Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру барысында қолданылатын рұқсат беру жүйесі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрі 1999 жылғы 13 желтоқсан N 904-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1027. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 17 ақпандағы N 84-І (V053507) бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу" қызметінің түрлерін лицензиялау процесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы "тарату" деген сөзден кейін

 

"(жиынтық орнатылған жылу қуаты 100 Гкал/сағаттан астам жылу энергиясы

көздерінен)" деген сөздермен толықтырылсын;

     реттік нөмірі 27-жолдағы 2-баған мынадай сөздермен толықтырылсын:

     "Астана және Алматы қалаларының";

     реттік нөмірі 27-жолдағы 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен

толықтырылсын:

     "Жылу энергияларын өндіру, беру және тарату (жиынтық орнатылған жылу

қуаты 100 Гкал/сағаттан астам жылу энергиясы көздерінен)".

     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.