Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде N 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына то

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 26 қарашадағы N 467. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 24 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2098. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысымен.

      Бюджет қаражаттарын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 36-қосымшада:
      6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда "салу жобасы бойынша жобалық-смета жасау" деген сөздер "салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудан өткен Астана қаласындағы қан препараттарын шығару жөніндегі зауыт салудың техникалық-экономикалық негіздемесі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі