Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 390 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3399. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2583 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 24 басылымдарында 2003 жылғы 17-30 қарашада жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
     1-тармақтың 4) тармақшасында "брокерлік және дилерлік қызметпен" деген сөздерден кейін "клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
     3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға