Уақытша кедендік декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2347.
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік комитеті төрағасының 2006 жылғы 27 маусыдағы N 220 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Pecпубликасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсiпорны мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі