Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 257 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2469. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 134 қаулысымен.

      Ел экономикасының мұқтаждары үшiн дизель отынының қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексі 8-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештiк отыннан басқа, дизельдiк отынды (ТМД СЭҚ TН коды - 2710 00 610 - 2710 00 690) 2003 жылғы 25 шілде - 15 қазан кезеңiнде әкетуге тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдансын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасы тыйым салуды енгiзетiнi туралы хабардар етсiн.

      4. Облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Үкiметiн алдағы күзгi дала жұмыстарында республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерiн дизель отынымен қамтамасыз ету iсiнің жай-күйi туралы хабардар етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары С.М Мыңбаевқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі