Аккредиттеуге жататын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың Тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті Мемстандартының 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 15 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3429. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы N 431 Бұйрығымен.

     "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Міндетті түрде лоцмандық алып өтуге жататын ішкі су жолдары учаскелерінің, кемелер түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.К.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.
     4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы Көлік 
және коммуникация министрінің
2005 жылғы 17 қаңтардағы   
N 32-І бұйрығымен      
бекітілген         

  Міндетті түрде лоцмандық алып өтуге жататын
ішкі су жолдары учаскелерінің, кемелер
түрлері мен көлемдерінің
тізбесі

     Ұзындығы 277 шақырым Горы кентінен Атырау қаласына дейінгі Орал өзеніндегі учаске және ұзындығы 56 шақырым Орал-Каспий каналы.
     Шөгуі 2,5 метрден жоғары және ұзындығы 50 метрден артық "өзен-теңіз" жүзу кемелері.