Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң мамандықтары бойынша кәсiби даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 43 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3438. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 595 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.30.  N 77  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірiлген адамдар лауазымдарының тiзбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304  қаулысына  Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 404-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiнде:
      "Педагог қызметкерлерге теңестірiлген адамдардың лауазымы" деген 2-тараудың он тоғызыншы абзацында "Оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі