"Тасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтерді көрсету жөніндегі шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәртібі мен шараларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 222-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3734

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының  14-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, тараптардың шарттар ережелерін орындауы және олардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтерді көрсету жөніндегі шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәртібі мен шараларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2695 нөмірмен тіркелген және "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде", 2004 ж., N 29-32, 960-құжат; "Ресми газетінің" 2004 жылғы 18 желтоқсандағы N 51 (208) жарияланған) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 18-І  бұйрығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) кепіл, банктік кепілдік, Одақтың (Қауымдастықтың) кепіл жарнасы, шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыру шарты, жүктерді алып қалу, айып төлету, кепілпұл және заңнамада немесе шарт тараптарымен көзделген өзге шаралар екі жақты келісім бойынша шарт тараптарының міндеттемелерді қамтамасыз ету шаралары болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы