Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темiр жол станцияларын ашу және жабу ережелерiн бекiту туралы

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 283-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2969

Қолданыстағы

      "Teмip жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес  Бұйырамын :

      1. Қоса берiлiп отырған барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларын ашу және жабу ережелерi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Темiр жол көлiгі комитетi (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Ю.И.Лавриненкоға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

       Министр

"Барлық немесе кейбiр     
операцияларды орындау үшін  
темiр жол станцияларды ашу 
және жабу ережелерiн     
бекiту туралы"       
Қазақстан Республикасының  
Көлiк және коммуникациялар 
министрiнiң         
2004 жылғы 23 шілдедегі 
N 283-І бұйрығымен     
бекiтiлген        

  Барлық немесе кейбiр операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларды ашу және жабу ережелерi

      1. Барлық немесе кейбiр операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларды ашу және жабу ережелерi "Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.
      Ереже магистралдық темiр жол желiсi операторы, тасымалдау процесiнiң қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) арасындағы қатынастарды реттейдi.

      2. Барлық немесе кейбiр операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларды ашу мақсатында (бұдан әрi - станцияларды ашу) тасымалдау процесiнiң қатысушысы магистралдық темiр жол желiсi операторына ашылатын темiр жол станциясындағы тасымалдаудың қажеттiлiгі негiздемесiмен қоса жазбаша өтiнiш жiбередi.

      3. Барлық немесе кейбiр операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларды жабылу кезiнде (бұдан әрi - станцияларды жабу) тасымалдау процесiнiң қатысушысы магистралдық темiр жол желiсi операторына осы темiр жол станциядағы тасымалдауға арналған ұсыныстың және жүк, багаж, жүк-багаждың, мөлшерi, жолаушылар ағымының мөлшерi, сондай-ақ болжанып отырған станцияның жабылуы әсер етуге мүмкiндiк жасайтын жергiлiктi мағынадағы фактор төмендегіні растайтын құжаттармен қоса жазбаша өтiнiш жiбередi.

      4. Магистралдық темiр жол желiстiң операторы тасымалдау процесiнiң қатысушының станцияны ашу немесе жабу жөнiндегi өтiнiшiн алған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күндер iшiнде қарайды.

      5. Станцияны ашуға немесе жабуға келiсуден бас тартылу кезiнде магистралдық темір жол желiстiң операторы он күн iшiндe тасымалдау процестiң қатысушы адресiне негiзделген жауабын жiбередi.

      6. Магистралдық темiр жол желiстiң операторы белгiленген мерзiмде тасымалдау процесi қатысушының өтiнiшiн қарағаннан кейiн оны қарастыру және шешiм қабылдау үшiн барлық қосылатын құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

      7. Уәкiлеттi орган он күнтiзбелiк күндер iшiнде магистралдық темiр жол желiстiң оператормен келiсiлген станцияны ашуға немесе жабуға арналған өтiнiштi қарайды. Темiр жол станцияларды ашу және жабу туралы лайықты шешiм қабылданғаннан кейiн уәкiлеттi орган үш жұмыстық күндер iшiнде темiр жол станцияларды ашу және жабу туралы бұйрықты магистралдық темiр жол желiстiң операторына жiбередi.

      8. Уәкiлеттi орган станцияны ашудан бас тартуға құқылы, егер оны жобалау, құрылу кезде құрылыс нормалары және ережелерi, сондай-ақ уәкiлеттi органмен белгiленген техникалық талаптар бұзылған жағдайда.

      9. Мемлекеттiк, әлеуметтiк немесе қорғаныс маңызы бар станцияларды жабуға мүмкiндiгi болмаса уәкiлеттi орган бұл туралы магистралдық темiр жол желiстiң операторына хабарлайды. Магистралдық темiр жол желiстiң операторы уәкiлеттi органнан станцияларды жабуға мүмкiнсiздiгi туралы хабар алғаннан кейiн, тасымалдау процестiң қатысушыларына үш күн iшiнде бұл туралы хабарлайды.

      10. Магистралдық темiр жол желiстiң oпeраторды мемлекеттiк, әлеуметтiк немесе қорғаныс маңызы бар станцияларды жабуға мүмкiнсiздiгi туралы хабарлаған күннен бастап, уәкiлеттi орган үш ай мерзiмде осы станцияны қаржыландыру көзiн анықтауға мiндеттi. Егер уәкiлеттi орган белгiленген мерзiмде мемлекеттiк, әлеуметтiк немесе қорғаныс маңызы бар станцияларды қаржыландыру көзi анықталмаса, тасымалдау процестiң қатысушылары осы темiр жол станцияны жабуды немесе осы темiр жол станцияда жеке операцияларды орындауды тоқтату сот бойынша талап етуге құқылы.

      11. Магистралдық темiр жол желiстiң операторы барлық немесе кейбiр операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларды ашуға және жабуға уәкiлеттi органның бұйрығын алғаннан кейiн Темiр жолдар ынтымақтастығы ұйымын, мемлекеттер-қатысушылар Достығының темiр жол көлiгi бойынша Кеңес Дирекциясын, сондай-ақ Тәуелсiз мемлекеттер достығы және Балтия елдердiң темiр жол әкiмшiлiктердi белгiленген тәртiпте хабарлайды.
      Барлық немесе кейбiр операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларды ашу және жабу туралы шешiмi N 4 - тарифтiк басшылықта жарияланады.