Жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық шараларды жүзеге асыру ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3126. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ресей халқымен ынтымақтастық және Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекет құрбандары үшін қайғырудың белгісі ретінде:

      1. Қазақстан Республикасында 2004 жылғы 7 қыркүйекте 12.00 сағатта Жалпыұлттық бір минут үнсіздік жариялансын.

      2. Оқу орындарында, әскери бөлімдерде, меншіктің барлық нысандарындағы өзге де ұйымдарда Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекет құрбандары Бір минут үнсіздікпен еске алынсын.
      Жалпыұлттық бір минут үнсіздік кезінде Қазақстан Республикасының электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына өз хабарларын беруді тоқтатып, Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекеттің құрбандары туралы жалпыұлттық еске алу акциясына қосылу ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Федерациясының Үкіметімен келісе отырып лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті