Орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 920 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3251. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің 2007 жылғы»28 желтоқсандағы N 668 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға арналған мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiнде:
      1-2-тармақ "сыйлық беру" деген сөздерден кейiн ", материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі