Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің бірлескен кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 484, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 10 шілдедегі № 454 Бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Астанатопография", "Шығысгеодезия", "Батысгеодезия", "Қазгеокарт", "Солтүстікгеодезия", "Оңтүстікгеодезия", "Орталықмаркшейдерия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - "Қазгеодезия" РМҚК) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі "Қазгеодезия" РМҚК-нің мемлекеттік басқару органы;
      2) "Қазгеодезия" РМҚК қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне "Қазгеодезия" РМҚК-нің жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) "Қазгеодезия" РМҚК-ні Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109; 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов