"Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың есебін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 332 қаулысына толықтырулар мен ө

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 161 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 шіледеде тіркелді. Тіркеу N 3707. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 43 (V064157) қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2009.09.16 N 871 (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

       Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі  123-бабының 3-тармағына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 469-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесінде:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңге арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
      жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелердің сомасы;";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "есепті қаржы жылына арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
      есепті қаржы жылында орындалмаған міндеттемелердің сомасы;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті