Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 14 мамырдағы N 376 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы N 266 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2365. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 484, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 454 Бірлескен бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Пәкстан Ислам Республикасындағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншiгiне Исламабад қаласы, F-8/2 сектор, N 19 көше, N 10 үй мекен-жайы бойынша орналасқан жер телiмiн және ғимаратты (бұдан әрi - Жылжымайтын мүлiк) сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елдерде жылжымайтын мүлiк сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Жылжымайтын мүлiктi сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ақы төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 1090000 (бiр миллион тоқсан мың) АҚШ долларына баламалы сомада ақы төлеудi заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты түрде пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі