Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1765. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 (V064181) қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен.

                              Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің ережелерін" V980690_ , "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерін" бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 V980679_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің ережелеріне:
      34-тармақтың 4) тармақшасы "және төлемдердің" деген сөздермен толықтырылсын;
      34-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті және мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайын құжат.";
      34-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "Көлік құралдарын және олардың тіркемелерін тіркеуге негіз болған құжаттар осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқасы белгіленген тәртіппен іске тігіледі.";
      2) Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау,

 

азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерге:

     36-тармақ "сондай-ақ жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді

растайтын құжатты" деген сөздермен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:

     "52-1. Жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғандардың орнына жаңа

жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ шетел азаматтарына оларды ауыстырып

беру және беру тек қана жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді

растайтын құжатты ұсынғаннан кейін жүргізіледі.";

     62-тармақтағы "төлемдер туралы квитанциялар" деген сөздер "жүргізуші

куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжат" деген сөздермен

ауыстырылсын.

     2. Осы бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Ішкі істер министрі

     генерал-майор



      Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Багарова Ж.А.