Ақпараттық қызметтер көрсету рыногында ақпарат берушілердің, кредиттік бюролардың және кредиттік есептерді алушылардың (кредиттік тарих субъектілерін қоспағанда) қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 72-б Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы № 275 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-1-жолмен толықтырылсын:
"42-1. Қазақстан         Қаржы-  шілде тамыз қыркүйек  Ғ.Н.Өзбеков 
       Республикасының   мині   
       кейбір заңнамалық
       актілеріне
       бухгалтерлік есеп
       және қаржылық есеп
       беру мәселелері
       бойынша өзгерістер
       мен толықтырулар
       енгізу туралы                                            ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі