Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 257 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы N 19 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3558. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 134 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы N 648  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мынадай:
      1) радиожиілік спектр мен радиоэлектронды құралдар мониторингі жүйесіне инженерлік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі;
      2) телекоммуникациялық спутникті, ғарыш аппараттарын жерден ілеспе басқару кешенін және байланыс мониторингі жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды техникалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді беруші болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі