Қазақстан Республикасында спорттық іс-шараларды өткізу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесі туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 06-2-2/229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3030. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 13-жолдың "тауарлардың СЭҚ ТН бойынша коды" деген бағанындағы "7112" деген сандар "(7112 92 000 0-ді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі