Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 100 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 19 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3567. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 (V064181) қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.03.30.  N 73  қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  89-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2803 тіркелген, 2004 жылы N 4-5(5) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3122 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 246  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3330 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 336  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар енгізілсін:

     3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "8-1) эмитенттің ішкі құжаттарында 2005 жылғы 21 ақпандағы Эмитенттер кеңесінің мәжілісінде мақұлданған Корпоративтік басқару кодексін сақтау қажеттілігі көзделеді;";

     4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "4-1) эмитенттің ішкі құжаттарында 2005 жылғы 21 ақпандағы Эмитенттер кеңесінің мәжілісінде мақұлданған Корпоративтік басқару кодексін сақтау қажеттілігі көзделеді;".

     2. Листинг компаниялары 2006 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талабына сәйкес келтірсін.
     Қор биржасы 2005 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талабына сәйкес келтірсін.

     3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

     4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

     5. Халықаралық қатынастар және жұртшылық байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға