Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептi қарау ережесiн бекiту жөнiнде

Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулысы. Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 2 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2591. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269   қаулысымен .
___________________________

      Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3, 9,  12-18,   24,   32-баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесі (осы қаулының 1-қосымшасы) бекітілсін.
      2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу 
және облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары туралы  
есепті қарау ережесін бекіту  
жөнінде" 2003 жылғы 27 қазандағы
N 385 қаулысына 1-қосымша  

  Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын
мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру
және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесі

      Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қараудың шарттары мен тәртібін айқындайды.     

  1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық 
бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегіндегі
облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

      1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін эмитент бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның  12-бабында  белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) проспектісі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта (мемлекеттік және орыс тілдерінде) екі дана етіп және Acrobat Reader форматында (қоғамның қаржылық есебінсіз) электрондық тасымалдағышта бір дана етіп жасалады.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131   қаулысымен .

      2. Уәкілетті орган осы Ереженің талаптарына сәйкес тіркеген облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектісін қағаз тасымалдағышта екі дана етіп және Acrobat Reader форматында (қоғамның қаржылық есебінсіз) электрондық тасымалдағышта бір дана етіп ұсынады.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131   қаулысымен .

      3. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:
      1) облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын тіркейді және эмитентке облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді;
      2) эмитентке облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің уәкілетті органның оны мемлекеттік тіркегендігі туралы белгісі қойылған бір данасын қайтарады.
      Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісі облигациялық бағдарлама шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.

  2. Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу

      4. Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған сұрату;
      3) эмитенттің бұрын шығарған бағалы қағаздарын листингтің неғұрлым жоғары санаты бойынша қор биржасының тізіміне енгізілгені туралы сауда-саттық ұйымдастырушының жазбаша растамасы.

      5. Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      6. Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент ұсынған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган облигациялар шығарылымын тіркейді және эмитентке айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.

  3. Облигацияларды орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есепті қарау

      7. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның  24-бабының  1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі дана етіп және Acrobat Reader форматында (мемлекеттік және орыс тілдерінде) электрондық тасымалдағышта бір дана етіп ұсынылады..
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131   қаулысымен .

      8. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның  32-бабының  2-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      9. Облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:
      1) облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекітеді және эмитентке облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы хабарлама жібереді;
      2) эмитентке облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептің уәкілетті органның оны мемлекеттік тіркегендігі туралы белгісі қойылған бір данасын қайтарады.

      10. Егер орналастыру басталған не облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде эмитент бір де бір облигация орналастырмаса, ол уәкілетті органға:
      1) осы кезеңде облигацияларды орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәлімет бар жазбаша хабарлама;
      2) эмитенттің эмиссиялық шотының жай-күйі туралы тіркеуші берген анықтаманың түпнұсқасын ұсынады.

  4. Қосымша ережелер

      11. Облигациялардың келесі шығарылымын немесе айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитенттің ең төменгі кредиттік рейтингі алдыңғы шығарылымдардың облигациялары айналыста болған кезде "В"-дан ("Standard & Poor's" және "Fіtch" жіктеу бойынша) немесе В2-ден ("Moody's Investors Servіce" жіктеуі бойынша) төмен болмауы тиіс.

      12. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым олардың бұрын шығарылған облигациялары бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналыста болған кезде мынадай талаптарды сақтау шартымен облигациялардың келесі шығарылымын жүзеге асыруға құқылы:
      1) жаңадан шығарылатын облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылады; немесе
      2) облигациялардың келесі шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға құжаттар ұсынған күні эмитенттің осы Ереженің 11-тармағында белгіленген ең төменгі рейтингі болады; және      эмитентте бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналыстағы облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі орындалмаған міндеттемелер жоқ болады.

      12-1. Ипотекалық облигациялар мынадай жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн:
      1) ақшамен;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен;
      3) кредиттiк рейтингтiң халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтiк агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе "Aa2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингтiк агенттiк жiктемесi бойынша) рейтингтiк бағасы бар шетел мемлекеттерiнiң бағалы қағаздарымен;
      4) сауда-саттықты ұйымдастырушының "А" санаты бойынша ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер ұйымдарының мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен.
      Ақша мен бағалы қағаздар ипотекалық облигацияларды шығарған және орналастырған кезде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету құрамына жатқызыла алмайды. Айналыс процесiнде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз етуге жатқызылған бағалы қағаздар мен ақшаның құны қамтамасыз етудiң жалпы құнының 20%-тен астам емес болуы тиiс.
       Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылсын - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 193   қаулысымен .

      13. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу 
және облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары туралы 
есепті қарау ережеге 1-қосымша 

  Облигациялар шығарылымының
(облигациялық бағдарламаның) проспектісі

      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) титулдық парағы

      1. Құжаттың атауы: "Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісі".

      2. Орналастырылатын облигациялардың түрі және саны. Облигациялық бағдарламаны тіркеу кезінде облигациялық бағдарламаның жиынтық көлемін көрсету керек.

      3. "Уәкілетті органның облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісін мемлекеттік тіркеуі шығарылым проспектісінде жазылған облигацияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да болмасын ұсыныстамалар беруді білдірмейді және уәкілетті орган осы құжаттың мазмұны үшін жауап бермейді." деген жазба.

      4. Эмитенттің қаржылық есебінің шынайылығын тексеруді жүзеге асырған аудиторлық ұйым басшысының, лицензиясының нөмірі мен күнін (аудитор-жеке тұлғаның аты-жөнін) көрсете отырып аудиторлық ұйымның ресми толық атауы.

  1. Эмитент туралы жалпы мәліметтер

      5. Эмитенттің атауы.
      Осы тармақта эмитенттің толық және қысқаша атауын көрсету керек.

      6. Эмитенттің атауындағы өзгерістер туралы деректер.
      Егер эмитент жұмыс істеген уақыт ішінде оның толық атауы ауыстырылса, онда осы тармақта оның бұрынғы барлық толық және қысқаша атауларын, сондай-ақ олар өзгертілген күндерді көрсету керек.
      Егер эмитент біріктіру, бөлу, бөлініп шығу не заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта құру нәтижесінде құрылса, онда осы тармақта жүргізілген қайта ұйымдастыру туралы деректерді және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және эмитентке қатысты заңды мұрагерлік туралы мәліметтерді көрсету керек.

      7. Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің берілген күні және нөмірі, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетіледі.

      8. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
      9. Эмитенттің орналасқан жері, байланыс телефондарының және факсының нөмірлері, электрондық почтасының адресі туралы мәліметтер.

      10. Эмитентті құрудың және қызметінің қысқаша тарихы. Эмитентті құрудың және қызметінің мақсаты.

      11. Егер эмитентке қаржы агенттігі мәртебесі берілсе, уәкілетті органның қаулысының күнін, нөмірін көрсету керек.

      12. Эмитентке және (немесе) ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық және (немесе) отандық рейтинг агенттіктері берген рейтингтер туралы мәліметтер.

      12-1. Эмитенттер кеңесі 2005 жылғы 21 ақпанда қабылдаған корпоративтік басқару кодексін эмитенттің қабылдауы туралы ақпарат.
       Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131   қаулысымен .

  2. Эмитенттің басқару органдары

      13. Эмитенттің басқару органдарының құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттің басқару органдарының құрылымы және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына, эмитенттің жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес құзыреті көрсетіледі.

      14. Эмитенттің директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) мүшелері.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттің директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) мүшелерінің әрқайсының, оның ішінде директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) төрағасының аты-жөні, туған жылы;
      2) эмитенттің директорлар кеңесінің (бақылау кеңесі) әрбір мүшелерінің соңғы үш жылда атқарған және қазіргі уақытта атқаратын, оның ішінде қоса атқарған қызметтері хронологиялық тәртіппен;
      3) эмитенттің директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) әрбір мүшелерінің әрқайсының қатысу үлесін көрсете отырып эмитенттің және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының жарғылық капиталына (акцияларына/үлесіне) қатысуы;
      4) өткен екі жыл ішіндегі директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) құрамындағы өзгеріс көрсетіледі.

      15. Эмитенттің атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні және туған жылы және эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсының аты-жөні және туған жылы;
      2) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсының соңғы екі жылда атқарған және қазіргі уақытта атқаратын, оның ішінде қоса атқарған қызметтері хронологиялық тәртіппен;
      3) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшелерінің әрқайсының қатысу үлесін көрсете отырып эмитенттің және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетіледі.

      16. Егер эмитенттің атқарушы органының өкілеттігі басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілсе, онда осы тармақта:
      1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауын;
      2) осы ұйымның жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның толық және қысқаша атауын немесе аты-жөнін және туған жылын не оның алқалы атқарушы органының және оның директорлар кеңесінің (қадағалау кеңесінің) мүшелерінің аты-жөнін және туған жылдарын;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың соңғы екі жылда атқарған, оның ішінде өкілеттіктерін көрсете отырып қоса атқарған қызметтерін хронологиялық тәртіппен;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың эмитенттің, оның еншілес және басқарушы ұйымының, оның ішінде акционерлік қоғамның төленген жарғылық капиталына (акцияларын/үлесіне) қатысуын көрсету керек.
      Осы тармақты акционерлік қоғамдар толтырмайды.

      17. Эмитенттің директорлар кеңесінің мүшелеріне, атқарушы органының мүшелеріне және басқа да басқарушы тұлғаларына төленетін сыйақылар.
      Осы тармақта осы Ереженің 14 және 15-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешім қабылданған күннің алдындағы соңғы үш айда алған сыйақының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшері, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап соңғы он екі ай ішінде аталған тұлғаларға төленетін сыйақының жоспарланған жалпы мөлшері көрсетіледі.

      18. Эмитенттің ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттің құрылымдық бөлімшелері, филиалдары және өкілдіктері;
      2) эмитент қызметкерлерінің, оның ішінде эмитенттің филиалдары және өкілдіктері қызметкерлерінің жалпы саны;
      3) эмитенттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары туралы мәліметтер көрсетіледі.

  3. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары) және
аффилиирленген тұлғалары

      19. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы санын және эмитент акцияларының (үлестерінің) он және одан да көп процентін иеленген акционерлер (қатысушылар) туралы ақпарат (заңды тұлғаның толық және қысқаша атауы, орналасқан жері не жеке тұлғаның аты-жөні);
      2) эмитенттің акционерлері (қатысушылары) болып табылмайтын, бірақ басқа ұйым арқылы эмитенттің қызметін бақылайтын тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Егер эмитент банк болып табылған жағдайда, осы тармақта, осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында аталған ақпараттардан басқа, банктің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленген, банктің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге не банк қабылдаған шешімге шарттың немесе өзге де түрде әсер етуге мүмкіндігі бар акционерлер туралы ақпаратты көрсету керек.

      20. Заңды тұлғалардың толық атауын, орналасқан жерін, оның жарғылық капиталындағы эмитент акцияларының (үлесінің) проценттік арақатысын, қызмет түрін, бірінші басшысының аты-жөнін көрсете отырып эмитент он және одан да көп процентін құрайтын акцияларын (үлестерін) иеленген заңды тұлғалар туралы мәліметтер.

      21. Эмитент қатысатын өндірістік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

      22. Эмитенттің басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның аты-жөнін), оның орналасқан жері (тұрғылықты жері), қызметінің түрін, бірінші басшысының аты-жөнін көрсете отырып осы Ереженің 14-21-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитенттің аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      23. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен жасалған операциялар.
      Осы тармақта Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитентке қатысты аффилиирленген болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргізген барлық операциялар туралы ақпарат ашылады.

  4. Эмитент қызметінің сипаты
(бұл бөлімді қаржылық ұйымдар толтырмайды)

      24. Эмитент қызметінің жалпы үрдістерінің қысқаша сипаты, оның ішінде эмитенттің негізгі қызмет түрлері бойынша.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттің бәсекелесі болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;
      2) эмитент қызметінің Қазақстан Республикасының ішіндегі салалық орташа және егер бұл мүмкін болса, әлемдік орташа көрсеткіштермен салыстырма сипаттамасы;
      3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттің осы саладағы жағдайы көрсетіледі.

      25. Эмитент жасасқан, салдарынан эмитенттің қызметіне елеулі түрде әсер ететін келісім-шарттар, келісімдер туралы мәліметтер.

      26. Эмитент қызметін жүзеге асыру үшін алған лицензиялар, патенттер, рұқсаттар туралы мәліметтер.

      27. Соңғы екі жылда немесе нақты жұмыс істелген кезеңде сатылған өнімнің (орындалған жұмыстардың, қызмет көрсетудің) нақты немесе сандық өлшем бірліктерімен көрсетілген көлемі.
      Эмитенттің соңғы екі жылда немесе нақты жұмыс істелген кезеңде сатылған өнімінің (көрсетілген жұмыстың, қызметтің) көлеміндегі өзгерістерге талдау жасау.

      28. Эмитенттің негізгі қызметінің түрлері бойынша сатудың (жұмыстардың, қызмет көрсетудің) кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар.

      29. Эмитенттің өз өнімін (жұмыстарын, қызмет көрсетуді) сатуды ұйымдастыру жөніндегі қызметі.
      Осы тармақта эмитенттің негізгі жеткізушілері және тұтынушылары туралы мәліметтер, эмитенттің жұмыс істеп тұрған жеткізушілерге және тұтынушыларға тәуелді болу дәрежесі, оның ішінде:
      1) эмитенттің барлық жеткізілімнің он және одан көп проценті тиесілі болатын жеткізушілерінің атауы және орналасқан жері, олардың үлестері процентпен көрсетіледі. Осы көздерге болашақта рұқсат беруге қатысты болжамдар ұсынылуы тиіс;
      2) үлесіне эмитенттің өнімін (жұмыстарын, қызмет көрсетуін) сатудан түскен жалпы түсімнің он және одан көп процентінен астамы тиесілі болатын тұтынушылардың атауы және орналасқан жері, олардың сатудың жалпы көлеміндегі үлестері процентпен көрсетіледі. Эмитенттің өнімін (жұмыстарын, қызмет көрсетуін) сатуға әсер етуі мүмкін теріс факторлар ашылады.
       Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131   қаулысымен .

      30. Эмитенттің қызметіне әсер ететін негізгі факторлар:
      1) эмитент қызметінің маусымдылығы, эмитент қызметінің маусымдық сипаттағы түрлері және олардың эмитенттің жалпы кірісіндегі үлесі;
      2) импорттың эмитентке жеткізілген (көрсетілген) шикізаттағы (жұмыстардағы, қызметтегі) үлесі және эмитенттің экспортқа сатқан өнімінің (жұмыстарының, қызметінің) сатылған өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі;
      3) облигациялар шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай ішінде жасалуы тиіс (жасалған) немесе орындалуы тиіс (орындалған) мәміле (мәмілелер) туралы мәліметтер, егер осы мәміленің (мәмілелердің) сомасы эмитент активтерінің баланстық құнының он процентінен асатын болса;
      4) болашақтағы міндеттемелер. Эмитенттің болашақтағы негізгі міндеттемелері және осы міндеттемелер эмитенттің қызметіне әсер етуі мүмкін теріс әсер ету ашылады, оның ішінде осы эмитент, облигациялардың саны, кепілдік беру шарттары, өтеу күні және кепілдік берілген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердің үшінші тұлғалардың кепілдік беруімен қамтамасыз етілген облигациялары бойынша эмитенттің кепілдік беруі туралы;
      5) эмитенттің сот процестеріне қатысуы туралы мәліметтер. Эмитенттің қатысуымен өткен, нәтижесінде эмитент қызметінің тоқтатылуы немесе шектелуі, оған маңызды ақшалай және өзге де міндеттемелер берілуі мүмкін сот процестерінің мәніне сипаттама беру керек;
      6) уәкілетті мемлекеттік органдар және/немесе сот соңғы жыл ішінде эмитентке және оның лауазымды тұлғаларына қолданған барлық әкімшілік санкциялар туралы мәліметтер. Санкция қолданылған күнді, санкция қолданған органды, қолдану себептерін, санкцияның түрлерін және мөлшерін, сондай-ақ санкцияның орындалу дәрежесін көрсету керек;
      7) тәуекел факторлары. Облигациялардың ұстаушылары ұшырауы мүмкін тәуекел факторларына нақты талдау жасау керек;
      8) эмитенттің қызметі туралы, эмитент өзінің қызметін жүзеге асыратын рыноктар туралы басқа ақпарат.

  5. Активтер

       Ескерту: 5-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131   қаулысымен .

      31. Баланстық құны материалдық емес активтердің жалпы баланстық құнының бес және одан көп процентін құрайтын материалдық активтердің түрлері.

      32. Баланстық құны негізгі құрал-жабдықтың жалпы баланстық құнының бес және одан көп процентін құрайтын негізгі құрал-жабдықтың түрлері.

      33. Инвестициялар.
      Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуы тиіс: басқа заңды тұлғалардың капиталына тікелей инвестициялар, ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық портфель.

      34. Дебиторлық берешек.
      Осы тармақта эмитенттің алдында дебиторлық берешектің жалпы сомасының бес және одан көп проценті мөлшерінде дебиторлық берешегі бар ұйымның атауын көрсете отырып дебиторлық берешектің құрылымы не эмитенттің неғұрлым ірі он дебиторының тізімі ашылады.

  Жарғылық капитал

      35. Осы тармақта эмитенттің төленген жарғылық капиталының мөлшері көрсетіледі. 

  Міндеттемелер

      36. Заемдар.
      Осы тармақта қолданылып жүрген банктік заемдар және кредиттік желілер туралы ақпарат ашылады. Жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсан бойынша бөлінуі тиіс, қалған сомалар жылдар бойынша бөліне отырып ұсынылады.

      37. Эмитенттің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегі (жеткізушілер алдындағы берешек, алынған аванстар).
      Осы тармақта эмитенттің алдында кредиторлық берешектің жалпы сомасының бес және одан көп проценті мөлшерінде дебиторлық берешегі бар ұйымның атауын көрсете отырып кредиторлық берешектің құрылымы не эмитенттің он неғұрлым ірі кредиторлық тізімі ашылады.

  Қаржылық нәтиже 

       38-40. <*>
       Ескерту: 38-40-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131   қаулысымен .

Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы
мәліметтер 

      41. Облигациялар шығару туралы шешім қабылданғанға дейін эмиссиялық бағалы қағаздардың барлық тіркелген шығарылымдарына қатысты:
      1) әрбір шығарылым облигацияларының жалпы саны, әрбір шығаралым бойынша орналастырылған облигациялардың саны, түрі және номиналдық құны, сондай-ақ орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі (номиналдық құны бойынша), негізгі борыш сомасы, әрбір шығарылым бойынша есептелген және төленген сыйақы сомасы, өтелу күнін көрсете отырып сатып алынған және мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттік тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркеу күні;
      2) құрылтайшылар төлеген акцияларының жалпы саны, түрі және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы сомасы. Соңғы күнге сатып алу бағасын көрсете отырып, сатып алынған, айналыстағы акциялардың саны. Акцияларды сатып алу әдістемесінің бекітілген күні. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттік тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркеу күні;
      3) орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және осындайларды орындаудың өтіп кеткен күні туралы ақпаратты қоса отырып, эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылар алдында орындалмаған міндеттемелерінің фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеу (төлеуді кешіктіру), артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасы (жеке-жеке түрлері мен шығарылымдары бойынша);
      4) егер бағалы қағаздардың қандай да болмасын шығарылымы тоқтатылған немесе жарамсыз болып танылған жағдайда, осындай шешімдерді қабылдаған мемлекеттік органды, оларды қабылдау негіздерін және күнін;
      5) облигациялар бойынша өтеу күндерін және төлемдердің жалпы мөлшерін;
      6) соңғы екі қаржылық жылының әрбір жылындағы немесе нақты жұмыс істеу кезеңіндегі бір акцияға (жай, артықшылықты) шаққандағы дивидендтің сомасы, есептелген дивиденд сомаларын және төленген дивиденд сомаларын көрсете отырып;
      7) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса отырып, эмитенттің бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылатын негізгі рыноктар;
      8) эмитенттің бұрын шығарған бағалы қағаздарының әрбір түрі бойынша берілген құқықтар көрсетіледі.
       Ескерту: 41-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131   қаулысымен .

  7. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер
(бұл бөлім облигациялық бағдарламаны мемлекеттік
тіркеу кезінде толтырылмайды)

      42. Облигациялар туралы мәліметтер:
      1) облигациялардың түрі (купондық, дисконттық, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген);
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бір облигацияның номиналдық құны;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақының ставкасы;
      сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудің кезеңділігі және күні, тәртібі және оны төлеудің шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылса, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);
      сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      индекстелген облигациялар шығару кезіндегі есептеу тәртібі.
      Егер сыйақының ставкасы белгіленбеген болып табылса, оның мөлшерін белгілеу тәртібі көрсетіледі;
      5) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу шарттары:
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;
      6) мыналар қоса көрсетілген әрбір облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      облигациялар ұстаушылардың эмитенттен шығарылым проспектісіне көзделген мерзімде облигацияның номиналдық құнын алуға не өзге мүліктік баламаны алуға құқығы, сондай-ақ ол бойынша облигацияның номиналдық құнынан белгіленген процентті алуға құқығы не өзге де мүліктік құқықтар;
      облигациялар мерзімінен бұрын сатып алынған немесе толық орналастырылмаған жағдайларда облигацияларды сатып алу шарттары, мерзімдері, тәртібі, облигацияларды төлеу үшін берілген ақшаны қайтарып алу тәртібі;
      7) басталуы бойынша эмитенттің облигациялары бойынша дефолт хабарлануы мүмкін және қандай кезде облигациялар ұстаушылардың облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқығы бар болатын оқиғалар.
      Дефолт жағдайында облигациялар ұстаушыларға берілетін құқықтар:
      облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті түрде орындалмаған кезде облигациялар ұстаушыларды қорғау рәсімі көрсетіледі; 
      8) опциондар туралы ақпарат:
      егер опциондар облигациялар ұстаушыларға эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, онда осы тармақта опцион жасау шарттары көрсетіледі.

      43. Айырбасталымды облигациялар:
      айырбасталымды облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрі, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтар, сондай-ақ осындай айырбасталымның тәртібі мен шарттары көрсетіледі.

      44. Облигацияларды орналастыру тәсілі:
      1) облигацияларды орналастыру мерзімі және тәртібі:
      облигациялар ұйымдаспаған рынокта орналастырылған жағдайда облигацияларды орналастырудың басталу және аяқталу күні (бар болған кезде) көрсетіледі;
      2) акцияларға айырбасталған облигациялар жазылу арқылы орналастырылған жағдайда айырбастау шарттары көрсетіледі;
      3) облигацияларды төлеудің шарттары және тәртібі:
      облигацияларды төлеу шарттары, тәртібі, есеп айырысу шарттары көрсетіледі.
      4) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      кепілге салынған зат, оның құны және кепілге салынған затты өндіру айналысының тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;
      егер облигациялар үшінші тұлғаның кепілдік беруімен (кепіл болуымен) қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік беру (кепіл болу) мерзімі және шарттарын көрсете кепілдік берген тұлғаға қатысты деректер;
      қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті сақтандыру шартының болуы;
      облигация ұстаушының өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, бірінші басшысының, атқарушы органы мүшелерінің аты-жөні);
      4-1) инфрақұрылымдық облигацияларды шығарған кезде жалға беру шартының көшірмесі ұсынылады;
      5) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:
      тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері көрсетіледі, тіркеушімен жасалған шарттың нөмірі және күні;
      6) облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жері көрсетіледі;
      6-1) егер эмитент бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында облигацияларды орналастыруды және/немесе айналысқа жіберуді болжамдаған жағдайда - бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының облигацияларды шығару проспектісінің осы облигацияларды бағалы қағаздар тізіміне енгізу үшін (осы облигациялар сәйкес келуі мүмкін листинг санаттарын көрсете отырып) сауда-саттықты ұйымдастырушының талаптарына сәйкестігі туралы жасалған нөмірі мен күні;
      7) төлем агенті туралы мәліметтер:
      оның атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері көрсетіледі.
       Ескерту: 44-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131   қаулысымен .

      45. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану туралы мәліметтер, сондай-ақ басталған кезде алынған ақшаны бөлу жоспарына енгізілуі мүмкін өзгерістерді көрсете отырып, осындай өзгерістер көрсетіледі.

  8. Қосымша ақпарат

      46. Облигациялар айналысындағы шектеулер.
      Облигациялар айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын облигациялардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның ішінде арасында облигацияларды орналастыру жоспарланған тұлғалар тобы көрсетіледі.

      47. Облигациялар шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындарды кім төлейтіні туралы мәліметтер.

      48. Инвесторлар эмитент жарғысының көшірмесімен және облигациялар шығарылымның проспектісімен таныса алатын орындар туралы ақпарат.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады. Проспектісінің әрбір данасы эмитенттің соңғы екі қаржы жылының аудиторлық есептермен және облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсыну алдындағы соңғы айдың соңындағы жағдай бойынша қаржылық есеппен расталған жылдық қаржылық есептерімен бірге тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс.

Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу 
және облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары туралы 
есепті қарау ережеге 2-қосымша 

Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар
шығарылымының проспектісі

      Осы облигациялар шығарылымы [эмитенттің толық атауы] уәкілетті орган [облигациялық бағдарлама проспектісі мемлекеттік тіркелген күн] тіркеген облигациялық бағдарлама проспектісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Шығарылымның құрылымы:
      1) облигациялардың түрі (купондық, дисконттық, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген);
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бір облигацияның номиналдық құны;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақының ставкасы;
      сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудің кезеңділігі және күні, тәртібі және оны төлеудің шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылса, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);
      сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      индекстелген облигациялар шығару кезіндегі есептеу тәртібі.
      Егер сыйақының ставкасы белгіленбеген болып табылса, оның мөлшерін белгілеу тәртібі көрсетіледі;
      5) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу шарттары:
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;
      6) мыналар қоса көрсетілген әрбір облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      облигациялар ұстаушылардың эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналдық құнын алуға не өзге мүліктік баламаны алуға құқықтары, сондай-ақ бойынша облигацияның номиналдық құнынан сыйақы алуға құқығы не өзге де мүліктік құқықтар;
      облигациялар мерзімінен бұрын сатып алынған немесе толық орналастырылмаған жағдайларда облигацияларды сатып алу шарттары, мерзімдері, тәртібі, облигацияларды төлеу үшін берілген ақшаны қайтарып алу тәртібі.
      Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісіне эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады.

                        Мемлекеттік емес облигациялардың
                         шығарылымын мемлекеттік тіркеу 
                         және облигацияларды орналастыру 
                         және өтеу қорытындылары туралы 
                         есепті қарау ережеге 3-қосымша 

 Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялардың
    шығарылымын мемлекеттік тіркеу және ұлттық
         бірегейлендіру нөмірін беру үшін
                         СҰРАТУ

__________________________________________________________
Эмитенттің атауы
__________________________________________________________
Орналасқан жері
__________________________________________________________
Меншікті капиталының мөлшері
__________________________________________________________
Төленген жарғылық капиталының
мөлшері
__________________________________________________________
Ұлттық бірегейлендіру нөмір.
лерін көрсете отырып эмитент.
тің қор биржасына листингтің
неғұрлым жоғары санаты бойынша
енгізілген бағалы қағаздары
туралы деректер
__________________________________________________________
Бір облигацияның номиналдық құны
__________________________________________________________
Шығарылымның құны
__________________________________________________________
Айналыстың басталу күні
__________________________________________________________
Облигациялардың қамтамасыз
етілуі
__________________________________________________________

_____________________________________________________________
Облигациялардың түрі    Облигациялардың саны Облигациялар
                                             бойынша сыйақы
                                             мөлшері
_____________________________________________________________
                                             Төлеу мерзімдері
_____________________________________________________________
Купондық
_____________________________________________________________
Дисконттық
_____________________________________________________________
Индекстелген
_____________________________________________________________

      Сұратуға эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол
қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады.

Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу 
және облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары туралы 
есепті қарау ережеге 4-қосымша 

Облигациялар орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы.
      2. Эмитенттің орналасқан жері.
      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі.
      4. Облигациялар туралы мәліметтер:
      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрі, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшері.
      5. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) облигацияларды орналастырудың басталу күні және аяқталу күні;
      2) есеп беріліп отырған кезең;
      3) облигацияларды ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында орналастыру туралы ақпарат (сауда-саттық ұйымдастырушы тізімінің санаты, облигациялардың құны және соңғы сауда-саттық күні);
      4) орналастырылған облигациялардың саны;
      5) мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны туралы мәліметтер (егер бұл шығарылым проспектісінде көзделсе);
      6) облигациялар ұстаушылардың саны туралы мәліметтер;
      7) орналастырылмаған облигациялардың саны.
      6. Тіркеуші туралы мәліметтер.
      Тіркеушінің атауы және орналасқан жері, шарт жасалған күн және нөмірі.
      7. Баспасөз басылымының атауы және облигациялар шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған күн (оларды тұлғалардың шектелмеген тобы арасында орналастыру кезінде).
      8. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу туралы мәліметтер:
      1) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңділігі және мерзімдері;
      2) облигациялар бойынша сыйақының мөлшері және мөлшерін белгілеу тәртібі;
      3) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезінде есеп айырысу тәртібі (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, қолма-қол емес);
      4) облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленбеу жағдайлары болса, эмитенттің қандай шаралар қабылдағанын көрсету керек.
      Есепке эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады. Есептің әрбір данасы орналастырылған облигациялардың саны туралы тіркеуші берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі, тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс.

Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу 
және облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары туралы 
есепті қарау ережеге 5-қосымша 

Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы.
      2. Эмитенттің орналасқан жері.
      3. Облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген күн.
      4. Орналастыру қорытындылары туралы есеп (есептер) бекітілген күн.
      5. Облигацияларды өтеу туралы мәліметтер:
      1) облигациялар өтелген күн;
      2) мерзімінен бұрын өтелген облигациялар туралы мәліметтер.
      6. Облигациялар бойынша төленген сыйақының жиынтық мөлшері және өтеу сомасы.

      Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепке эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады.

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу 
және облигацияларды орналастыру 
және өтеу қорытындылары туралы  
есепті қарау ережесін бекіту  
жөнінде" 2003 жылғы 27 қазандағы
N 385 қаулысына 2-қосымша  

  Күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      Мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртібі туралы Ережені бекiту туралы" 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 263 тіркелген, 1997 жылы "Қазақстанның Бағалы қағаздар рыногы" журналының N 5 және 2001 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік актілердің жинағында жарияланған, 3-том, 356-бет);

      2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 84  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1262 тіркелген, 2000 жылы "Қазақстанның Бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 10, 12-бет);

      3) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Облигацияларды шығаруды және өтеуді тіркеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 21 желтоқсандағы N 92  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1342 тіркелген, 2000 жылы "Қазақстанның Бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 1, 11-12-беттер);

      4) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 98  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1394 тіркелген, 2001 жылы "Қазақстанның Бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 3, 6-бет);

      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2035 тіркелген, 2002 жылы "Вестник Национального Банка Казахстана" журналында жарияланған, N 24).