жер астының вертикалды немесе еңкіш тау өндірісі;
      19) шпур (тау жыныстарын қопару үшін бұрғылап, тесіп, қопарғыш затпен толтырылатын қуыс) - жарылғыш заттың зарядын орналастыруға және басқа мақсатқа тау жынысы бұрғыланған, диаметрі 75 мм-ге дейінгі, ұзындығы 5 м-ге дейінгі цилиндрлік қуыс;
      20) штольня (жатық не сәл көлбете қазылған қазба) - жер асты тау: эксплуатация, шолу, вентиляциялық және басқа жұмыстарды жасауға, сыртта есігі бар горизонталды немесе еңкіш тау өндірісі.

2. Жер учаскесін таңдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Қойма шаруашылығын орналастыру мен транспорттық операцияларды ұйымдастыру, кәсіпорынның территориясы мен ауасының ластануынан қорғайтын әдістер мен құрылғыларды пайдалана отырып, шикізаттар мен материалды механизацияланған әдіспен беру, түсіру және тиеуді қамтамасыз етуі керек.

      4. Ғимараттың ішінде технологиялық учаскелердің (цехтардың) орналасуы, бір учаскеден (цехтан) екіншіге зиянды өндірістік факторлардың түсуінен қорғауын ескере отырып жүзеге асырылуы керек.

      5. Тау қоспасын және байыту фабрикаларының қалдықтарын тасымалдауға арналған автомобиль және теміржол магистралдары салынған тұрғын үйлер территориясынан тыс өтуі керек.

      6. Кәсіпорынның территориясындағы тұрақты жолдың (автомобиль жолдарының, жүріп өтетін жердің, жаяу жүретін жолдың) бетінің жабындысы қатты болуы, шаңнан және ластан жүйелі түрде тазаланып тұруы керек. Жылдың жылы және құрғақ мезгілдерінде жолдар сумен немесе белгіленген тәртіпте пайдалануға рұқсат етілген байланыстыратын заттардың ерітінділерімен суландырылуы керек.

      7. Қалдықтар мен егіншілік өнімдерді жинақтау, сұрыптау, тасымалдау, уақытша сақтау, оларды зарарсыздандыру және көму арнайы лайықтанған алаңшаларда, кәсіпорынның территориясының ық жағына жүргізіледі.

      8. Іс жүзіндегі ойылып кесілген кен орнын пайдаланудың таулы-геологиялық және технологиялық жағдайының өзгеруіне байланысты, кешенді шаңсыздану жобасына түзету енгізілуі керек.

      9. Зиянды өндірістік факторлармен күресуге шаралар кешенімен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта салынатын кәсіпорындарды эксплуатацияға қабылдауға тиым салынады.

      10. Көмір өнеркәсібінің нысандарын пайдалану тек санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда болады.

3. Өндірістік ғимараттарға және
имараттарға қойылатын талаптар

      11. Шахтаның үстіндегі ғимаратта, тікелей шахтаның оқпанындағы жұмысшыларды күтетін бөлмедегі ауаның температурасы +16 0 С-тан кем болмауы керек.

      12. Табиғи желдетуі жоқ өндірістік ғимараттарды орналастыруға рұқсат етілмейді. Терезедегі фрамугалар және аэрациялық күн тартарлар ыңғайлы, жеңіл ашылуы және жабылуы үшін механизмдері болуы керек.

      13. Жеке ғимараттарда немесе копрада орналасқан шахтаға көтерілу бөлмелері кондиционерлермен, вентиляторлармен, ылғалдандырғышпен жабдықталуы керек. Қабырғасының және еденінің шуды жұтатын жабындысы болуы керек.

      14. Ғимараттар мен аспалы конструкцияның қабырғасының беті тегіс және шаңның жинақталуын болдырмауы керек. Бөлменің ішкі өңделуі зиянды заттардың сорылу мүмкіндігін болғызбауы керек. Барлық бөлмелердегі ауаның параметрлері гигиеналық нормативтерінің (ГН) талаптарына сәйкес келуі керек.

      15. Интенсивті шаң бөлінбейтін, бөлмелердің қабырғалары, шаңнан айына 1 реттен кем емес тазартылуы керек. Байытылуы пневматикалық әдіспен байыту фабрикаларында, сонымен бірге көмір концентратын кептіру цехында және оны тасымалдау жолында жиыстыру аптасына 1 реттен кем емес жүргізілуі керек.

      16. Өндірістік ғимараттары мен имараттары шөгіп қалған шаңды жиыстыруға арналған жабдықпен қамтамасыз етілуі керек. Машиналарды, құрал-саймандарды және аспалы конструкцияларды шаңнан тазарту, шөгіп қалған бөлшектердің атылуының алдын-алатын әдістермен (пневмо- және гидрожиыстыру) жүргізілуі керек.

      17. Еденнің беті шаңнан жеңіл тазартылуы керек. Бөлмені ылғалды жиыстыруда және технологиялық процестер барысында түзілетін сұйықтықтың ағып кетуіне арналған канализациялық құрылғыға ылдиы болуы керек. Жабындының материалы механикалық және химиялық әсерлерге тұрақты болуы керек, зиянды заттарды сорғызбауы керек. Өндірістік бөлмелерді ылғалды жиыстыру кезінде түзілетін ұсақ ұнтақталған тау жынысты су тазартылуы керек.

      18. Бас вентиляциялық қондырғылардың бөлмесінде шудың деңгейін төмендетуге арналған шаралар жүзеге асырылуы керек. Басқару пульті дыбыс изоляциясы бар жеке бөлмеге, машиналы залдың маңына шығарылуы керек. Вентиляциялық және аспирациялық қондырғылармен, шахталық көтерілумен, уатқыштармен, гүрсілдермен басқару постылары вибрациядан және шудан оқшауланған болуы керек.

      19. Жабдықтарды басқару постылары және диспетчерлік пункттері жекелеген дыбыстан оқшауланған бөлмелерде немесе кабиналарда орналасуы керек, ондағы шудың деңгейі ГОСТ-ының талаптарына сәйкес келуі керек.

      20. Діріл шығаратын құрал-сайман орналасқан көмірді байытатын фабрикалардағы және учаскелердегі жұмысшы алаңдары, дірілді өшіретін құралдармен жабдықталуы керек.

4. Технологиялық процестерге және құрал-саймандарға
қойылатын талаптар

      21. Көмірді және жанғыш тақта тасты шығаруға және қайта өңдеуге қолданылатын технологиялық процестер, машиналар және құрал СанЕмН-ның талаптарына сәйкес келуі және машинамен жұмыс істегендегі қолайсыз факторлардың өлшемдері көрсетілген паспорты болуы керек.

      22. Шаңның түзілуімен және бөлінуімен, шудың, вибрацияның және басқа қолайсыз факторларды шығаратын барлық технологиялық процестер үшін құжаттарына сәйкес арнайы шаралар қарастырылуы керек.

      23. Ашық жолмен көмірді шығарудағы технологиялық процесті жобалау, ұйымдастыру және орындау барысында:
      1) эргономикалық және гигиеналық талаптарға сәйкес келетін тау құрал-сайманын қолдана отырып, көмірді табатын және шығаратын жұмыстарды кешенді механизациялаумен;
      2) электрлік тарту күшіне транспорттық құралдар мен механизмдерді барынша қолданумен;
      3) ойылып кесілген жердегі ауаның басым ағымының аэродинамикасын ескере отырып, жұмыс орындарын орналастырумен; жиналған шаңды басуды, ұстауды және жоюды кіргізетін кешенді шаңсыздандырумен; тау жыныстары мен көмірдің қасиеттерін, сонымен бірге басқарудың дірілді және дыбысты оқшаулайтын кабиналарымен, жұмыстың тиімді тәртібін пайдалануды ескере отырып, құрал-сайманды таңдау есебінен;
      4) шу мен дірілдің деңгейінің мүмкіндік шегін сақтаумен; санитарлық қорғау зонасынан тыс жердегі атмосфералық ауаның ластанудан қорғаумен қамтамасыз етілуі керек.

      24. Тау машиналары мен механизмдерін эксплуатациялау және модернизациялау барысында әдістемелік нұсқауларын және көмірді жер астынан шығару барысында қолданылатын жаңа тау техникасын және технологиясын гигиеналық сараптау әдістемесін басшылыққа алу керек.

      25. Күші бар нормативтерге гигиеналық және эргономикалық сипаттамалары сәйкес келмегенде, осы сәйкессіздікті шақырған себептерді жойғанша техниканы эксплуатациялауға тиым салынады.

      26. Жөндеуден кейін түсетін машиналар, механизмдер және басқа технологиялық жабдықтар күші бар стандарттарға, гигиеналық талаптары бөлімі бойынша сәйкестілігіне тексеруден өтуі тиіс және оның нәтижесі техникалық паспортқа жазылуы керек.

      27. Өндірістік құрал-саймандардың және технологиялық процестердің гигиеналық сертификаттары және паспорттары болуы керек.

      28. Әрбір технологиялық процесте ауыр қол жұмысын азайтатын немесе болдыртпайтын тек негізгі ғана емес, сонымен бірге қосымша жұмыстардың механизациялық құралдары қолданылуы керек .

      29. Бетті-активті заттар (БАЗ), қатып қалуға және желге мүжілуге қарсы көмірді өңдеуге арналған заттар, химиялық реактивтер, антифриздер және олардың ерітінділері санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудан өтуі керек.

      30. Іштен жану двигательдерінің пайдаланылған улы заттарын анықтау жүргізушінің жұмысшы орнында және транспорттың жиі жүретін жеріне жақын маңда жүргізілуі керек.

      31. Іштен жану двигателін қолдану кезінде шахталардағы және ойылып кесілген жерлердегі улы заттардың, пайдаланылған газдардың жұмысшыларға әсерінен қорғайтын шаралар жүргізу керек.

      32. Шаңды басу бойынша шараларды жүргізу кезінде ауыз суы, егерде ауыз суы болмаса немесе жеткіліксіз болса, онда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келісімімен алдын-ала тазартылған және зарарсыздандырылған басқа су көздерінің суы пайдаланылады.

5. Жер астынан көмірді шығару кезіндегі өндірістік процестерге және жұмысшы орындарына қойылатын талаптар

      33. Шахтаны жабдықтау және жер асты тау өндірісін күту бойынша жұмыстарды жүргізу РД-ға сәйкес келуі керек.

      34. Горизонталды өндіру жұмыс орнына дейінгі ара қашықтық 1 км-ден артық болса, ал ылдидағы өндіруде, сондай-ақ соңғы пункттер арасындағы айырмашылық 25 км және одан көп болғанда кісілерді міндетті түрде тасымалдау керек.

      35. Кісілерді тасымалдау үшін жылуды изоляциялайтын материалмен өңделген, қабырғасы мен орындығы қалың бөренелі, қақпағы бар жолаушы вагон арбасы қолданылады. Арнайы жұмыс киімімен жұмыс істейтін жолаушыларды тасымалдайтын транспорттың салонындағы ауаның температурасы жылдың қысқы және өтпелі кезеңдерінде +16 о С-тан төмен болмауы керек.

      36. Транспортқа жұмысшыларды отырғызатын жерлерде телефон байланысымен және транспорттың келе жатқанын хабарлайтын сигнализациямен, стационарлық жарықпен, орындықтармен жабдықталған, жылытылатын күту камералары қарастырылуы керек.

      37. Әрекеттегі штольня бөлімінің (100 м-ден алыс емес) маңындағы ауаның температурасы +16 о С-тан төмен болса, жұмысшыларды жылытатын бөлмелер, камералар немесе қуыс салынуы керек. Бұл кезде жұмысшылар сменасына бір адамға 1-2 л есебінен ыстық сусындармен қамтамасыз етілуі керек.

      38. Жұмысшылардың жүру жолындағы вентиляциялық ағыстың жылдамдығы секундына 8 м-ден жоғары болмауы керек.

      39. Кісілер тұрған тау өндіруінің ауасындағы оттегінің мөлшері 20%-тен аз, ал көміртегі диоксидінің мөлшері 0,5%-тен көп болмауы керек. Метанның мөлшері " Правила безопасности в угольных шахтах" құжатында келтірілген нормаларға сәйкес келуі керек.

      40. Кешенді-механизирленген тазарту штольняның бөліміндегі кісілердің сапырылысуына арналған және басқару органдарына кіруге болатын жолдың маңында, тіреудің арасындағы кеңістіктің кеңдігі 0,7 м-ден аз, ал биіктігі - секцияның бар кеңдігі бойынша 0,5 м-ден аз болмауы керек. Тіреудің тұрғызылған күйіндегі (түскен шегі), оның астындағы кеңістіктің биіктігі 0,4 м-ден аз болмауы керек.

      41. Жұмысшы орындары стандарттарының талаптарына сәйкес келуі керек. Ыңғайсыз жұмысшы позасында (тіземен, жатып) жұмысты атқару қажеттілігінде, жұмысшыларды жеке қорғаныш құралдарымен (тізеқаппен, шынтаққаппен) қамтамасыз ету керек.

      42. Көмірді қазып алу кезіндегі, шаңның түзілуін азайту үшін көмір сілемін алдын-ала ылғалдандыруды қолдану керек. Көмірді қазып алу кезінде көмір сілемін алдын-ала ылғалдандыру процесі тазартатын штольняның бөліміндегі қолайсыз еңбек жағдайын тудыртпауы керек.

      43. Қысым жоғары (10 Мпа-дан артық) судың ағысын қолданатын қазба және тазарту жұмыстарында көмір мен жыныстың ұсақ бөліктерінің және технологиялық судың шашырауынан жұмысшыларды қорғау шараларын қарастыру керек.

      44. Топыраққа, тіреуіштің бүйір қабырғалары мен элементтеріне шөгіп қалатын шаңнан, сонымен бірге көмір мен жыныстың төгілуінен, жер асты өндіруін ылғалды әдіспен мерзімді түрде тазарту жүзеге асырылуы керек. Оны үрлеу жолымен сығылған ауамен шаңды жиыстыруға тиым салынады.

      45. Жарылғыш жұмыстарды жүргізген кезде жарылғыш газдарды бейтараптайтын құралдарды қолдану керек.

      46. Тік түсетін қабаттарда шой балғамен көтеріліп бара жатқан иір ойықты өндіру, бүкіл этажына алдын-ала бұрғыланған скважинасымен іске асырылуы керек.

      47. Егер де шаңмен күресетін құралдар кешені жұмысшы зонасының ауасындағы шаңның мөлшерінің концентрациясының мүмкіндік шегіне (әрі қарай - КМШ) төмендетуді қамтамасыз етпесе, жеке экспозициялық дозаларды (уақытпен қорғау) реттеудің қосымша шараларын қарастыру керек.

      48. Шахтада қолданылатын арнайы сұйықтықтардың, шаңға қарсы күресуге қолданылатын химиялық қосышалардың және синтетикалық заттардың, жылуды-, гидро-, газды изоляциялайтын полимерлік материалдардың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы керек. Жұмысшы зонасындағы зиянды заттардың мөлшері КМШ-нен аспауы керек.

      49. Бетті активті заттарды (БАЗ), синтетикалық және полимерлік материалдарды дайындаумен және қолданумен байланысты барлық өндірістік процестер механизирленуі керек. Оларды орындау барысында жұмысшылар жеке қорғаныш құралдарымен (ЖҚҚ) жабдықталуы керек. Апатты жұмыстарды орындағанда полимерлік Пайдаланатын жерге материалдарды қолмен түсіруге болады. Синтетикалық және полимерлік материалдардың бастапқы шикізаттары жабық ыдыста жеткізілуі керек.

      50. Жер асты өндіруінде сменасына немесе бір жұмысшы күніне, бір реттік тапсырманы орындауға қажет синтетикалық және полимерлік материалдар компоненттерінің мөлшері сақталынуы керек. Бастапқы компоненттердің қалған мөлшері беткейде орналасқан қоймада сақталуы керек. Синтетикалық және полимерлік материалдар компонентінің әр партиясының сертификаты мен паспорты болуы керек.

      51. Синтетикалық және полимерлік материалдардың бастапқы компонентері зауыттың ыдысында сақталуы және тасымалдануы керек. Олардың әр партиясы белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етіледі.

      52. Тау сілемдеріне синтетикалық материалдарды басып тығыздағанда, тау жыныстарын қопару үшін бұрғылап, тесіп қопарғыш затпен толтырылатын қуыстың скважинасын химиялық қаланған тастарды темірмен ұстастырғанда герметизациясы тығыз болуы керек. Жұмысшылар вентиляциялық ағыстың қимылы бойынша желдің ық жағында болуы керек. Химиялық қаланған тастарды ұстастырған темір скважинасынан гидроысырмасын шығару синтетикалық материалдың қатаюынан кейін жүргізілуі керек.

      53. Мүмкіндік шегіне дейін жұмыс орындарында шу мен вибрацияның деңгейін төмендетуді технологиялық және инженерлік-техникалық шаралар қамтамасыз ете алмаса, жеке қорғаныш құралдары қолданылуы тиіс, сонымен қатар экспозициялық дозасын реттеу арқылы жұмысшылардың денсаулығын қорғау және сменадан кейінгі медициналық реабилитация жүргізілуі керек.

      54. Жаңадан сатып алынған электровоздардың машинистерінің кабинасы сыртқы шудан, қолайсыз микроклиматтан және жергілікті вибрациядан қорғалуы керек.

      55. Қосалқы шу- және дірілді активтендіретін құрал-саймандарды (насостарды, вентиляторларды, ауаны салқындататын қондырғыларды) жұмысшы зонасынан тыс орналастыру керек.

      56. Дизельді двигательді машиналар өз уақытында техникалық қызметтен өтуі керек. Дизельді двигательдер тұрақты физикалық, химиялық және токсикологиялық сипаттамадағы отынмен жұмыс істеуі керек.

      57. Шахтада қолданылатын әр дизельді двигательге пайдаланылған зиянды заттың концентрациясына және двигательдің максималды қуаттылығына байланысты, жұмыс орнына берілетін таза ауаның минималды көлемі анықталуы керек. Бұл сипаттамалары анықталмаған двигательді қолдануға тиым салынады.

      58. Есту органын жеке қорғайтын құралсыз превматикалық перфораторлармен бұрғылау, пневматикалық ауыр жүк көтеретін шығырды басқару, поршеньде және турбокомпрессорларда жұмыс істеуге тиым салынады. Химиялық қаланған тастарды ұстастырған темірді бұрғылау үшін, локальды вибрация бойынша талаптарды қанағаттандыратын құралдар қолданылуы керек.

      59. Шахтаға түскенде әр жұмысшыға берілетін жеке шырақтың құрылымы үздіксіз жұмыстың 10 сағаты бойына атқарылатын еңбек операциясына қажет жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс, ұстауға ыңғайлы, электролиттің шығуын және оның жұмысшының киімі мен терісіне түсу мүмкіндігін болғызбауы керек.

      60. Шахталық қондырғылардың негізгі және профилактикалық жөндеу жұмыстары ремонтты-механикалық шеберханалардың, цехтардың немесе заводтардың беткейлерінде өткізілуі керек.

      61. Жөндеу жұмысының басталуында құрал-саймандар көмірлі-жынысты шаңнан және жұмысшы сұйықтығынан тазартылуы тиіс, ал қажет болғанда - зиянсыздандырылуы керек. Құрал-сайманды тазарту әдісі жұмысшыларға зиянды заттардың әсерін болғызбауы керек.

      62. Жер асты өндірулерінде күнделікті жөндеу жұмыстарын орындау барысында, көп еңбекті қажет ететін операциялардың бәрі механизирленуі керек. Құрал-сайманды жөндеуге тағайындалған барлық цехтарда, салмағы 20 кг-нан артық детальдарды тасымалдау барысында маханизация құралдарымен (тельферлермен көтергіштермен, ауыр жүк көтеретін шығырлармен) жабдықталуы керек.

      63. Құрал-саймандарды, соның ішінде жер асты өндіруінде жөндеу барысындағы дәнекерлейтін жұмыстар "Санитарные правила при сварке, наплавке и резке металлов" СН-ның, сонымен бірге "Инструкция по ведению огневых работ в подземных выработках и надшахтных зданиях" құжатының талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.

      64. Гидротіреуді және штольняның бөлімінің құрал-саймандарын жөндейтін учаскелерде құрама сиымдылықта эмульсияның және майдың қалдық ағынымен шайындының затын сорғызбайтын, еден құрылғысын қарастыру керек.

6. Ашық әдіспен көмірді шығарудың технологиялық
процесіне және жұмысшы орнына қойылатын талаптар

      65. Ашық тау өндіруді күту және ойылып кесілген жердің жабдықтары бойынша жұмысты жүргізу "Единые правила безопасности при разработке месторождений полезных ископаемых открытым способом" құжатының талаптарына сәйкес келуі керек.

      66. Пайдаланылған газын тазартусыз және бейтараптау құралдарының тиімсіздігі кезінде іштен жану двигательдерін ойылып кесілген бөлімнің машиналарында қолдануға тиым салынады. Бейтараптайтындар және тазарту құралдары КМШ-нен аспайтын деңгейде жұмысшы зонасының ауасындағы зиянды заттардың мөлшерін қамтамасыз етуі керек.

      67. Автомашиналардың жүру кестесі жұмысшы алаңшаларында, таудың кертпешінде, жолдың учаскесінде двигательдермен жұмыс істейтіндермен олардың жиналуына жол бермеуі керек. Үлкен салмақты самосвалдардың (10 т және одан жоғары) арасындағы минималды арақашықтық 30 м-ден аспауы керек. Тиеу жұмыстарын істегенде, тиейтін жерге транспорттың келуіне ілмекті жүйе қолданылуы керек.

      68. Шаң бөлінетін экскаваторлық және тиейтін жұмыстарда сумен немесе БАЗ-дың ерітінділерімен тау сілемдерін ылғалдандыру немесе суландыру қолданылуы керек. Пайдаланылған газды тазартатын құралдары жөнделмеген болса, дизельді двигательді автотранспортты эксплуатациялауға тиым салынады.

      69. Жарылғыш заттар (ЖЗ) гранула түрінде қолданылуы керек, улылық әсерін және оларды таңдағанда-жарылғыш газдың аз мөлшерінің пайда болуы мүмкіндігін ескеру керек.

      70. Скважиналарды зарядтау және штольняның бөлімін, сонымен бірге зарядты машиналарға ЖЗ-ы тиеу механизирленуі керек. Зарядты машиналармен және механизмдермен жұмыс істегенде шаңды басатын және шаңды ұстайтын құралдар қолданылуы керек. Жұмыс істейтіндер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі керек.

      71. Скважиналарды және химиялық қаланған тастарды ұстастырған темірді бұрғылау шаңды құрғақ ұстаумен немесе оны сумен басумен жүзеге асыру керек.

      72. Самосвалдың шанағына, вагонға және тасымалдайтын лентаға салынған тау сілемдері жылдың жылы мезгілінде суландыруы керек. Тиейтін алаңды суландыру шырағы жабуы керек.

      73. 100 м-ден артық тереңдіктегі ойылып кесілген жердің іркілмелі зонасындағы жұмысшы орындарында газдың жинақталуындағы ұзақ уақытты инверсиялар мен желсіз күндерде, арнайы құрылғыларды қолданатын жасанды вентиляция қарастырылуы керек.

      74. Ауаның алмасуын жақсарту үшін ойылып кесілген жерлерде ауаның табиғи ағымын реттеп, бағыттайтын және қорғайтын аэродинамикалық құрылғылар қарастырылуы керек.

      75. Кесінділерде қолданылатын тау машиналарының кабиналары стандарттарының талаптарына сәйкес келуі керек.

      76. Экскаваторлардың, жер снарядтарының кабиналарында тағамды сақтауға және ішуге арналған шкафқа (үстелдің), электрплитасының алаңына, суға арналған термостың, аптечканың , алғашқы көмектің, қолжуғыштың орнын қарастыру керек.

      77. Люминесцентті жарық қондырғыларынан шығатын жарық пульсациясының коэффициенті 20%-тен аспауы керек. Стационарлы жарық қондырғыларын эксплуатациялағанда жұмыс істейтін зонада стробоскопиялық әсерді төмендетуге бағытталған техникалық шаралар қарастырылуы керек. Кабинаның әйнектелген бөлігінің ашылуға және тығыз жабылуға бейімделген тетігі болуы керек.

      78. Шаңды төмендетуге және машинаның кабинасындағы микроклиматтың мүмкіндік параметрлерін жасау үшін есіктер мен терезелерді тығыздау қажет және ауаны тазартуға, жылытуға және салқындатуға арналған қондырғыны қолдану керек.

      79. Жұмысшы зонасының ауасындағы шаңның мөлшері, шу мен вибрацияның деңгейі КМШ-нен және ДМШ-нен аспауы керек.

7. Байытатын және брикетті фабрикалардың технологиялық
процестеріне және жұмысшы орындарына қойылатын талаптар

      80. Технологиялық процестерді дистанциядан басқаруға арналған, тұрақты жұмыс орындары шуды және дірілді изоляциялайтын, микроклиматтың, ауадағы шаңның мөлшерінің және улы заттардың мүмкіндік параметрлерін қамтамасыз ететін кабиналарда орналасуы керек.

      81. Уататын-сорттайтын, тасымалдайтын және байытатын құрал-саймандардан шығатын шудың және дірілдің деңгейін төмендету, оның пайда болу көзінде (дірілді изоляциялайтын фундаменттер, амортизаторлар, дыбысты изоляциялайтын қаптамалар, баспаналар), таралу жолында (экрандар, қоршаулар, фундаменттегі қазу), жұмыс істейтін зонасында (діріл изоляцияланған алаңшалар, орындықтар, кілемшелер, дыбысты изоляциялайтын кабиналар) жоюға, сонымен қатар ЖҚҚ-ын (шуға қарсы құлақшындар, дірілді сөндіргіш аяқ-киімдер мен қолғаптар) қолдануға негізделіп жүргізілуі керек.

      82. Уататын жерде, тасымалдайтын лентада, гүрсілде шикізат пен дайын өнімді тиейтін, түсіретін және аударып салатын орындар аспирациялық баспаналармен және шаңданбайтын жүйелермен жабдықталуы керек, ондағы жұмыс технологиялық жабдықтардың жұмысымен бірлесуі керек. Ол жұмыс басталудан 3-5 минут бұрын және жұмыс бітуден 5 минут бұрын аспирациялау және шаңсыздандыру жүйелерінің қосылуын қамтамасыз етуі керек.

      83. Көмірді қабылдайтын, кептіретін және дайын өнімді тиейтін учаскедегі, пневматикалық сепарациядағы, бөлектеу алдындағы көмірді құрғақ жіктеу және шаңсыздандыруда жүзеге асырылатын, шаңға қарсы шаралардың кешені жұмысшы зонасының ауасындағы шаңның концентрациясын КМШ-і деңгейінде ұстап тұруын қамтамасыз етуі керек.

      84. Шаң түзетін қабілеті бар көмірді байытқан кезде, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен заттарды, шаңды байланыстыратын қосымша ретінде қолдануға болады. Канцерогендік және мутагендік әсері бар заттарды көрсетілген мақсатта қолдануға тиым салынады.

      85. Суспензияны даярлайтын барлық технологиялық операциялар қатты ортада байыту үшін қолданылатын тығыздығы жоғары минералды ұнтақ бөліктерінің жұмысшы зонасына түсуін болғызбау мақсатымен, ауаны кіргізетін және шығаратын вентиляциямен жабдықталған баспаналарда жүргізілуі керек.

      86. Жанаспалы күбілерге, флотациялық машиналарға реагенттерді беру жүйесі жабық коммуникацияларда жүзеге асырылуы тиіс және еденге реагенттердің түсуінен қорғауды қамтамасыз етуі керек. Флотомашинаның науасының бүйірі арқылы көбіктің және пульпаның шашылуынан және төгілуінен сақтайтын шаралар қарастырылуы керек.

      87. Реагенттердің, флотацияның, регенерацияның, сорбцияның, кептіретін және зиянсыздандыратын бөлімшелердің бөлмелерінде ауадағы зиянды газдардың мөлшеріне бақылау жасалуы керек.

      88. Қатты орталарда байыту үшін қолданылатын тығыздығы жоғары минералды ұнтақтардың шаңының жұмысшыларға әсер ету мүмкіндігінен қорғау мақсатымен, олардың суспензиясын даярлайтын операциялардың барлығы, ауаны жергілікті шығаратын вентиляциямен жабдықталған, жабық жабдықтарда жүзеге асырылуы керек.

      89. Ашық сулы беткейлі жабдықтарда (бөлектейтін машиналарда, флотациялық машиналарда, құрғатқыш аппараттарда, гидроциклондарда) жұмыс істейтіндер гидроаэрозольдің шашырауынан қорғалуы керек. Мұндай бөлмелердегі салыстырмалы ылғалдылық жұмысшы зонасы үшін анықталған шамадан аспауы керек.

      90. Гүрсілдеу, руданы бұрғылау кезінде түзілетін ұсақ ұнтақталған тау жынысын центрифугада уату және сусыздандыру учаскелерінде, дыбысты изоляциялайтын кабиналардан технологиялық процестің барысына бақылауды қамтамасыз ету керек. Насосты қондырғының гүрсілдеткіштері, уатқыштары, сепараторлары, фильтрлеушілері, машинистері, темір ұсталары жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі керек.

      91. Технологиялық жабдықтарды топтап орналастыру жағдайында, жұмысшыларды шудан қорғау шаралары бөлменің акустикалық қасиеттерімен және қасында тұрған құрал-сайманның шулы сипаттамалары есебінен дыбыстың деңгейінің жоғарылау әсерін ескеруі керек.

      92. Флотореагенттерді және флокулянттарды қолдану кезінде КМШ-нен асатын концентрациядағы жұмысшы зонасының ауасына улы компоненттердің бөліну мүмкіндігін жою керек. Ерітіндіні дайындайтын жұмысшылар, тыныс алу органдары мен тері жабындыларын химиялық заттардан қорғайтын жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі керек.

      93. Ауыр салмақты жүкті қолмен көтергендегі және тасымалдағандағы әйелдерге арналған шамасының мүмкіндік шегі: басқа жұмыспен кезектесіп, ауыр салмақты жүкті көтеру және тасымалдау (сағатына 2 ретке дейін) - 10 кг, жұмыс сменасы бойына ауыр салмақты жүкті көтеру және тасымалдау - 7 кг құрайды.

      94. Байыту фабрикаларының реагентті бөлімшелері мен флотация бөлімшелеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын құралдар флотореагенттерден тазартылуы керек.

      95. Тау жұмыстарын және пайдалы қазбаларды байыту жұмыстарын жүргізгенде "Охрана природы. Атмосфера. Правила контроля качества воздуха населенных пунктов", "Охрана природы. Почвы. Классификация химических веществ для контроля загрязнения" ГОСТ-тарының талаптарына сәйкес және көмір өндіретін кәсіпорынның ағынды суларымен ластанудан су қоймаларын санитарлық қорғау барысында су ресурсының, жердің рельефінің, топырақтың және атмосфераның сақталуына арнайы шаралар қабылдануы керек.

      96. Көмір өндіретін кәсіпорынның тазарту имараттарының жобаларында коагулянттардың және флокулянттардың пайдалануын негіздеп, ағынды суларды тұндыру уақытының есебі көрсетілуі керек. Ағынды суларды тазарту имараттарын эксплуатациялауға жіберуге дейін технологиялық құрал-саймандарды іске қосуға тиым салынады.

      97. Байыту және брикет фабрикаларындағы байыту процестерінде қолданылған соң, шахталар мен ойылып кесілген жерлерден тартып шығарылған ағынды суларды су қоймаларына ағызу, судағы өлшенген және еріген заттарға лабораториялық бақылаумен оларды тиімді тазарту және зарарсыздандырудан соң ғана рұқсат етіледі.

      98. Шаруашылық мұқтаждығына және топырақты суғаруға қолданылатын шахта суы микроэлементтердің көп мөлшерінен тазартылуы және зарарсыздандырылуы, деминерализациялануы, нейтрализациялануы керек. КМШ-і белгіленбеген флокулянттарды және басқа химиялық заттарды су қоймаларына ағызуға рұқсат етілмейді.

      99. Көмір кәсіпорнының беткей ағынды сулары, өндірістік бөлмелердің еденінің шайындылары ағызудан бұрын локальды тазартылуы немесе тазарту имараттарына жіберілуі керек.

      100. Шахтадағы шаңмен және жану өнімдерімен атмосфералық ауаның ластануының алдын-алу мақсатымен тау жынысының үйіндісінің өздігінен жануын және оның жел эрозиясын болдырмау үшін тиімді шаралар қабылдануы керек. Пайдаланылған тау жынысының үйінділері ГОСТ-ына сәйкес культивациялануы керек.

      101. Шахталардың, ойылып кесілген жерлердің, байыту фабрикаларының қатты қалдықтарын өндірістің басқа салаларында қолдану тек Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдарының келісімі бойынша мүмкін.

      102. Теміржол вагондарында және платформаларда көмірді тасымалдау кезінде оны төгіп алмауын және шаңның ұшуын болдырмайтын шаралар қарастырылу керек.

      103. Көмірді және тау жынысын арқанды жолмен, автомобильдермен, конвейерлермен немесе рельсті транспортпен шығарғанда, оларды белгіленбеген жерге түсіруге және жинауға тиым салынады.

8. Әкімшілік-тұрмыстық бөлмелерді орналастыруға және
санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз етуге
қойылатын гигиеналық талаптар

      104. ӘТК-ның құрамында тағайындалуы арнайы санитарлық-гигиеналық және медициналық-профилактикалық бөлмелер: денсаулық пункттері, фотариилер, ингаляторлар, моншалар, сауналар, душтар, діріл беретін құралдармен жұмыс істейтіндерге қол ванналарын қабылдайтын бөлмелер, әйелдердің жеке гигиенасы бөлмесі, киімді шаңсыздандыратын камерелар, кір жуатын бөлмелер және профилакторийлер қарастырылуы керек.

      105. ӘТК-тар шахтаның оқпанына (штольня) жылытылатын және жарығы бар жабық шығатын жерімен немесе фабриканың бас корпусымен бірігуі керек, ол бойынша жұмысшыларды төмен түсіріп және жоғары шығарады.

      106. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелері санпропускник типінде жасалуы, артқы қабырғаға әр кабинадан сабынды судың ағуын қамтамасыз ететін едені болуы тиіс, душқа қажет заттарды орналастыруға сөрелермен, аяқты өңдеуге және шаюға арналған үстелшелермен және суды ағызатын кілемшелермен жабдықталуы керек.

      107. Душ бөлмелерін ең көп сменада 5 кісіге 1 душ есебінен жасау керек. Кісілер жуынуға берілетін су "Санитарно-гигиенические и противоэпидемические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения" СанЕмН-ның талаптарына сәйкес келуі керек. Ыстық судың минималды температурасы +37 0 С-тан кем болмауы керек.

      108. Ашық ойылып кесілген жерде демалуға арналған стационарлы бөлмелері душ қондырғыларымен жабдықталуы керек. Жазғы уақытта жұмысшы орнынан 75 м-ден алыс емес, күннен сақтану үшін құрылған қалқада орналасқан, астында қосымша демалу орынымен жабдықталуы керек.

      109. Ашық ауада, орманның қоймасында, жылытылмайтын бөлмелерде, шахтаның оқпанын салуда жұмыс істейтіндер үшін, сонымен бірге жұмысшы орнындағы ауаның температурасы +10 0 С-тан кем болған барлық жағдайларда, аяқ пен қолды жылыту үшін арнайы құрылғылармен, киім ілгіштермен, қолғаптарды кептіретін құрылғылармен жабдықталған жұмысшылардың демалуына және жылынуына арналған арнайы бөлмелер қарастырылуы керек. Бөлмелер ауыз суымен және қайнаған сумен қамтамасыз етілуі керек.
      Жылдың қысқы және өтпелі кезеңдерінде бұл бөлмелердегі ауаның температурасы +22-ден +24 0 С-қа дейін, ал ауаның қозғалу жылдамдығы секундына 2,2 м-ден аспауы керек.

      110. Киім ілетін бөлмелер жұмыс және үй киімін жеке сақтауға арналған шкафтармен жабдықталуы керек. Ондағы шкафтар мен киім ілгіштің орналасуы бөлмені жиыстыруды, дезинфекциялауды және дезинсекциялауды ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік беруі керек. Киім ілгіште ылғал киім үшін кептіргіштер қарастырылуы керек.

      111. Жуынатын және киім ілетін бөлмелердің едені, қабырғасы және құрал-саймендары смена сайын жиыстырылуы және дезинфекциялануы керек. Жуынатын бөлмелердің кіре берісінде "Инструкция по проведению дезинфекционных мероприятий при грибковых заболеваниях (микозах) стоп и кистей" құжатына сәйкес жазғы жеңіл аяқ-киімді әр кез қолданғаннан кейін дезинфекциялау үшін ванна құрылғысы болуы керек.

      112. Жуынатын бөлмеде жұмысшылар әр қолдануы алдында дезинфекцияланатын сабынмен, жуыну жөкесімен, сүлгімен және монша аяқ-киімімен қамтамасыз етілуі керек. Душта жұмыс істейтін кісінің аяқ киімі мен монша аяқ киімі жеңіл жуылатын материалдан дайындалуы керек және дезинфекцияланатын құралдарды пайдалана отырып, смена сайын дезинфекциялануы керек.

      113. Кір жуатын және химиялық тазарту бөлмелерінде арнайы киімді және аяқ киімді жуу тәртібін белгілейтін нұсқау болуы керек.

      114. Киімді кептіруге арналған киім ілгіштің ауасындағы шаңданудың мөлшеріне бақылау кварталына 1 реттен сирек жүргізілмеуі керек.

      115. Респираторлық бөлім шаңнан фильтрді тазартуға арналған қондырғымен және оның кедергісін бақылаумен, жартылай маскілерді жууға, дезинфекциялауға және кептіруге арналған құралдармен жабдықталуы керек.

      116. Алыс учаскелердегі штольня бөлімінің магистралды және уақытша конвейерлерде, бұрғылау станоктарын және басқа механизмдерде істейтін және жолдағы жұмысшылар үшін жылытудың жылжымалы пункттері қойылуы керек. Жылыту пункттерінен жұмыс орнына дейінгі қашықтық 300 м-ден аспауы керек.

      117. Қосалқы бөлмелерде, шахталардағы және байыту фабрикаларындағы ыстық тамағымен немесе сусындарымен асханалар, болмаса буфеттер, сонымен бірге жеке термостаттар мен жеке пакеттерге тамақ пен сусынды дайындап беретін және орайтын бөлме қарастырылуы керек.

      118. Асхананы 300 м-ден артығырақ орналастырылған ойылып кесілген жерде, қысқы уақытта демалатын бөлмелерде қосымша тамақ ішетін бөлме жабдықталады, онда қолды және ыдыс-аяқты сақтауға арналған шкаф қарастырылады.

      119. Көмір өндірісінің барлық кәсіпорындарында денсаулық пункті ескерілуі керек, ол қажетті медициналық аспаптармен, жедел және алғашқы медициналық жәрдемді көрсету үшін таңу материалдарымен қамтамасыз етілуі керек.

      120. Пласт өндіретін шахталардың 500 м және одан да көп тереңдікте жер асты денсаулық пункті ескерілуі керек.

      121. Жұмыс жүріп жатқан дайындық және тазартатын штольняның бөлімінің жұмыс орындарына экстренді көмек көрсетуге қажет ылғал түсуден қорғалған зембілдер, медициналық препараттар және дәрілер жинақталынған аптечкалар (150 м-ден алыс емес) жақын болуы керек.

      122. Жұмысшыларға фотарий құрылғылары мен жабдықтары және ультракүлгін сәулелену ұйымдастырылғанда "Указания к проектированию и эксплуатации установок ультрафиолетового облучения на промышленных предприятиях" құжатының талаптары ескерілуі керек.

      123. Баған маңындағы жер асты өндірісінде және жер асты транспорттарын күтетін жерде станциялы дәретханалар қойылуы керек. Оларды тегіс бетондалған еденді қуыс камерада орналастыру керек және ол стационарлық жарықпен және қолжуғышпен жабдықталуы қажет. Лас-былғанышты қабылдайтын ассенизациялық вагон-арба қолданған жөн. Вагон-арбаның қабылдайтын люгі жеңіл ашылуы және тығыз жабылуы керек. Жер асты дәретханасы люфтклозеттің негізінде жұмыс істеуі керек. Станциялы дәретханалардан алыс және жұмысшы саны үш кісіден көп алыс учаскелер үшін, жылжымалы дәретханалар қойылуы керек. Жылжымалы дәретханалардың құрылысы әкелуге және тазалауға ыңғайлы қамтамасыз етілетін құрылымы жабық болуы керек.

      124. Жер асты дәретханаларынан ассенизациялық вагон арбаларды толуына байланысты, аптасына 1 реттен сирек емес, биологиялық тазарту қондырғылары әрі қарай тазартатын арнайы жасалған төгетін (құятын) пунктіне сыртқа көтеру керек.

      125. Ойылып кесілген жердегі жұмыс учаскелері жұмыс орнынан 100 м-ден алыс орналаспаған люфтклозет типіндегі жылжымалы дәретханалар қамтамасыз етілуі керек. Лас былғаныш қабылдағышына аптасына 1 реттен кем емес тазарту жүргізілуі керек.

      126. Жабдықтардың сыртқы бетін дезинфекциялайтын жер асты және жер беті дәретханалары күнделікті жиыстырылып тұруы керек.

      127. Ассенизациялық жұмыс істейтіндерге жұмыс киімді, жеке киімді, аяқ киімді сақтайтын бөлімдері бар душ, жылы суы бар қолжуғыш және дезинфекциялайтын заттары бар санитарлық тораптар ескерілуі керек. Жұмыс киімдерін сақтайтын бөлмеде ауа кіргізетін және оны шығаратын вентиляциясы болуы керек.

9. Вентиляция мен жылытуға қойылатын талаптар

      128. Жер асты тау өндірісі механикалық тарту күші бар тұрақты жұмыс істейтін вентиляциямен қамтамасыз етілуі керек.

      129. Барлық вентиляциялық қондырғалыр тиімділігіне сыналуы керек. Сынаудың және дайындаудың нәтижелері бойынша әр вентиляциялық жүйеге паспорт толтыру керек. Вентиляциялық қондырғыны сынаудың, реттеудің және дайындаудың тәртібі ССБТ ҚНмЕ-нің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы керек.

      130. Вентиляциялық жабдықтарды, ауаны тазартатын құрылғыларды таңдағанда, сонымен бірге баспаналарды жобалау барысында шығуы мүмкін шаңның бөліну параметрлерінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс және тығыз емес жерлер арқылы компенсациялайтын орынға (толтыратын) аспирациялық ауаның 10%-тік қоры қарастырылуы керек. Аспирациялық қондырғының өнімділігін, барлық жергілікті соратын бір мезгілдегі қолайлы жұмысына есептеу керек.

      131. Шахтаға, өндірістік бөлмелерге және АБК-ға механикалық вентиляция жүйелерімен берілетін ауаның құрамындағы шаң мен улы заттардың мөлшері жұмысшы зонасының ауасындағы концентрациясының мүмкіндік шегінің 30%-інен аспауы керек.

      132. Өндірістік бөлмелердегі айтарлықтай шаң бөлетін жылыту приборларының тазалауға ыңғайлы болуы үшін беті тегіс болуы керек.

      133. Ғимараттар мен имараттарды жылыту үшін қосымша өндірістік зияндылық тудырмайтын жүйелер, приборлар мен жылу таратушылар қарастырылуы керек.

      134. Жылытылмайтын өндірістік бөлмелерде, жылдың қысқы және өтпелі кезеңдерінде жұмыс істейтіндерді жылытуға арналған учаскелер жабдықталуы керек.

10. Жарыққа қойылатын талаптар

      135. Жер асты тау өндірісінде жұмыс істейтін кісілерді үздіксіз жұмыстың 10 сағаты бойына бақылау объектілерінінің жеткілікті жарығын қамтамасыз ететін жеке аккумуляторлы шырақтармен жабдықталуы керек. Пайдалану барысында олардан электролиттің шығу және жұмысшының терісі мен киіміне түсу мүмкіндігін ескеру керек.

      136. Ашық кесінділердің машиналары мен механизмдерінің кабиналарында, бұрғылау, тиеу, жеткізу техникасы орындарында, темір жол және автомобиль жолдары арқылы жұмысшылардың өтетін жолдарында, ғимараттар мен имараттардың бөлмелерінде, сонымен қатар жұмысшылар қозғалысының тұрақты жолдарында стационарлық жарық беретін қондырғалар орнатылуы керек.

      137. Стационарлы жарық беретін қондырғыларды эксплуатациялау барысында өндіріс зонасында стробоскопиялық әсерін төмендетуге бағытталған техникалық шаралар қарастырылуы керек.

      138. Люминисценттік қондырғылар тудыратын жарықтың пульсациясының коэффициенті 20%-тен аспауы керек.

      139. Кәсіпорындарда пайдаланылған газоразрядты лампыларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған бөлмелер, сонымен бірге май шамдарды жөндейтін және тазалайтын шеберханалар бөлінуі керек.

      140. Тұрмыстық және қосалқы бөлмелерде, сонымен бірге дәлдігі аз жұмыстар жасалатын бөлмелерде қыздыру лампыларын қолдануға болады.

11. Жеке қорғаныш құралдарына қойылатын талаптар

      141. Құрал-саймандардың құрылымымен, өндірістік процестерді ұйымдастырумен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен еңбектің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін жағдайда жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) қолданылуы керек. ЖҚҚ-ынсыз, сонымен бірге антисанитарлық жағдайдағы және ақауы бар ЖҚҚ-ымен жұмысшылар мұндай жұмыстарды атқаруға жіберілмейді.

      142. Жұмысшы зонасындағы ауаның шаңдануы жоғары жағдайдағы көмір өндіретін кәсіпорында жұмыс істейтіндер "ССБТ. Средства индивидуальной защиты органов дыхания" ГОСТ-ының талаптарына сәйкес, респираторлармен қамтамасыз етілуі керек. Техникалық сипаттамалары Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген респираторлардың түрлерін ғана пайдалануға рұқсат беріледі.

      143. Интенсивті шудың әсеріне ұшырайтын жұмысшылар ССБТ. талаптарына сәйкес жеке қорғаныш құралдарын қолдануы керек. Жеке қорғаныш құралдарын таңдау барысында акустикалық тербелістердің спектралды сипаттамасын ескеру керек.

      144. АБК-ның бөлмелерінде, табельдік нөміріне сәйкес әр жұмысшыға бекітілген шаңға қарсы ЖҚҚ-ын сақтау, беру және тазартудан басқа, оның хал-жайы мен жұмысқа жарамдылығына бақылау жүзеге асырылуы керек. Жартылай маскілер мен шаңға қарсы респираторлар күнделікті жуылуы және дезинфекциялануы керек. Шаңға қарсы ЖҚҚ-ның кедергісін тексерумен, фильтрін тазартуды әр жұмысшы сменасынан соң жүргізу керек. Респиратордың фильтрі минутына 30 л жылдамдықтағы ауаның стационарлы ағынында, су бағанының 10 мм-лік кедергісіне жеткенде алмастырылуы керек.

      145. Қорғаныш көзәйнектері, экрандар мен қалқаншаларды ластануына байланысты таза сумен шайып жуып, +40 0 С-тан жоғары емес температурада кептіру керек.

      146. Шуға қарсы құралдардың және шуға қарсы қосымшалардың ластанған беттерін әр кез қолданған сайын ылғалданған тампондармен немесе сабынды жылы сумен сүрту керек.

      147. Каскілерді ішкі жабдығынан ажыратпай күнделікті жылы сумен жуу және айына бір рет дезинфекциялау керек. Белгіленген тәртіпте пайдалануға рұқсат етілген құралдар каскілерді дезинфекциялауға қолданылуы керек.

      148. Арнайы жұмыс киімі күнделікті кешенді өңделуі: сырт киім - ылғалды шаңсыздануы немесе химиялық тазартылуы, іштен киетін киім - жуылуы керек. Жоғарғы арнайы жұмыс киімін өңдеу жиілігі - айына үш реттен кем емес, ал іштен киетін киім - күнделікті. Әр жұмыс сменасынан кейін, арнайы жұмыс киімі шаңсыздандырылуы және кептірілуі керек. Судан қорғайтын арнайы жұмыс киімі 50 0 С-тан жоғары емес температурада кептірілуі керек. Сүлгілер, каскінің астынан киетіндер, шұлғаулар - әр қолданған сайын ауыстырылуы, жуылуы және дезинфекциялануы керек. Тері-іріңдік және саңырауқұлақ ауруларының алдын-алу және емдеу үшін микробқа қарсы матадан іш киіммен қамтамасыз етілуі керек.

      149. Арнайы жұмыс аяқ киімі айына екі реттен кем емес дезинфекциялайтын заттарды қолдана отырып (15 мин. бойына хлорамин Б-ның 5%-ті ерітіндісімен немесе фитонның 1%-ті ерітіндісімен), жуылуы, ылғалданған аяқ-киім - смена сайын кептірілуі керек. Кептірілгеннен соң теріден жасалған аяқ киімге, арнайы мазь жағылады.

      150. Терінің іріңді аурулары және саусақтары мен табанының саңырауқұлақ аурулары бар науқастардың арнайы жұмыс киімі хлорамин Б-ның 5%-ті ерітіндісімен немесе басқа дезинфекциялайтын құралдармен күнделікті дезинфекциялануы керек.

12. Ауыз суымен қамтамасыз етуге және тамақтануға
қойылатын талаптар

      151. Салқындатылған және қыздырылған микроклимат жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылардың су балансы бұзылысының алдын-алу үшін, денсаулық сақтау органдары ұсынған ыстық және салқын сусындармен (шәйлармен, кептірілген жемістерден жасалған қайнатпалармен, газдалған сулармен және басқаларымен) қамтамасыз етілуі керек.

      152. Жер асты өндірісінде жұмыс істейтіндер сыйымдылығы 0,75 л-лік құтылармен немесе сынбайтын термостармен қамтамасыз етілуі керек. Суға және сусындарға арналған ыдыстар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық сәттілігі саласындағы өкілетті органдар рұқсат еткен материалдардан дайындалуы және көмір қышқылының (Н 2 СО 3 ) әсеріне тұрақты болуы керек. Айналымдағы ауыз суына арналған ыдыстардың (сыйымдылықтардың) саны, олар қамтамасыз ететін жұмыс орнының санынан екі есе көп болуы керек. Құтылардың және термостардың жуылуы мен сақталынуы орталықтандырылған болуы керек.

      153. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарда суды сыйымдылыққа жинайтын арнайы крандармен жабдықталуы керек. Жер асты тау жұмысшыларының ауыз суымен қамтамасыз етілуі "Питьевой режим шахтеров" әдістемелік нұсқауына сәйкес ұйымдастырылуы керек.

      154. Ойылып кесілген жерлерде жұмыс істейтіндер әрекеті фонтан тәрізді крандар бар жабық ыдыстармен жеткізілетін сумен қамтамасыз етілуі керек. Суы бар ыдыстар жылдың қысқы мезгілінде жылытылатын арнайы бөлмелерге орнатылуы керек. Пункттердегі ауыз суының температурасы +20 0 С-тан жоғары және +8 0 С-тан төмен болмауы керек.

      155. Айналымдағы ыдыстардың саны, олар қамтамасыз ететін жұмыс орнының санынан екі есе көп болуы керек. Шахталар мен ойылып кесілген жерде ауыз суы құйылған ыдыстың 30%-тік қоры қарастырылуы керек.

      156. Жер бетіндегі шахталардың асханаларын күтіп ұстау және пайдалану, сонымен бірге азық-түліктердің кулинарлық өңдеуі және сатылуы нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2526 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілденің Қоғамдық тамақтандыру объектіліріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы N 569 бұйрығына сәйкес болуы керек.

      157. Тамақтанудың жер асты пункттері болғанда, түскі ас жер асты асханасында әзірлене салысымен, термосқа салынуы керек. Дайын тағамы бар термостар салынғаннан соң 1-2 сағ. асырмай тамақтану пункттеріне жеткізілуі керек. Тарату кезінде бірінші ыстық тамақтардың температурасы 60 0 С-тан төмен, екіншінікі - 50 0 С-тан төмен, ал суықтыкі - +14 0 С-тан төмен болмауы керек.

      158. Шахтерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін, тікелей көмір шахтасының өндірісінде таза ағыстар, жұмыс орнының екі жағынан 15-20 минуттық жаяу жүретін жерде іс жүзіндегі "Санитарно-гигиенические требования к подземному пункту общественного питания" Санитарлық Ережелері мен Нормаларына сәйкес шахтерлердің жер асты тамақтану пункттері жасалуы керек.

      159. Шахтадан қайтарылған ыдыстарды және заттарды санитарлық өңдеу жер асты асханасында жүргізіледі.

      160. Калориялығы бойынша жұмысшылардың емдік-профилактикалық тамақтануы тағамдық заттармен, витаминдермен және биологиялық активті микроэлементтермен тең мөлшерде қарастырылуы керек.

13. Медициналық-профилактикалық қызмет етуге
қойылатын талаптар

      161. Кәсіпорынның жұмысшыларына медициналық-профилактикалық қызмет көрсету медициналық-санитарлық бөлімдермен (МСБ), емханалармен және ауруханалармен жүзеге асырылады.

      162. Денсаулық пунктіне дәрігерлер, орта және кіші медициналық персоналдың штатын жинақтау, құрал-саймандармен, аспаптармен және таңу материалдарымен жабдықтау азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы өкілетті органдардың күші бар бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Жер асты денсаулық пункттеріне жұмысқа түсетін медицина қызметкерлері техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаудан өтуі керек.

      163. Жұмысқа түсетін жұмысшылар мен инженерлік-техникалық жұмысшылар және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне байланысты өндірістерде және кәсіптегі жұмысшылар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрінің N 2780 тіркелген, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 наурызындағы N 243 бұйрығының "Міндетті түрде және кезеңді медициналық тексерістерден өтетін зиянды өндірістік факторлардың және кәсіптердің тізімін бекіту туралы және зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтындарды міндетті тірде және кезеңді медициналық тексерістерден өткізу туралы Нұсқауға сай" АЖҚС жұмысшылары жұмысқа алынар алдында және кезеңді түрде қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарына сай медициналық тексерістерден өтулері керек.

      164. Жұмыс берушілер тек алдын-ала медициналық тексеруден өткеннен соң, ғана зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне байланысты жұмысқа қабылдауға және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес алдын-ала медициналық тексеруді жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.

      165. Медициналық қорытындының негізінде кәсіби ауру жұмысшыда дәлелденген жағдайда, жұмыс беруші қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне байланысты емес жұмысқа ауыстыруға және заңда белгіленген тәртіпте денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

      166. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп, басқа жұмысқа ауысқан жұмысшылар және жұмыстан шығып кеткендер, кейіннен денсаулық жағдайы нашарлағанда және оның еңбек жағдайымен байланысын дәлелдеу қажеттілігінде кәсіби орталықтарға айтылған Қорытындыны көрсетуі керек.

      167. Медицина қызметкерлері өндірістік санитарияның, жеке гигиенаның ережелеріне және алғашқы өзіндік және өзара көмекті көрсетуге жұмысшыларды оқытуды және тәрбиелеуді іске асыруы керек.