Әуе кемелерiнiң ұшу экипаждарына арналған қауiпсiздiк және еңбек қорғау жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 12 қарашадағы N 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3219. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасына (келiсiм бойынша) Астана қаласының жаңа орталығында "Министрлiктер үйi" объектiсiн салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 тамыздағы N 886  қаулысын іске асыруға байланысты шығындарды "KUAT" корпорациясы" ашық акционерлiк қоғамына iшiнара өтеуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен 1000000000 (бip миллиард) теңге бөлiнсiн. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.13. N  1307 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі