Селекциялық жетістіктерге патент беруге өтінім беру және қарау жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті Төрайымының 2004 жылғы 14 қазандағы N 72-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3183. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 136 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 № 320 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мұқтаж азаматтарға олардың бiлім алу кезеңiнде берiлетiн әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 261-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мұқтаж азаматтарға олардың білiм алуы кезеңiнде берілетін әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы нұсқаулықта:
      2-тармақтың үшiншi абзацындағы "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі