"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1718 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 543-құжат):
2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 мамырдағы № 153 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2877 болып тіркелген. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 25-28, 939-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҚЛЖ комитеті түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 тамыздағы № 246 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3063 болып тіркелген);
4) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 78 бұйрықтың 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5722 болып тіркелген, "Заң газеті" 2009 жылғы 31 шілдедегі, № 115 (1538), "Юридическая газета" газеті 2009 жылғы 31 шілдедегі, № 115(1712), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде, 2009 жыл, № 9, 354-құжат, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында, 2009 жылғы № 8 жарияланған);
5) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 268 бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6582 болып тіркелген, "Казахстанская правда" 2010 жылғы 4 қарашадағы № 292 (26353). "Официальная газета" 2010 жылғы 12 қарашадағы № 46 (516), "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 6 қарашадағы № 459-460 (26303) жарияланған).
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы Д. Құсдәулетов