Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту жөнінде" 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулыс

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3635. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Ел экономикасының мұқтажы үшін авиациялық отынның қажетті қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің  8-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2005 жылғы 20 сәуірден бастап 20 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды:
      реактивті отынды (коды ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 210 0);
      басқаларын (коды ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 250 0) әкетуге тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды әкетуге тыйым салуды енгізгендігі туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі