"Экономика салаларын дамытудың, өндірістік күштерді орнықтыру сұлбаларының мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеген кезде жосықталған әрекеттердің қоршаған ортаға әсер етуін бағалаудың Ережелерін бекіту жайында" Қазақстан Республикасын

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 18-Ө Бұйрығы

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Экономика салаларын дамытудың, өндірістік күштерді орнықтыру сұлбаларының мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеген кезде жосықталған әрекеттердің қоршаған ортаға әсер етуін бағалаудың Ережелерін бекіту жайында" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2376 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2003 жылғы 9 маусымдағы № 129-п бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Н. Әшімов