Экономика салаларын дамытудың, өндірістік күштерді орнықтыру сұлбаларының мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеген кезде жосықталған әрекеттердің қоршаған ортаға әсер етуін бағалаудың Ережелерін бекіту жайында

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 129-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2376. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 18-Ө Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012.02.17 № 25-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен.

     "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту: Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
     1. Қоса берiп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесi бекiтiлсiн.
     Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен.
     2. Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi (Жолдыбаева Ғ.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
     3. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев):
     Ережені ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгiленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
     Ереженi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгінің құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсін.
     4. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң өндiрiстiк мұқтаждар үшiн материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды тендерлiк негiзде сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03/1-НҚ бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.К.Әмiринге жүктелсiн.
     6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

    Төраға

Қазақстан Республикасының    
Табиғи монополияларды     
реттеу және бәсекелестiктi қорғау
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ
бұйрығымен бекiтiлген    
 

         Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары
реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар,
алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесi

     Ескерту: Атауындағы және одан әрі мәтін бойынша "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін  қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу" деген сөздер "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатып алу" деген сөздермен ауыстырылды;
     барлық мәтін бойынша "(жұмыстарды, қызметтерді)", "материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтер көрсетуді" деген сөздер тиісінше "жұмыстарды, қызметтерді", "тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылды;
     алғы сөздегі үшінші абзац алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен.

     Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және жалпы құқықтық және экономикалық қағидаттарды, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
     Осы Ереженiң мақсаттары табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды барынша үнемдi және тиiмдi қамтамасыз ету болып табылады.
     Осы Ережеде көзделген талаптар "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 18-4-бабының 9-тармағында 3-тармақтың екінші бөлігімен айқындалған рынок субъектiлерiне қолданылмайды.
       Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрығымен.

1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар

     Ескерту: 1-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .

     1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     1) тапсырыс берушінің қосылма тұлғасы - (оның қызметін берілген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) шешімді тікелей және (немесе) жанама анықтау және (немесе) табиғи монополия субъектісі қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың күшіне, ауызша шартты қоса, немесе өзге мәмілелерге әсер ету мүмкіндігі бар тұлға, сондай-ақ табиғи монополия субъектісіне қатысты осындай құқығы бар кез келген тұлға;
     2) ықтимал өнім берушінің қосылма тұлғасы - шешімді тікелей және (немесе) жанама анықтауға  және (немесе) осы ықтимал өнім беруші қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың күшіне немесе өзге мәмілеге әсер ету құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ осы ықтимал өнім берушіге қатысты осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;
     3) тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз ету - тендерге қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім беруші ұсынған ақша кепілзаты немесе банк кепілдігі;
     4) тапсырыс беруші - сатып алуды осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын табиғи монополия субъектісі;
     5) сатып алу - тапсырыс берушінің шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тапсырыс берушінің осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілмен сатып алуы;
      6) құзыретті орган - бір облыстың аумағында су шаруашылығы жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін салалық министрлік және (немесе) ведомство және (немесе) кәріз жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін - жергілікті атқарушы органдар, ал екі немесе одан да көп облыстар аумағында су шаруашылығы жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті;
     7) бір тектес тауарлар, жұмыстар, қызметтер -  бірыңғай болып табылмайтын, ұқсас сипаттамасы бар және оларға сол бір функцияны орындауға және өзара алмасатындай болуға мүмкіндік беретін ұқсас құраластардан тұратын тауарлар, жұмыстар және қызметтер;
     8) табиғи монополия субъектісі сатып алатын шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) - бір жылдың ішінде табиғи монополия субъектісі сатып алатын шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өлшем бірліктерін, көлемдерін, мерзімдерін, сатып алу тәсілдерін, сондай-ақ бір жылдың ішінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің әрбір түрін сатып алуға жұмсалған сомалардың ең жоғары мөлшері көрсетілген номенклатурасы;
     9) ықтимал өнім беруші - заңды, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер;
     10) тендер - ықтимал өнім берушілердің арасындағы бәсекелестікті көздейтін және сатып алу шартының барынша пайдалы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсілі;
     11) тендерлік құжаттама - тапсырыс берушінің тендер өткізу шарты мен тәртібін қамтитын тендерлік өтінім дайындау үшін ықтимал өнім берушіге ұсынатын құжаты;
     12) тендерлік өтінім - тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған ықтимал өнім берушінің тендерлік ұсынысы;
     13) тендерлік комиссия - осы Ережеде белгіленген жағдайларда және тәсілдермен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші қызметкерлердің ішінен  қалыптасатын комиссия;
     14) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
     15) стратегиялық тауарларды өндiрушiлер немесе стратегиялық тауарларды өндіруге (өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иесі болып табылатын - стартегиялық тауарларды өндiрушi не оларды шетел өндiрушiсiнiң атынан Қазақстан Республикасының аумағына тiкелей сататын жеке және заңды тұлға;
     16) мерзiмi өткен берешек - шартта не өтеу кестесiнде белгiленген мерзiмде төленбеген берешек;
     17) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектiлерi жылу энергиясын өндiру үшiн отын ретiнде пайдаланатын көмiр, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, су шаруашылығы және кәрiз жүйелерiнiң, газ – меншік мұқтажы үшін және ысырап газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін электр энергиясы.
     Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрықтарымен .

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің,
шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер
(бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді
сатып алу процесін құқықтық реттеу қағидаттары

     Ескерту: 2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .

     2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi мынадай қағидаттарды сақтай отырып өткiзедi, олар:
     1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтық және жариялылық;
     2) барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге тендерге қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
     3) әлеуеттi жеткiзiп берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк қағидаттарын сақтауға тиiс.

3-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің, сатып
алынатын, шығындары олар көрсететін  қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру
кезінде ескерілетін тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізбесін қалыптастыру

     Ескерту: 3-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .

     3. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын, 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде келесі күнтізбелік жылға, бірінші басшының бұйрығымен бекітілген қолы мөрмен расталған Тізбені қалыптастырады және құзыретті және уәкілетті органдарға мәлімет үшін жібереді. Құзыреттi және уәкiлеттi органға ұсынылатын тiзбе тiгiлуге және нөмiрленуге, соңғы бетi тапсырысшының бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен және тапсырысшының мөрiмен расталуға тиiс.
     Табиғи монополия субъектісі Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Тiзбеге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Тiзбеде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс және оларды қабылдаған сәттен бастап 10 күннен кешiктiрмей құзыреттi және уәкiлеттi органға ұсынылады.
     Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен.

     4. Сатып алу процесі:
     1) Тізбе жасауды күнтізбелік жылға;
     2) жеткізушіні таңдауды, олармен шарт жасасуды;
     3) шарттың атқарылуын қамтиды.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен .

4-тарау. Сатып алу тәсілдері

     Ескерту: 4-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен.

     5. Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы осы Ереженің 6 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында және Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     5-1. Стратегиялық тауарларды сатып алуды табиғи монополия субъектісі стратегиялық тауарларды өндірушілерден мына жағдайларды:
      электр энергиясының және қуаттың орталықтандырылған сауда нарықтарына рұқсат болмаған кезде тиісті тауар нарығында электр энергиясы тапшылығының болуы;
      табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға берілетін электр энергиясының көтерме нарығына қатысуға арналған талаптарға сәйкес келмеуі;
      электр энергиясын беру және тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын сатып алу;
      газды оның импортын жүзеге асыратын ұйымдардан, газ тапшылығы болған кезде сатып алу жағдайларын қоспағанда, тікелей сатып алуды жүзеге асырады.
     Ескерту: 5-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен .

     6. Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     7. Ашық және жабық тендерлер екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып, өткізілуі мүмкін.

     8. Ашық немесе жабық тендер өткізілгенге дейін он күн бұрын, тапсырыс беруші оның жүзеге асырылу тәсіліне қарамастан, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. Қайталама тендердi өткiзу кезiнде тапсырысшы оны өткiзгенге дейiн жетi күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етедi.
     Уәкілетті орган өз өкілін ашық және жабық тендер тәсілдерімен өткізілетін сатып алу рәсіміне қатысу үшін байқаушы ретінде жібере алады.
     Уәкілетті органның өкілі тендер комиссиясының құрамына енгізіле алмайды және тендер комиссиясы шешім қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
     Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ, 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен.

     8-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөнiндегi тендерлерге байқаушы ретiнде қатысуға құқылы.
     Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы уәкiлеттi органға тапсырысшының, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссиясы хатшысының (хатшылығының), техникалық сарапшылардың заңсыз iс-әрекеттерiне шағым жасауға құқылы.
     Ескерту: 8-1-тармақпен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 3 наурыздағы N 63-НҚ, 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .

     9. Табиғи монополия субъектісі, егер сатып алудың құндық көрінісінің жылдық көлемі осы Ереженің 65-тармағында белгілеген шекті мөлшерінен аспаған жағдайда, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тендер өткізбестен сатып алуды жүзеге асырады.
     Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен.

     9-1. Табиғи монополия субъектісі өздерінің қосылма тұлғалары үшін тендерді бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде көрінуге құқылы.

     9-2. Табиғи монополиялар субъектiлерi мазут және (немесе) дизель отынының түрiндегi стратегиялық тауарларды көрсетiлген мұнай өнiмдерiнiң меншiк иелерi болып табылатын мұнайдың меншiк иелерiнен немесе мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асырады.
     Ескерту: 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

5-тарау. Сатып алу процесiне байланысты шектеулер

      10. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген Тапсырыс беруші өткізетін тендерге (лотқа) Тапсырыс берушінің екі және одан көп аффилиирленген тұлғасының қатысуға құқығы жоқ.
      Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз).

     11. Тапсырыс берушiнiң қызметкерi сатып алу рәсiмдерiмен байланысты міндеттерді орындай алмайды, егер ол әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң лауазымдық немесе сенiмдi тұлғасы, жақын туысқаны (ата-анасы, жұбайы, зайыбы, бауырлары, апа-сiңлiлерi, балалары) не өзгедей түрде тендер нәтижесiне жеке мүдделi болып табылса.

     12. Әлеуеттi жеткiзiп берушi мен қосылма тұлғаның бiр тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

6-тарау. Әлеуеттi жеткiзiп берушiге қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

     13. Сатып алуға қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуға тиiс:
     1) сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің рыногында кемінде бір жыл кәсіби біліктілігіне, сондай-ақ жұмыс тәжірибесіне ие болуға тиіс. Сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің рыногында жұмыс тәжірибесінің болу қажеттілігі туралы талаптар шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне және мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдарына қолданылмайды;
     2) сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
     3) сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабiлетiнiң болуы;
     4) таратуға жатпайтын сатып алуды жүргiзу сәтiнде төлемге қабiлеттi болып табылуы, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тоқтатылуға тиiс емес.
     Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен, 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз).

     14. Әлеуеттi жеткiзiп берушi оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауда тапсырыс берушiге аттестаттарының, куәлiктерiнiң, патенттерiнiң, лицензияларының, сертификаттарының, дипломдарының, анықтамаларының өзге де құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
     Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен мiндеттi түрде аудит жүргiзуге белгiленген заңды тұлғалар да соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп бередi.

     15. Тапсырыс берушi әлеуеттi жеткiзiп берушiге осы ереженiң 13-тармағында көзделгеннен өзге бiлiктiлiк талаптарын белгілеуге құқығы жоқ.

6-1-тарау. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұзақ мерзімді кезеңге сатып алу

      15-1. Табиғи монополиялар субъектісіне құрылыс мердігерлік жұмыстарға және бір жылдан астам кезеңге олармен байланысты қаржылық қызметтер ұсынуға шарттар жасасуға рұқсат етіледі.
      Шарт жасасу үшін мынадай қосымша құжаттар:
      1) Жобалау-алдындағы және/немесе жобалау-сметалық құжаттама;
      2) құрылысқа арналған техникалық құжаттама қажет.
      15-2. Ұзақ мерзімді кезеңге сатып алуды осы Ережеде белгіленген тәртіппен табиғи монополия субъектісі жүзеге асырады.
      15-3. Ұзақ мерзімді кезеңге сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер шарттың қолданылу мерзімі көрсетілген Тізбеде көрсетілуге тиіс.
      Ескерту. 6-1-тарау жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-бөлiм. Сатып алуды ашық тендер тәсiлiмен
жүзеге асыру 7-тарау. Ашық тендердi ұйымдастыру

     16. Ашық тендер өткiзу туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күнге дейiн жиырма күнтiзбелiк күн бұрын мерзiмдi басылымда хабарландыру жарияланымдармен құлақтандырылады.
     Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiсi аптасына үш реттен жиi емес шығатын мерзiмдi баспасөз басылымда, ал Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiсi және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымда тендер өткiзу туралы хабарламаны жария етедi.
     Тендерлiк өтiнiмдердi қабылдаудың түпкiлiктi мерзiмi мен тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу процестерi арасындағы уақыт ұзақтығы екi сағаттан аспауға тиiс.
     Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен .

8-тарау. Тендер өткiзу туралы
хабарландыру (хабарлама)

     17. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама) мынадай мәлiметтердi:
     1) тапсырыс берушiнiң атауын және мекен-жайын;
     2) сатып алудың атауы (сатып алудың атауы Тізбеде көрсетілген сатып алудың атауына сәйкес келуге тиіс), көлемi, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің кем дегенде бес атауы, сатып алынатын материалды, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетудi жеткiзу орнын. Бір тендерде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бес және одан көп атауларын сатып алған жағдайда, тендерді өткізу туралы хабарландыру сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің толық тізбесі тапсырысшының тендерлік құжаттамасында көрсетілген сілтемені қамтуға тиіс. Тапсырысшының web-сайты болған кезде, соңғысы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің толық тізбесін web-сайтта көрсетеді;
     3) сатып алынатын материалдарды, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетулердi жеткiзудiң талап етiлген мерзiмiн;
     4) тендер құжаттамасын алудың тәсiлi мен орны және оның құнын;
     5) тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың орны мен түпкiлiктi мерзiмiн;
     6) тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнi, уақыты мен орнын;
     7) тапсырыс берушi айқындайтын өзге де қажеттi ақпаратты қамтуға тиiс.
     Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ ( қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

9-тарау. Тендерлiк комиссия

     18. Хабарландыру жарияланғанға дейiн, ашық тендер өткiзу туралы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жабық конкурс өткiзу кезiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге хабарламалар жiберу кезiнде, тапсырыс берушi тендерлiк құжаттаманы, сондай-ақ тендерлік комиссияның құрамын, тендерлік комиссияның хатшысын бекітеді, ал қажетті болған жағдайда техникалық сарапшыларды белгілейді.
     Осы тармақта көрсетілген барлық шешімдер, тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының шешімі немесе бұйрығы (бұйрықтар) деп қабылданады.
     Тендерлік комиссия тендерлік комиссия құру және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін сатып алуды өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап іс-қимыл жасайды.
     Тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға және бес адамнан кем болмауға тиіс.
     Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін, тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиіс.
     Тапсырыс беруші тендерлік комиссия мүшелерінің ішінен тендерлік комиссияның төрағасын тағайындайды.
     Тендерлік комиссияның мәжілісінде тендерлік комиссия мүшесі өндірістік және өзге себептермен жоқ болған жағдайда тендерлік комиссия мәжілісінің хаттамасында оның жоқ болу себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетілуі тиіс.
     Тапсырысшы барлық қаржы жылына тұрақты құрамы бар тендерлік комиссия құруға құқылы.
     Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ , ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрықтарымен. 

     19. Тендерлік комиссия төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
     1) мерзімді басылымдарда ашық тендер өткізу туралы хабарландыруларды жариялайды;
     2) жабық конкурс өткізу туралы әлеуетті жеткізіп берушілерге хабарламалар жібереді;
     3) қажет болған жағдайда, тапсырысшыға тендерлiк құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
     4) тендерлік өтінімдер бар конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді;
     5) тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуды жүргізеді;
     6) тендерлік өтінімдерді қарайды, бағалайды, салыстырады;
     7) тендерлік өтінімдерді осы Ережелерге сәйкес қабылдамай тастайды;
     8) тендерлік өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде тендер қорытындысын шығарады;
     9) тендердің қатысушыларын тендер қорытындысы туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Ескерту: 19-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .

     20. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссияның жалпы санның кем дегенде үштен екі мүшелері қатысқан жағдайда өткізіледі.
     Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Егер дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
     Тендерлiк комиссияның мүшелерi жазбаша түрде баяндалуға және ашу хаттамасына қоса берiлуге немесе тендердiң нәтижелерiн шығаруға тиiс ерекшe пiкiрге құқығы бар.
     Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .

     21. Тендерлiк комиссияның хатшысы тендерлiк комиссиясының мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
     Тендерлiк комиссияның хатшысы әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге тендерлiк құжаттама ұсынады, тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi қабылдайды, тендерлiк комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және тендерлiк комиссия отырыстарының олар өткеннен кейiн хаттамаларын ресiмдейдi, келiп түскен тендерлiк өтiнiмдер мен тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердiң ұсынылған уақыты мен күнi, әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң (тендерлiк өтiнiмi бар конверттi ұсынушы және тендерге қатысушы тұлғаның) аты-жөнi көрсетiлген, конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiркеу журналын жүргiзедi.
     Тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiркеу журналы және тендерлiк өтiнiмдердi және тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тiркеу журналы тiгiлуге, нөмiрленуге, соңғы бетi бiрiншi басшының қолымен және тапсырысшының мөрiмен расталуға тиiс.
     Тапсырысшы қажет жағдайда хатшының жұмысын орындау үшін хатшылық құра алады, ол осы Ережемен белгіленген жағдайларда хатшылық атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті жауапты тұлғаны көрсетумен тапсырысшының тендерлік комиссия құру туралы бұйрығында көрсетілуі тиіс.
     Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .

     22. Техникалық сарапшылар тендерлiк комиссия құрамына кiрмейдi және тендерлiк комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
     Техникалық сарапшылар әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ұсынған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң тендерлiк құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде қорытынды бередi. Сараптық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.

     22-1. Тендерлiк комиссияның осы Ереженiң нормаларын бұза отырып қабылданған шешiмдер заңсыз деп танылады.
     Ескерту: 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .

10-тарау. Тендерлiк құжаттаманың мазмұны

     23. Тапсырыс берушi барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге мынадай ақпараттарды:
     1) оның ұсынылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауға әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ұсынуға тиiстi құжаттардың тiзбесiн;
     2) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң сипатын, олардың қажеттi техникалық және сапалық сипаттамасын, техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды қоса;
     3) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң санын (көлемiн);
     4) сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткiзiп берудiң орны мен шартын;
     5) сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткiзiп берудiң талап етiлген мерзiмiн;
     6) төлем шартын және сатып алу шартының жобасын;
     7) ұтып шыққан тендерлiк өтiнiм деп белгiленуге тиiстi бағалардан басқа, өлшемдердiң сипатын, бағалау әдiсiнiң сипаты мен тендерлiк өтiнiмдердi салыстыруды;
     8) тендерлiк өтiнiмнiң бағаларын есептеудiң тәсiлi мен әдiсiн, баға тасымалдау мен сақтандыруға, кеден бажын, салықтар, алымдар мен басқаларды төлеуге арналған шығыстар тәрiздi элементтердi қамтуға тиiс пе, соны көрсетудi қоса;
     9) тендерлiк өтiнiмнiң бағасын оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн қолданылатын тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен бағамы көрсетiлуге тиiстi валютаны немесе валюталарды;
     10) тендерлiк өтiнiмдi, сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңнамасына сәйкес жасаудың және ұсынудың тiлiне қойылатын талапты;
     11) тендерлiк өтiнiмнiң мерзiмiн көрсететiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң мiндетi туралы ақпаратты;
     12) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етуге енгiзiлген тәртiптi, нысанды, мерзiмдi;
     13) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi өзгерту немесе қайтарып алу құқығын және тапсырысшының, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылықтың) және техникалық сарапшылардың заңсыз iс-қимылдарына әлеуеттi жеткiзушiнiң шағымдану құқығын көрсетудi;
     14) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың орны мен түпкiлiктi мерзiмiн және олардың қолданылу мерзiмiн;
     15) әлеуеттi жеткiзiп берушiлер көмегiмен тендерлiк құжаттаманың мазмұны бойынша түсiндiру сұрата алатын тәсiлдердi, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң осы кезеңде жеткiзiп берушiлермен ашық нысанда жеткiзiп беретiн және хаттама жасай алатын кездесулер өткiзу ниетi туралы хабарды;
     16) тендерлік өтiнiмдер бар конверттердi ашу орнын, күнiн және уақытын (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу уақыты, тендерлiк өтiнiмдердiң ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқтау сәтiнен бастап екi сағаттан аспауға тиiс);
     17) тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу және тендерлiк өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдердi;
     18) тендердi өткiзу кезiнде ұсынылатын тапсырыс берушiнiң, оның уәкiлеттi лауазымды тұлғалары туралы мәлiметтердi;
     19) әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге - жауапты тауар өндiрушiлерге басымдық берудiң шарты мен тәртiбiн қамтитын тендерлiк құжаттаманы ұсынуға мiндеттi.
     Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     24. Бiртектес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу жөнiнде тендер өткiзу кезiнде тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi оларды жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiкке (лотқа) бөлуге мiндеттi. Сонымен бiрге тендердiң жеңiмпазы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң әрбiр лоты бойынша айқындалады.
      Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .

     25. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тапсырыс берушiден тендерлiк құжаттаманың түсiнiктемесiн, тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтізбелік күн бұрын сұратуға құқылы. Тапсырыс берушi өтiнiмдi алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы сауалға жауап беру және мұндай түсiнiктеменi тендерлiк құжаттама жолдаған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге жiберуге тиiс.
    Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен .

     26. Тапсырыс берушi өз бастамасы бойынша тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкілiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнiнен кешiкпейтiн мерзiмде немесе әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң сауалына берген жауапқа тапсырысшының бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның шешім қабылдауы немесе бұйрық (бұйрықтар) шығаруы жолымен тендерлiк құжаттамаға өзгерiстер енгiзуге құқылы.
     Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi бар және олар туралы тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлер дереу хабардар етiледi. Сонымен бiрге тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың түпкiлiктi мерзiмiн тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдердегi осы өзгерiстердi әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң ескеруi үшiн кем дегенде он күнтiзбелiк күн мерзiмiне ұзартады.
     Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ , 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

     27. Тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада көрсетілген белгiлi орны мен уақытта тендерлiк құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушiлермен кездесулер өткiзуге құқылы.
     Сонымен бiрге тапсырыс берушi кездесу барысында тендерлiк құжаттаманы түсiндiру туралы қойылған сұрақтарды, сондай-ақ осы сұрақтарға берілген жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге дереу жiберiледi.

     28. Тендерлiк құжаттаманы тапсырыс берушi бекiтедi.

     29. Тапсырыс берушi ұсынылған тендерлiк құжаттама үшiн тендерлiк құжаттаманы көшiруге жұмсалған нақты шығыннан аспайтын төлем өндiріп алуға құқылы.
     Төлем тапсырыс берушiнiң банктiк шотына немесе оның бухгалтериясына енгiзiледi. Төлем туралы растау тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттаманы алған кезде ұсынылады.
     Тендерлiк құжаттама тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiретiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен ұйымдарына, Қазақстан Республикасы мүгедектерi құрған қоғамдық бiрлестiктерiне тегiн берiледi.

11-тарау. Тендерлiк өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi,
мазмұны, оны беру, өзгерту және қайтарып алу

     30. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттамаға сәйкес тендерлiк өтiнiмдi мөрленген түрде ұсынуға мiндеттi.

     31. Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн алынған тендерлiк өтiнiм ашылмайды және оны ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiге қайтарылады.

     32. Тендерлiк өтiнiм онда тендерлiк құжаттамаға сәйкес көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
     Тендерге қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынған тендерлiк өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi кем дегенде отыз бес күнтізбелік күн болуға тиiс.
     Тендерлiк құжаттамада көрсетiлген қолданылу мерзiмi барынша қысқа болса, тендерлiк өтiнiм қабылданбайды.
    Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен .

     33. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген, заңды тұлға болып табылатын әлеуеттi тұлғаның тендерлiк өтiнiмi:
     1) 3-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға арналған өтiнiмдi;
     2) әлеуеттi жеткiзiп берушiге ұсынған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растау құжаттарын:
     әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзiп беруге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған (не заңмен белгiленген нысандағы) көшiрмелерiн;
     егер сатып алынған жұмыстар мен қызметтер лицензияланбаған жағдайда, онда әлеуеттi жеткiзiп берушi орындайтын қызметтер түрлерiнiң тiзбесi бар заңды тұлға жарғысынан алынған үзiндiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе сауда тiзiлiмiнен (Қазақстан Республикасының резидент еместерi үшiн) мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiне аудармасы бар нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзiндiнi ұсынуы қажет;
      бірінші басшы немесе оның орнын алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;
     Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен аудиттi мiндеттi түрде өткiзу белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржылық жыл үшiн аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;
     заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiктерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
     статистикалық карточканың нотариалды расталған көшірмесін;
     егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, онда статистикалық карточканың нотариалды расталған көшірмесін ұсыну талап етілмейді;
     құрылтай шартынан немесе құрылтайшылар құрамы туралы жарғыдан алынған нотариалды куәландырылған үзiндiнi, не конверттерді ашу күнінің алдындағы 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген акциялар ұстаушыларының тізілімінен нотариалды куәландырылған көшірмесін;
     тендерлiк өтiнiмдерiмен конверттердi ашқан күнге дейiн үш айдан кешiктiрмей берiлген Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушiнiң салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналар мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;
     ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш ай бұрын, банктің (банктердің) алдында мерзімі өткен берешектерінің болмауы туралы (егер ықтимал өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше көптеген банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) бірінші басшының немесе тиісті оң растауы болған жағдайда, оны алмастыратын тұлғаның және бас бухгалтердің қолы мен банктің (банктердің) мөрі бар банктің (банктердің) анықтамасы;
      банк (банктер) алдында әлеуеттi жеткiзушiнiң мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы тендерлік өтінімдерімен конверттерді ашу күнінің алдындағы үш ай бұрын банктiң (банктердiң) анықтамасы. Егер әлеуеттi жеткiзушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылған жағдайда, осындай анықтама банктiң (банктердiң) мөрi басылған бiрiншi басшысының қолымен немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен мұндай банктердiң әрқайсысынан берiледi.
      Егер анықтамада банктiң бiрiншi басшысының қолы болмаса, онда анықтамамен осындай анықтамаға осы тұлғаның қол қою құқығы берiлгенiн көздейтiн құжаттың көшiрмесiмен берiлуге тиiс;
     қалған жағдайларда, егер Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын ықтимал өнім берушіге осы тармақта көзделген ұсынылуға тиісті құжаттар ұсынылмаса, онда бұл өнім беруші жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттар ұсынылады;
     төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмi өткен жағдайларда, осы салық органының бiрiншi басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның мөрленiп, қолы қойылған анықтаманы қамтуға тиiс;
     қосымша құн салығы бойынша есепке алу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     3) әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынып отырған бағаны, жеткiзiп берiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң, iлеспе қызметтердiң құнын қоса, түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтуға тиiс 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған соңғы бағаны;
     4) тауарлардың шыққан жерi мен сапасы куәлiктерiнiң және/немесе сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн (не заңмен белгiленген нысандағы көшiрмесiн), сондай-ақ сатып алуға арналған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң қолайлылығын және тендерлiк құжаттаманың сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттарды;
     5) техникалық сертификаттарды;
     6) ұсынып отырған iлеспе қызметтердi;
     7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын;
     8) тендерлiк құжаттамаға сәйкес ұсынуға қажеттi және басқа да құжаттарды қамтуға тиiс.
     Ескерту: 33-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ , ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ , 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ , 2006 жылғы 3 наурыздағы N 63-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .

     34. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген жеке кәсiпкерлiк немесе жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынатын тендерлiк өтiнiм:
     1) тендерге қатысуға арналған 5-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi және жеке куәлiгiнiң немесе паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжаттардың орын алмастыруға қабылдау туралы iшкi iстер органдары берген анықтаманың көшiрмесiн;
     2) әлеуеттi жеткiзiп берушiге ұсынған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растау құжаттарын:
     әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзiп беруге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған (не заңмен белгiленген нысандағы) көшiрмелерiн;
     заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, тиiстi мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
     банк (банктер) алдында әлеуеттi жеткiзушiнiң мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы тендерлiк өтiнiмдерiмен конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай бұрын банктiң (банктердiң) анықтамасы. Егер ықтимал өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылған жағдайда, осындай анықтама банктiң (банктердiң) мөрi басылған бiрiншi басшысының қолымен немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен мұндай банктердiң әрқайсысынан берiледi. Егер анықтамада банктiң бiрiншi басшысының қолы болмаса, онда анықтамамен осындай анықтамаға осы тұлғаның қол қою құқығы берiлгенiн көздейтiн құжаттың көшiрмесiмен берiлуге тиiс;
      тендерлiк өтiнiмдерiмен конверттердi ашқан күнге дейiн үш айдан бұрын болмайтын Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушiнiң салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық орган белгiлеген нысандағы анықтама;
     3) әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынып отырған бағаны, жеткiзiп берiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң, түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтуға тиiс 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соңғы бағаны;
     4) куәлiктердiң және/немесе сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн (не заңмен белгiленген нысандағы көшiрмесiн), сатып алуға арналған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң қолайлылығын және тендерлiк құжаттаманың сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттарды;
     5) техникалық сертификаттарды;
     6) ұсынып отырған iлеспе қызметтердi;
     7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтуға тиіс.
     Ескерту: 34-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     35. Әлеуеттi жеткiзiп берушi өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн, сонымен бiрге өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн кепiлдi қамтамасыз етiлуiн, қайтаруға берiлген құқығын жоғалтпастан өзгертуге немесе қайтаруға құқылы. Қайтарып алу туралы хабарламаны әлеуеттi жеткiзiп берушi жазбаша нысанда, бiрақ тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың түпкiлiктi мерзiмiнен кешiктiрмей жiберуге тиiс.
     Тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдерге өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

     36. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде ұсынады және соңғы бетi мөрмен расталады.
     Тендерлiк өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер үшiн соңғы бетi қойылған қолмен немесе мөрмен расталған) мен банк кепiлдiгiнiң түпнұсқасы тендерлiк өтiнiмге жеке берiледi. Бұл ретте, егер техникалық ерекшелiк және (немесе) банктiк кепiлдiк тендерлiк өтiнiммен бiрге тiгiлсе, онда ол осы тендерлiк өтiнiмнен бас тартуға негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда банктiк кепiлдiктiң түпнұсқасы әлеуеттi жеткiзушiге қайтарылмайды.
     Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     37. Әлеуеттi жеткiзiп берушi "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп көрсете отырып, тендерлiк құжаттамада тапсырыс берушi қажетiне қарай көрсетiлген тендерлiк өтiнiм көшiрмелерiнiң қажетті санын ұсынады.
     Тендерлiк өтiнiм түпнұсқалардың көшiрмелерi машинкада басылуға немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуға немесе оған әлеуеттi жеткiзiп берушi қол қоюға тиiс.
     Тендерлiк өтiнiм жолдарының арасында ешқандай сөз енгiзу, өшiру немесе қосып жазу, әлеуеттi жеткiзiп берушiге грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзету жағдайларын қоспағанда, болмауға тиiс.

     38. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмнiң түпнұсқасы мен әрбiр көшiрмесiн, оларды "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп белгiлей отырып, әртүрлi конверттерге салып мөрлейдi. Осы конверттерде әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы мен мекен-жайы көрсетiлуге тиiс, бұдан кейiн сыртқы конвертке салынып мөрленедi.
     Iшкi және сыртқы конверттерде:
     1) тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мекен-жай бойынша тапсырыс берушiге жолдануға;
     2) "______________________________ сатып алу жөнiндегi тендер"
                (тендердiң аты)
және _____________________________________________________________
     (тендерлiк құжаттамасында көрсетiлген конверттердi ашу күні
                              және уақыты)
деген сөздер қамтылуға тиiс.
     Осы ереженiң 35-тармағында көзделген тендерлiк өтiнiмдi өзгертудi әлеуеттi жеткiзiп берушi дайындауға және тендерлiк өтiнiмнiң өзi сияқты ұсынуға тиiс.

12-тарау. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету

     39. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi ұсынған кезде, сонымен бiр мезгілде тендерлiк құжаттамада көзделген тәсiлмен және шарттар нысанында оның тендерлiк өтiнiмде ұсынылған сатып алынатын материалдық, қаржылық pecурстap мен қызметтер құнының бiрден үш процентке дейiнгi мөлшерде кепiлдi қамтамасыз етудi енгiздi.
     Ескерту: 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     40. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету:
     1) банкте орналастырылған ақша кепiлi;
     2) банк кепілі түрінде ұсынылуы мүмкін;
     3) Тапсырыс берушінің кассасына ақша қаражаттарын енгізу.
     Тендерлiк өтiнiмдi ақша кепiлi түрiнде қамтамасыз етудi әлеуеттi жеткiзiп берушi тапсырыс берушiнiң тиiстi шотына енгiзедi.
     Ескерту: 40-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .

     41. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi тендерлiк өтiнiмнiң өзiнiң қолданылу мерзiмiнен кем болмауға тиic.

     42. Тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
     1) тендерлiк өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;
     2) сатып алу шарты күшiне енген;
     3) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған;
     4) тендерлiк құжаттама талаптарына жауап бермейтiн ретiнде тендерлiк өтiнiмдi қабылдамаған;
     5) тендер жеңiмпазын айқындамастан сатып алу рәсiмiн тоқтатқан жағдайлар болған сәттен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қайтарады.

     43. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету тендерлiк өтiнiмдi және оның қамтамасыз етiлуiн ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiге егер әлеуеттi жеткiзiп берушi:
     1) тендерлiк өтiнiмдi берудiң түпкілікті мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған немесе өзгерткен;
     2) сатып алу шартын жасамаған, егер ол тендер жеңiмпазы деп белгiленген жағдайларда қайтарылмайды.

      44. Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiмен құрылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндiретiн ұйымдар болып табылатын әлеуеттi жеткiзушiлер тендерлiк құжаттамада көзделген тәсiл мен шарттар нысанда олардың тендерлiк өтiнiмдерiнде ұсынылған, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң құнынан бiрден бiр жарым процентке дейiн мөлшерде тендерлiк өтiнiмнiң кепiлдiктi қамтамасыз етуiн енгiзедi.
      Ескерту: 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      44-1. Әлеуеттi жеткiзушiлер, егер:
      1) шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылса және тұтастай тендер бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң көлемi құндық көрiнiсiнде айлық есептiк көрсеткiштен алты мың есе мөлшерден аспаса;
      2) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiмен құрылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндiретiн ұйымдар болып табылса, тендер бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң көлемi құндық көрiнiсiнде айлық есептiк көрсеткiштен он сегiз мың есе мөлшерден аспаса;
      3) екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып тендердiң бiрiншi кезеңiне қатысса тендерлiк өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн енгiзбейдi.
      Ескерту: 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

13-тарау. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу

     45. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мерзiмде және орында тендерлiк комиссия ашады.
     Әлеуеттi жеткiзiп берушілер не олардың өкiлдерi тендерлiк өтiнiмдердi ашу кезiнде қатысуға және бейне- және дыбыс техника құралдарын пайдалануға құқылы.
      Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     46. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу кезiнде тендерлiк комиссия қатысушы тұлғаларға тендерге қатысушы әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң атауы мен мекен-жайын, олар ұсынған бағаларды, жеткiзiп берудiң шарты мен төлемiн, тендерлiк өтiнiмдердi қайтарып алу мен өзгертудi, егер олар құжаттамада көрсетiлсе, тендерлiк өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы мен болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және осы ақпаратты тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасына тiркейдi.
     Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi ашу рәсiмi кезiнде қатысқан әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге  алған күнi мен уақытын көрсете отырып, қолдарын қойғызып берiледi, жоқ болғандарға - олардан тиісті сұраным алған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде жолданады.
     Ескерту: 46-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
      46-1. Тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасы тендерлік өтінімдер бар конверттер жоқ болған жағдайда жасалмайды.
      Ескерту: 46-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14-тарау. Тендерлiк өтiнiмдердi
бағалау және салыстыру

     47. Тендерлiк өтiнiмдердi бағалағанда және салыстырғанда:
     1) тендерлiк комиссия әлеуеттi жеткiзушiден олардың тендерлiк өтiнiмдерiне сәйкес түсiнiк сұраттыруға құқылы;
     2) тендерлiк өтiнiмдi тендерлiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн ұсыныстар және рұқсаттар бойынша сауалдама жасауға жол берiлмейдi.

     48. Тендерлiк комиссия өтiнiмдi мынандай жағдайда керi қайтарады:
     1) әлеуеттi жеткiзуші бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
     2) тендерлiк құжатта қаралған шартқа сәйкес әлеуеттi жеткiзушi өтiнiмнiң сол нысандағы көлемде өтiнiмдi қамтамасыз етпесе;
     3) тендерлiк өтiнiм тендерлiк құжаттың талаптарына жауап бермесе;
     4) тендерге қатысуға жiберiлген әлеуеттi жеткiзушiлердiң тендерлiк өтiнiмдерiнiң бағалары осы материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуға бөлiнген қаржыдан артық болса.

     48-1. Тендерлiк комиссия бас тартқан тендерлiк өтiнiм бағалауға және тендерлiк өтiнiмдердi салыстыруға қабылдана алмайды.
     Ескерту: 48-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      49. Тендерлік комиссия тендерді немесе сатып алуды лот бойынша мынадай жағдайда өткерілмеген деп таниды, егер:
      1) тендерге қатысуға біліктілік талаптарын қанағаттандыратын кем дегенде екі ықтимал өнім берушіден тендерлік өтінім түскен жағдайда;
      1-1) тендерге қатысуға тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап беретін кем дегенде екі тендерлік өтінім ұсынылған жағдайда;
      2) ұсынылған барлық тендерлік ұсынымдар тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап бермегендік ретінде қабылданбаған жағдайда;
      3) тендерге қатысуға бір ғана ықтимал жеткізуші өтінім берген жағдайда. Тендерлік өтінімі бар конверт ықтимал өнім берушіге ашылмастан қайтарылады.
     Ескерту: 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ , 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      50. Егер тендер жалпы немесе қандай да лот бойынша өткiзiлмеген деп танылған кезде, тапсырыс берушi:
      1) қажет болғанда тендерлік құжаттаманы өзгертеді және қайта тендер өткізеді;
      2) тендердi екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып өткiзедi.
      Қайта ашық тендер өткізу қажет болғанда тапсырысшы тендерлік өтінім қабылдау аяқталғанға дейін он күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөзде хабарлама жариялайды.
      Осы тармақта көрсетілген іс-қимылдар тапсырысшының бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімімен немесе бұйрығымен (бұйрықтарымен) ресімделеді.
    Ескерту: 50-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ , 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

     51. Тендерлiк комиссия тендерлiк комиссия бас тартпаған тендерлiк өтiнімдердi бағалайды және салыстырады, мынадай өлшемдер негiзiнде немесе тендердiң ең төменгi бағасы бойынша жеңiмпазды анықтайды:
     1) пайдалануға кеткен шығыны, жөндеу және техникалық қызмет;
     2) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізіп беру мерзімі;
     3) материалдық ресурстардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамасы;
     4) төлемнiң шарты;
     5) тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге арналған кепілдіктердің шарттары;
     6) отандық тауар өндiрушілердi - әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi қолдау;
     7) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң бiлiктiлiк туралы деректерi.
     Ескерту: 51-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .

     51-1. <*>
     Ескерту: 51-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз ).

     52. Тендерлiк комиссия тендерлiк жеңiмпазды анықтаған кезде отандық әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тендерлiк өтiнiмiнiң бағасын шартты 20 пайызға төмендетедi.
     Отандық тауар өндiрушiлер - 85 пайыздан кем емес жергiлiктi еңбек ресурстарын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резидентi және Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға дайын тауар өндiретiн, заңды немесе жеке тұлға.

     53. Тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысын тендерлік өтiнiмдер конверттерi ашылғаннан кейiн жиырма күн мерзiмiнен кешiктiрмей қорытындылайды.
     Ескерту: 53-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 3 наурыздағы N 63-НҚ бұйрығымен .

     54. Тапсырысшы жетi жұмыс күнi iшiнде тендердiң (бiр көзден сатып алу) қорытындыларын шығарған күнiнен бастап барлық қатысқан әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тендер өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымында тендердiң атауын, жеңiмпазды, тендер жеңiмпазы ұсынған тауардың, жұмыстың және қызметтiң атауы мен бағасын көрсете отырып, тендердiң нәтижелерiн жариялау арқылы хабардар етедi.
     Ескерту: 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     55. <*>
     Ескерту: 55-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

15 тарау. Тендердiң қорытындысы туралы хаттама

     56. Тендер арқылы сатып алуды iске асырған кезде, тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысы жөнiнде мынадай ақпаратты қамтитын хаттаманы рәсiмдеуге мiндеттi:
     1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызмет түрлерiнiң қысқаша сипаттамасы мен атауы;
     2) тендерлiк өтiнiмдi ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң мекен-жайлары мен атаулары;
     3) тендерлiк өтiнiм ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң бiлiктiлiк деректерi;
     4) әр тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен басқа негiзгi шарттары;
     5) тендерлiк өтiнiмдердi салыстыру мен бағасын жазу;
     6) тендерлiк өтiнiмдi керi қайтарғанда - оларды керi қайтарудың негiздерi;
     7) әр лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы мен мекен-жайы, жеңiмпазды анықтаудың шарттары;
     8) егер тендер жеңiмпазы анықталмаған кезде - комиссияның ондай шешiм қабылдауға негiзi;
     9) тендерлiк құжаттарды сұрастырудың толық жазбасы, оларға жауаптар, сонымен қатар тендерлiк құжаттардың өзгертулерi мен толықтыруларына жазбалар;
     10) сатып алу туралы шартқа қол қойылатын мерзiмi (тендер жеңiмпазының хабарды алған күнiнен бастап он жұмыс күнiнен артық eмec);
     11) техникалық сарапшылар тарту туралы ақпарат;
     12) егер конкурс өткен жағдайда, онда Тапсырыс беруші Тізбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлген сома.
     Ескерту: 56-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен , 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз ).

     57. Тендерге қатысушының талабы бойынша оған тендер жеңiмпазының таңдалуы жайында және нәтижесi туралы толықтай ақпарат жазба түрiнде берiлуi тиiс.

     57-1. Әлеуеттi жеткiзiп берушi уәкiлеттi органға тапсырысшының, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылығының) және техникалық сарапшылардың заңсыз iс-қимылдарына шағымдануға құқылы.
     Ескерту. 57-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     57-2. Ескерту. 57-2-тармақ алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен .

3-бөлiм. Басқа жолдармен сатып алуды iске асыру 16-тарау. Жабық тендер

     58. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тапсырысшыға бұрын белгілі болған, ықтимал өнім берушілердің шектеулі санында ғана болған жағдайда жабық тендер өткізіледі.
      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен .

     58-1. Ескерту. 58-1-тармақ алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен .

     59. Жабық тендер өткiзу туралы хабар барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызмет түрлерi оларда нақтылай болғанда, тендерге қатынасуға өтiнiмдердi қабылдаудың мерзiмi аяқталуына жиырма күн қалғаннан кешiктiрiлмей жiберiледi.
     Хабар жiберiлетiн әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы бекiтедi.

     60. Жабық тендер арқылы сатып алу iске асырылған кезде осы Ереженiң 2-бөлiмiнде қаралған нормалар қолданылады.

17-тарау. Екi кезеңдiк рәсiмдеу арқылы
өткiзiлетiн тендер

     61. Екi кезеңдiк рәсiмдеу арқылы тендер мынадай жағдайда өткiзiледi:
     1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызмет түрлерiнiң айрықшылығына байланысты қалыптастырудың, сондай-ақ техникалық мiнездемесiнiң және сапа көрсеткiшiн анықтаудың күрделiлiгi;
     2) ғылыми зерттеулер, тәжiрибелер, iздестiрулер, әзiрлеулер жасаудың қажеттiгi;
     3) бiр кезеңдiк ашық немесе жабық тендер өткiзу жеңiмпазды анықтай алмаса.

     62. Екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып тендер өткiзу келесi кезеңдердiң жиынтығы болып есептеледi:
     1) тендерлiк құжаттардың негiзiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден сатып алынатын материалдық, қаржылай ресурстардың және көрсететiн қызмет түрлерiнiң техникалық, сапалық сипаттамасы, оларды жеткiзудiң талаптары (орындалуы, көрсетiлуi); әлеуетi жеткiзiп берушiнiң өтiнiмдерге сәйкес ұсынған алғашқы өтiнiмiн бағаны көрсетпестен қарау; әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң бiлiктiлiк деректерiн қарау; керек болған жағдайда материалдық, қаржылық ресурстардың және көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң тиiстi бiлiктiлiк талаптарына, техникалық, сапалық және басқа сипаттарға сәйкестiгi, шарттың жағдайы, оларды жеткiзу (орындалуы, көрсетiлуi);
     2) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң ұсынған техникалық, сапалық және басқа да, материалдық, қаржылай ресурстар және көрсететiн қызмет түрлерi сипатының негiзiнде тапсырыс берушiнiң тендерлiк құжатқа өзгерту енгiзуi; тендердiң бiрiншi кезеңiнен өткен әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң түпкiлiктi өтiнiм беруi; оны бағалау және баға ұсынысына, өлшем белгiсiне байланысты салыстыру; тендердiң қорытындысын шығару.

     63. Түпкiлікті тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқаннан соң он күндiк мерзiмнен асырмай тендерлiк комиссия екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып тендердiң қорытындысын шығарады.

18-тарау. Бағалар ұсыныстарына сұраным

     64. Бағалар ұсыныстарын пайдалану арқылы жеткiзушiнi таңдау айрықшылығы, тапсырыс берушi үшiн мәндiлiкке ие емес, қолда бар тауарлар, жұмыстар және қызметтер шешушi талап баға болып табылатын ретпен жүргiзiледi.
     Ескерту: 64-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .

     65. Құнды ұсыныстар сұрату, тауарларды, (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алудың жылдық көлемі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері үшін - төрт мың айлық есептік көрсеткіштен; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері үшін - екі мың айлық есептік көрсеткіштерден аспаған жағдайда ғана пайдаланылады.
     Ескерту: 65-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ , 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     66. Баға ұсыныстары бойынша жеткiзушiнi таңдау мақсатында жыл бойы сатып алынатын бiркелкi тауарлар көлемiн қаржыландыру жылы бойынша бөлшектеуге жол берiлмейдi.
     Ескерту: 66-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен .

     67. Тапсырыс берушi сатып алынатын материалдық ресурстар бойынша ұсыныстарды жазба түрде екеуден кем емес тапсырушымен өздерi қосылған және/немесе әлеуеттi жеткiзiп берушiден түскен барлық баға ұсыныстарын белгiленген мерзiмде қарайды, сатып алу туралы шарт тапсырыс берушi мен ең төменгi баға ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушi арасында жасалады.

      67-1. Әрбiр әлеуеттi жеткiзiп берушi бiр ғана баға ұсыныстарын ұсынады, ол жазбаша түрде (төлеуге арналған шот, web-сайттың ақпаратты және басқа да) ресiмделуге тиiс. Жеке тұлғалардың баға ұсынысы жеке куәлiгiнiң нөмiрiн және банктiк деректемелерiн, eгep олар болса, көрсете отырып, тапсырысшы басшысының атына өтiнiш түрiнде ресiмделедi.
      Егер сатып алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуға және жеткiзуге арналған қызмет мiндеттi лицензиялауға жататын болған жағдайда, тапсырысшы осындай лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн сұратады.
      Ескерту: 67-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

19-тарау. Бiр көзден сатып алу және
оны қолдану талаптары

     68. Бiр көзден сатып алу - бұл сатып алудың тендердi пайдаланбай атқарылатын түрi және мынадай жағдайларда өткiзiледi:
     1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер табиғи монополия субъектісі болып табылатын ықтимал өнім берушіде ғана болады немесе рыноктың қандай да бір субъектісі тауардың, жұмыстардың және қызметтердің тиісті түрінің бір ғана ықтимал өнім берушісі болып табылады, немесе сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер белгілі бір тауар рыногында монополиялық жағдайға ие рынок субъектісінде ғана болады немесе қандай да бір нақты ықтимал өнім беруші осы тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ерекше құқыққа ие болады;
     2) табиғи апаттарға байланысты төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда (жер сiлкiну, топан су, сел), табиғи өрттер, эпидемия және эпизоотиялар, ауылшаруашылық өсiмдiктерiн және ормандарды ауру және зиянкестер басқан кезде, өндiрiс, транспорт, басқа да апаттар кезiндегi, сондай-ақ апатты жағдайларда, өрттерде (жарылыстарда), улы, радиоактивтi, биологиялық қатерлi заттар тараған кезде, ғимараттар мен имараттар кенеттен қираған кезде, плотиналар бұзылғанда, электроэнергетикалық және коммуникациялық өмiршең жүйелер, тазалау имараттары апаты болғанда, осы тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетуге қажеттi тапшылық шұғыл орнағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген талаптарға сәйкес тендер өткiзу жүргiзiлмейдi;
     3) қандай да бір өнім берушіден тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алған тапсырыс берушіде бір ізге салу, стандарттау немесе сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сол бір жеткізушіден осы тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге деген сатып алу қажеттігі туындайды;
     4) тендер өткiзу мүмкiндiгi екi рет орын ала алмаған жағдайда және тапсырыс берушiнiң осы Ережедегi 50-тармақтың 1) және (немесе) 2) тармақшаларын орындауға бағытталған қимыл шарасы сатып алу шартын түзуге алып келмесе;
     4-1) тендер әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден өтiнiмдер болмауына байланысты өтпедi деп танылса.
     5) алынып тасталды .
     Ескерту: 68-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ , 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ , 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрықтарымен .

     68-1. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алудың негізі мынадай құжаттармен расталады:
     1) әлеуетті жеткізуші тиісті бірыңғай тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалғыз әлеуетті жеткізушісі болып табылатынына байланысты сатып алу қажеттілігін растау үшін - тиісті құзыретті органның осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тапсырысшының сатып алу қажеттілігі туралы қорытындысы, осы жеткізушінің тиісті тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалғыз әлеуетті жеткізушісі болып табылатынын растайтын құжаттар;
     2) қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен сәйкестендіру, стандарттау немесе сыйысымдылығын қамтамасыз ету мақсатында сатып алудың қажеттілігін растау үшін - әлеуетті жеткізушінің бастапқы сатып алынған тауарларының, жұмыстарының немесе қызметтерінің, сәйкестендiру, стандарттау немесе сыйысымдылығын қамтамасыз ету мақсатында сандық және құндық көрiнiсiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң көлемдерiн көрсете отырып, тапсырысшының осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу қажеттiгi туралы құзыреттi органның қорытындысы, сондай-ақ техникалық ерекшелiктiң және (немесе) қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен стандарттау, сәйкестендiру және сыйысымдылығын қамтамасыз ету қажеттiгiн растайтын өзге де құжаттың болуына сәйкес шарт;
     3) екі ашық тендердің өткізілмегенін растауға байланысты сатып алу қажеттілігін растау үшін - осы тендерлер бойынша құжаттар: тендерлік комиссияларды құру туралы бұйрықтар; тендерлік құжаттамалар; тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамалары; тендерлердің қорытындылары туралы хаттамалар; әлеуетті жеткізушілердің қосымшаларымен бірге тендерлік өтінімдері; тендерлерді өткізу туралы мерзімді баспасөздегі хабарламалар;
     3-1) ашық тендер өткiзген кезде әлеуеттi жеткiзушiлерден тендерлiк өтiнiмдер болмауына байланысты сатып алудың қажеттiгiн растау үшiн - осы тендер бойынша - мынадай құжаттардың: тендерлiк комиссия құру туралы бұйрықтың, тендерлiк құжаттаманың, тендердiң қорытындылары туралы хаттаманың, мерзiмдi баспасөз басылымында жариялау күнiмен тендердi өткiзу туралы хабарландырудың көшiрмелерiн, бұл ретте ден қою шараларын келiсуден және қабылдаудан бас тарту үшiн тендерлiк рәсiмдердi бұзу негiз болып табылады;
      4) алынып тасталды .
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде ықтимал өнім берушілер осы Ереженің 13-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
     Ескерту: 68-1-тармақпен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ , ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ, 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

     69. Бiр көзден сатып алуды жүргiзген жағдайда тапсырыс берушi әлеуетi жеткiзушiден ол ұсынатын барлық тауарларға бағалардың, жұмыстардың және қызмет көрсетудiң қажеттi негiздемелерiн сұраттырады.
     70. Тапсырыс берушi бiр көзден сатып алған кезде мынадай ақпарат бар хаттама түзуi керек:
     1) бiр көзден сатып алудың тәсiлiн негiздеу;
     2) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызметтердiң сипаттамасы;
     3) сатып алу жөнiнде шарт түзiлетiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы мен мекен-жайы және осы шарттың бағасы.

20-тарау. Ашық тауар биржалары арқылы сатып алу

     71. Егер сатып алу процесi кезiнде алынатын тауар тек ашық тауар биржасының тiзiмдемесi арқылы сатылатын болған жағдайда, сатып алу Қазақстан Республикасының тауарлы биржалар туралы заңнамаларына сәйкес атқарылады.

21-тарау. Сатып алу шарты

     72. Тендердiң қорытындысы шығарылғаннан кейiн бес күн аралығында тендерлiк өтiнiмнiң жеңiмпазы болғаны жөнiндегi ақпарат тапсырыс берушiнiң қолы қойылған жазбаша хабарлама шартпен қоса әлеуеттi жеткiзушiге жiберiледi.
     Шарт, жақтардың өкiлдерi қолдарын қойғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
     Ескерту: 72-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ бұйрығымен .  

     73. Тендердің жеңiмпазы оның өтiнiмi жеңiмпаз деп танылғаны туралы хабарламаны және сатып алу шартының жобасын алған сәттен бастап он күннiң iшiнде шартқа қол қояды немесе орын алған келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартқаны туралы тапсырыс берушiге жазбаша хабарлама бередi.
     Ескерту: 73-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ , 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ , 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .

      74. Тендердiң жеңiмпазы болған әлеуеттi жеткiзiп берушi 73-тармақта белгiленген мерзiмде шартқа қол қоймаған жағдайда, тапсырыс берушi өлшемi жағынан жеңiмпаздан кейiнгi, ұсынысы Ереженiң 51-тармағында бекiтiлгендей тапсырыс берушi үшiн басым тиiмдiлiгi бар, тендердiң басқа қатысушысымен шартқа отыруға құқылы және ол туралы тендердiң қорытындысы жөнiндегi хаттамада расталады.
      74-1. Сатып алу шарттары, тендерлік құжаттама, сатып алу хаттамалары, ықтимал өнім берушілердің өтінімдері және өткізілген сатып алу жөніндегі өзге материалдар тапсырысшыда кем дегенде бес жыл сақталады.
      Ескерту: 74-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен .

     75. Жеткізушінің таңдауына негіз болған, ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін (бағасын төмендетуден басқа) сатып алу туралы қол қойылған шартқа, өзгертулер және/немесе сатып алу туралы шарттың жобасына жаңа талаптар енгізуге тыйым салынады.
     Жеткізушінің таңдауына негіз болған сапаның, көлемнің және басқа да талаптардың сапасының өзгермеу талабымен бағаны төмендетуге қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
     Тапсырысшы шарт бағасын төмендету мақсатында тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейін келіссөздер жүргізуге құқылы. Осыған байланысты әлеуетті жеткізуші бұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, бірақ бұл тапсырысшыға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып табылған әлеуетті жеткізушімен жасалған шартқа қол қоюдан бас тартуға құқық бермейді.
     Егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ұқсастардың бағалары төмендеу жағына өзгерсе, онда тапсырысшы мен жеткізушінің өзара келісімі бойынша осы тармақтың ережелерін ескере отырып, сатып алу туралы шартқа тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
    Ескерту: 75-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен .

     76. Табиғи уәкiлеттi орган, табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын бұза отырып тендер жеңiмпазымен шарт жасасқанға дейiн, оның нәтижесiн қабылдамауға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.

     77. Сатып алу туралы шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормалары қолданылады.

22-тарау. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

     78. Уәкiлеттi орган, табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (баға, алым ставкасы) бекiту туралы өтiнiмiн oсы Ережеде бекiтiлген тендер өткiзу талаптары бұзылған жағдайда кері қайтаруға құқылы.

     78-1. Осы Ережемен белгіленген рәсімдерді бұзып өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға арналған шығындарды уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің тарифіне енгізбейді.
    Ескерту: 78-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен .

     79. Осы Ереженiң бұзылғандығына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң  
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн   
материалдық, қаржылық ресурстарды  
және қызметтердi сатып алу ережесіне 
1-қосымша                 

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007 жылғы 16 шілдедегі N 189-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен .               

Алда тұрған тендер туралы хабарландыру нысаны

____________________________________________________________________
                 (тапсырысшының толық атауы)

мынадай тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi: (тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) құнын көрсетпей-ақ қысқаша сипаттау); (бір тендерде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бес және одан көп атауларын сатып алған жағдайда, тендерді өткізу туралы хабарландыру сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің толық тізбесі тапсырысшының тендерлік құжаттамасында көрсетілген сілтемені қамтуға тиіс. Тапсырысшының web-сайты болған кезде, соңғысы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің толық тізбесін web-сайтта көрсетеді). сатып алу жөнiнде ашық (қайталама) тендер өткiзу туралы хабарлайды.
      Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткiзiлуге (орындалуға/көрсетiлуге) тиiс:
____________________________________________________________________
   (тауарлар жеткiзiлетiн, жұмыстар орындалатын немесе қызметтер
____________________________________________________________________
                   көрсетiлетiн орынды көрсету)

      Жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудiң) талап етiлген мерзiмi.
      Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-HҚ бұйрығымен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiнiң 13-тармағында көрсетiлген, бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық ықтимал өнiм берушiлер жiберiледi.
      Тендерлiк құжаттама пакетiн_____ жылғы "___" ________________ сағат____ минөтке дейiнгi мерзiмдi қоса (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашқанға дейiн 24 сағат iшiнде уақыты мен күнiн көрсету)___________________, мекен-жай бойынша N___ бөлмеден_______ сағаттан ______ сағатқа дейiн алуға болады.
      Тендерлiк құжаттама пакетiнiң құны___ теңгенi құрайды және____ шотына (тапсырыс берушiнiң тиiстi шотын көрсету) не бухгалтерияға енгiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi жасап отырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдарға тендерлiк құжаттама тегiн берiледi (егер тендерлiк құжаттаманы бергенi үшiн ақы өндiрiп алу хабарландыруда көзделмеген жағдайда, тендерлiк құжаттаманың тегiн берiлетiндiгiн көрсеткен жөн).
      Тендерге қатысуға арналған, конвертке салынған тендерлiк өтiнiмдердi
____________________________________________________________________
                      (тапсырысшының толық атауы)
ықтимал өнiм берушiлер______________________________________________
N___ бөлме мекен-жайы бойынша ұсынады.
      Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi ____жылғы "___" ________________сағат______ минутқа дейiн.
      Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi мына мекен-жай бойынша:
______________________N_____ бөлмеде ______ жылғы "___" _________ ___ сағат минутте тендерлiк комиссия ашатын болады.
      Ықтимал өнiм берушiлер және олардың өкiлдерi тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу кезiнде қатыса алады.
      Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын,  жұмыстарын) тұтынушылар тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жөнiнде (тапсырысшының атауы) өткiзетiн тендерге байқаушы ретiнде қатысуға құқылы.
      Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы: (қаланың коды мен телефон нөмiрiн көрсету қажет) алуға болады.

                          Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң  
                         шығындары олар көрсететiн қызметтерге
                         тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
                            қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн   
                           материалдық, қаржылық ресурстарды  
                         және қызметтердi сатып алу ережесіне 
                                       2-қосымша               

       Жабық тендердi өткiзу туралы хабарлау нысаны

     Кiмге __________________________________________ мынадай
              (әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алу жөнiнде (материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) қысқаша сипаттау);
     (сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен тендерлiк құжаттамада көрсетiлген жан-жақты ерекшелiгiне тапсырыс берушi сiлтеме жасауға құқылы) _________________________________ жабық тендердi өткiзу
         (тапсырыс берушiнiң атауы)
туралы Сiзге хабарлайды және Сiздi оған қатысуға шақырады.
     Материалдық және қаржылық ресурстар жеткiзiлуi керек.
(жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) (материалдық, қаржылық ресурстардың жұмыстардың немесе қызметтердiң орындалған/көрсетiлген жеткiзiлетiн орнын көрсету).
     Жеткiзудiң (орындалудың/көрсетiлудiң) _______________ талап
етiлген мерзiмi.
     Тендерге бiлiктiлiк талаптарға сай болатын ереженiң 13-тармағында көрсетiлген барлық жеткiзiп берушiлер жiберiледi.
     Тендерлiк құжаттама пакетiн "__"__________ _____ жыл мерзіміне дейiн (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқанға дейiн 24 сағат iшiндегi күні мен уақыты) қоса берiлген мекен-жай бойынша _________ бөлменiң N ____ _____ ______ сағат iшiнде немесе тендерлiк құжаттаманың төлемi туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi құжатын ұсынғаннан кейiн электрондық пошта арқылы _________ мекен-жай бойынша алуға болады.
     Тендерлік құжаттама пакетінің құны ______ теңге құрайды (осы абзац алынып тасталады, егер төлем алдын-ала ескерiлмесе).
     Тендерге қатысуға арналған тендерлiк өтiнiмдер конверттерде мөрленген, әлеуетті жеткiзiп берушілермен (тапсырыс берушiнiң атауын көрсету) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайды, бөлменiң N көрсету) ұсынылады (жолданады).
     Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi (уақытты және күндi көрсету) дейiн.
     Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттер мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ашылады (уақыты және күнін көрсету). Тендерлік өтінімдер бар конвертті ашқан кезінде әлеуетті жеткізіп берушілер қатыса алады.
     Қосымша ақпаратты және анықтаманы (телефон нөмірін көрсету) телефон арқылы алуға болады.

                         Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң  
                        шығындары олар көрсететiн қызметтерге
                        тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
                           қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн   
                          материалдық, қаржылық ресурстарды  
                        және қызметтердi сатып алу ережесіне 
                                       3-қосымша               

     (Кiмге) _______________________________________
                 (тапсырыс берушiнiң атауы)

     (Кiмнен) ______________________________________
               (әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)

          Тендерге қатысуға арналған өтiнiм
                   (заңды тұлғалар үшiн)

__________________________________________________________
                (тендердiң атауы)
тендердi өткiзу жөнiндегi тендерлiк құжаттамаларды қарап,
алынуы осымен куәландырылатын, тендерлiк құжаттамаға сәйкес ____________________________________________________ жалпы
       (цифрамен және жазбаша)
сомаға тауарлардың (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету)
мынадай лоттар бойынша
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(лоттар бойынша материалдық және қаржылық ресурстарды және
            қызметтердi жан-жақты сипаттау)

____________________________________________________________
            (әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
жеткізілуін жүзеге асыруды ұсынады.

     Осы тендерлiк өтiнiм мыналардан тұрады:
     1. ___________________________________
     2. ___________________________________
     3. ___________________________________
     4. ___________________________________
     5. ___________________________________
     6. ___________________________________
     7. ___________________________________
     8. ___________________________________
     9. ___________________________________

                                Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
                                  шығындары реттелiп көрсетiлетiн
                                қызметтерге тарифтер (бағалар, алым
                                 ставкаларын) немесе олардың шектi
                                 деңгейлерi мен тарифтiк сметалар
                              бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды,
                                 жұмыстар мен қызметтердi сатып алу
                                               ережесiне
                                               6-қосымша

      Ескерту: 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .      

         ____жылғы ____тоқсан кезеңдегi сатып алуды
                   өткiзу туралы ақпарат

Сатып алудың тәсілі

Тауардың атауы және Тізбедегі ұстаным

Тауардың, жұмыстардың және қызметтердің бірлігі

Сатып алуға бөлінген сомасы (мың теңге)

Сатып алудың өткізу мерзімі

Шарттың нөмiрi, мезгiлi және сомасы (немесе сатып алу болған жағдайда)

Жеткiзушiнiң атауы және оның деректемелері

Ескерту, сондай-ақ
уәкiлеттi органымен келiсу туралы ақпарат