Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 288 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай:
      1) «Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 169-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3004 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2013 жылғы 5 шілдеде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 312-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6538 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 қаңтарда № 9-10 (26412) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;
      2) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова