Тауарларды арнайы кеден режимiне орналастырудың тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2444. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексiнiң 253-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Тауарларды арнайы кеден режимiне орналастыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшіне енеді.

       Төрағаның міндетін орындаушы

Келісілді             
Қазақстан Республикасының   
Сыртқы істер министрі     
2003 жылғы 16 шілдеде     
 
  Келісілді            
Қазақстан Республикасының   
Қорғаныс министрі       
2003 жылғы 2 шілдеде      
 
  Келісілді            
Қазақстан Республикасының   
Ішкі істер министрі      
2003 жылғы 3 шілдеде     
 
  Келісілді            
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық қауіпсіздік      
комитетінің төрағасы     
2003 жылғы 17 шілдеде    
 
  Келісілді            
Қазақстан Республикасының   
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрі     
2003 жылғы 17 шілдеде   
 
  Келісілді            
Қазақстан Республикасының    
Төтенше жағдайлар жөніндегі  
агенттігі төрағасы      
2003 жылғы              
 
  Келісілді            
Қазақстан Республикасының    
Индустрия және сауда      
министрі            
2003 жылғы 16 шілдеде      
 
  Келісілді            
Қазақстан Республикасының   
Мемлекеттік материалдық    
резервтер жөніндегі      
агенттіктің төрағасы      
2003 жылғы                

"Тауарларды арнайы кеден режимiне    
орналастырудың тәртiбi туралы"    
Қазақстан Республикасының Кедендiк  
бақылау агенттiгi төрағасының     
2003 жылғы 2 шілдедегі         
N 333 бұйрығымен бекiтiлген     

  Тауарларды арнайы кеден режимiне
орналастыру ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi)  253-бабына сәйкес әзiрлендi және тауарларды мәлiмделген арнайы кеден режимiне орналастыру тәртiбiн айқындайды.

  2. Арнайы кеден режимiне орналастырылатын
тауарлар

      2. Арнайы кеден режимiне орналастыруға мынадай тауарлар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетiлетiн және шетелдiк мекемелер мен Қазақстан Республикасының өзге де ресми өкiлдiктерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге арналған тауарлар;
      2) Қазақстан Республикасының кеден аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасының әскери мекемелерi арасындағы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
      3) теңiз, әуе және темiржол көлiгi түрлерiмен тасымалданатын, көрсетiлген көлiк құралдарының қалыпты жұмыс iстеуi мен оларға техникалық қызмет көрсетуге, олардың экипажы мен жолаушыларының өмiр тiршiлiгiне арналған борттық запастар мен кеме қорлары;
      4) кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше оқиғалардың алдын алу мен жоюға арналған тауарлар, оның iшiнде төтенше оқиғалардың нәтижесiнде зардап шеккен адамдарға тегiн таратуға арналған, не коммерциялық емес қайырымдылық ұйымдарына беруге арналған тауарлар; құтқару авариялық-қалпына келтiру және басқа шұғыл жұмыстарды жүргiзу мен табиғи және техногендiк сипаттағы жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларға қатысатын азаматтық қорғаныс күштерi үшiн қажеттi тауарлар;
      5) аталған шикiзаттың, не өнеркәсiптiк өнiмнiң мүмкiн болатын сұранысын айқындау мақсатында зерттеулер (сертификациялар) жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн шикiзаттың, не өнеркәсiптiк өнiмнiң үлгiлерi. Бұл ретте үлгi деп осындай зерттеулердi жүргiзу үшiн жеткiлiктi шикiзаттың, не өнеркәсiп өнiмiнiң ең аз мөлшерi түсiнiледi.

  3. Тауарларды арнайы кеден режимiне орналастыру
үшiн қажеттi құжаттар

      3. Арнайы кеден режимiнiң талаптарына сәйкес Кеден  кодексiнiң 382-бабында көрсетiлген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      осы Ереженiң 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тауарлар бойынша - тауарлардың нақты тiзбесi көрсетiле отырып Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң растау хаты; 
      осы Ереженiң 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген тауарлар бойынша - тауарлардың нақты тiзбесi көрсетiле отырып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң растау хаты;
      осы Ереженiң 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген тауарлар бойынша - тауарлардың көлiк ұйымы куәландырған тiзбесi;
      осы Ереженiң 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген тауарлар бойынша - тауардың тиiстiлiгi көрсетiле отырып тауарға iлеспе құжаттар; тауарлардың нақты тiзбесi көрсетiле отырып Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, не Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiктiң растау хаты;
      осы Ереженiң 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген тауарлар бойынша - тауарлардың әкетiлу мақсатын растайтын құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң, не Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлiгiнiң шикiзат үлгiлерiнiң, не өнеркәсiптiк өнiмдердiң ең аз қажеттi мөлшерi туралы қорытындысы.