Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 995 тiркелген "Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген және қаржылық рұқсат беруде көзделмеген мақсаттарға мемлекеттiк мекемелер пайдаланған бюджеттiк қаражатын қайтарып алу Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Респ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2747. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 211 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының " Бюджет жүйесі туралы " 1999 жылғы 1 сәуірдегі және " 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 37-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге жол жүрген кездегі арнайы рейстердің шығыстарына ақы төлеу." деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі