Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру тәртібінің регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 06-2-2/214 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2429. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 Бұйрығымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1103 Қаулысымен.

      "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының органдары туралы ережелер туралы" және "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының кеңесі Хатшылығының саны, құрылымы және квоталық лауазымдарды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер арасында бөлу туралы" Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мәскеу қаласындағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасарына 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй-жайды жалдағаны үшiн айына 1300 (бiр мың үш жүз) АҚШ доллары мөлшерiндегi сома бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 4 тамыздағы N 738 қаулысымен (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес қаражатты жұмсау республикалық бюджетте 002 "Қарулы Күштер қызметiнiң негiзгi түрлерiн қамтамасыз ету" бағдарламасының 106 "Сыртқы саясат мyдделерiн қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне көзделген қаражат есебінен жүргізіледі деп белгіленсін.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 4 тамыздағы N 738 қаулысымен (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      3. "Т.Ы.Бұзыбаев туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 159 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2003 жылғы 11 шілдедегі
N 686 қаулысымен   
бекітілген      

Мәскеу қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы
шарт ұйымының Бас хатшысы орынбасарының қызметін
қамтамасыз етуге байланысты шығыстар сметасы

__________________________________________________________________
Шығыстар атауы                 2003 жыл
                   _______________________________________________
                      Сомасы       |  бірінші    |   екінші
                      (айына       |  жарты      |   жарты
                      АҚШ долл.)   |  жылдық     |   жылдық
__________________________________________________________________
Ақшалай қамту         1400,0          8400,0            -

Тұрғын үйді ұстау     1000,0          6000,0          6000,0

Медициналық
шығыстар              100,0           600,0             -

Автокөлікке
қызмет көрсету
шығыстары             700,0           4200,0            -

Жиыны:                3200,0                   25200,0
__________________________________________________________________

      Барлық шығыс - 25200,0 АҚШ доллары