"Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 400 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3692. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 587 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.11.29.  N 587  Бұйрығымен.

       БҰЙЫРАМЫН :
      "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3627 тіркелген, 2005 жылғы N 16 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі Ережесінде:
      11-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жалпы орта білімі бар (жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларды ауыстыру халықаралық жүйесі бойынша шетелде оқыған, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқыған, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарды, мәндес емес мамандықтар бойынша оқуға түсетін кәсіптік бастауыш білім беру ұйымдарын ағымдағы жылғы бітірушілер, сонымен қатар өткен жылдардағы бітірушілер) жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні пәні бойынша) өткізіледі;";

      14-тармақтың 2-тармақшасында:
      "3" бағасы - 15 балл" деген сөздер "3" бағасы - 10 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "4" - 23 балл" деген сөздер "4" - 20 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақ "бала кезінен мүгедектер," деген сөздерден кейін "мүгедек балалар" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-қосымшада "Бейіндік пәннің атауы" бағанындағы 0833002 кодына "Биология", "Химия" деген сөздер "Математика", "Математика" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.А.Айсинаға жүктелсін.

      Министр