Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау Ережелерін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2301

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілер негізін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 "Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Жарлығы мен Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 271-ІІ "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау Ережелері бекітілсін.
      2. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М. Наурзалиевке тапсырылсын.
      3. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникация 
министрлігі Азаматтық   
авиация комитеті      
Төрағасының        
бұйрығымен бекітілген  
2003 жылғы 25 сәуір N 182

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘУЕ ЖОЛДАРЫНДА
ЖОЛАУШЫЛАРДЫ, БАГАЖ БЕН ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

І БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Тасымалдаушылары жүзеге асыратын, жолаушыларды, багаж бен жүктерді, оған жататын барлық технологиялық процестерге қолданылады.

      2. Аталған Ережелерге сәйкес орындалатын тасымалдар территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы осындай тасымалдар жүзеге асырылатын кез келген елдің тиісті заңдарына, қаулыларына және мемлекеттік органдардың нұсқауларына бағынады.

      3. Осы Ережелерге мына ұғымдар мен терминдер қолданады:
      1) Әуе компаниясы - әуе қатынастарын жүзеге асыратын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын кез келген әуе көлігі ұйымы.
      2) Агент - Тасымалдаушының, экипаждың жолаушылардың, багаждың, жүктің, почта мен әуе кемесінің қорын рәсімдеумен келуімен, жіберумен байланысты барлық нысандылықты орындау кезінде Тасымалдаушының тікелей сенім көрсетілген, ұсынатын немесе оның атынан сөйлейтін жауапты адамы.
      3) Багажды, жүкті тасымалдаудағы ақаулар жөніндегі акт - жолаушы (алушы) қатысуымен бір немесе бірнеше Тасымалдаушының әуе кемелерімен тасымалданған багажға (жүкке) келтірген зиян белгілі болғанда, Тасымалдаушы тез арада толтыратын құжат. Актіге Тасымалдаушы мен жолаушы (алушы) қол қояды.
      4) Әуежай - әуе кемелерін қабылдау, жіберуге, әуе тасымалдарын күтімдеу мен осындай мақсаттар үшін аэроалаң, аэробекет, басқа ғимараттар, сондай-ақ қажетті жабдықтарға арналған ғимараттар кешені.
      5) Халықаралық әуежай - әуе кемелерінде кедендік, шекаралық, санитарлық, карантиндік, халықаралық әуе тасымалдарын қамтамасыз ететін әуежай.
      6) Белгілеу әуежайы (пункті) - әуе тасымалы шартына сәйкес, жолаушы, багаж немесе жүк жеткізілуге тиіс әуежай (пункт).
      7) Аялдау әуежайы (пункті) - әуе тасымалы шартына сәйкес, жолаушы ұшуын уақытша тоқтататын аралық әуежай (пункт).
      8) Жіберу әуежайы (пункті) - әуе тасымалы шартына сәйкес, жолаушыларды, багаж немесе жүкті тасымалдау басталатын әуежай (пункт).
      9) Трансфера әуежайы - әуе тасымалы шартына сәйкес, жолаушы ауысып, оны дайын немесе жүкті бір рейстен басқасына тасымалдау бағыты бойынша әрі қарай бет алу үшін тасымалдайтын, билетте немесе жүк құжаттамасында көрсетілген әуежай (пункт).
      10) Багаж - Тасымалдаушының келісімімен әуе кемесінің бортында тасымалданатын жолаушылардың немесе экипаждың жеке заттары. "Багаж" термині тіркелген, сондай-ақ тіркелмеген жүкті  білдіреді.
      11) Тіркелген жүк - Тасымалдаушы тасымалдау үшін өз жауапкершілігіне сақталу үшін алған және оған жүк түбіртегі мен жүк белгісін берген, қабылдаған жолаушының жүгі.
      12) Жіберіліп алынған жүк - Тасымалдаушының кінәсін және пунктіне жіберілмеген жүк.
      13) Талап етілмеген жүк - жету әуежайына (пунктіне) келген, жүк белгісінде көрсетілген, жолаушы алмаған жүк.
      14) Тіркелмеген жүк - жолаушының тіркелгеннен басқа, әуе кемесінде тасымалдайтын және жүк бөлімдері мен жолаушы салондарында орналасқан жүк. Әуе кемесінің бортына жолаушылардың өзі жеткізеді. Бақылаушы өзінің бақылауымен және жауапкершілігімен, жүктің жолаушыда болған кезін есепке алмағанда тасымалданады.
      15) Алып жүрілмейтін (ілеспейтін) жүк - иесі болып табылатын адам бар әуе кемесінде немесе басқа әуе кемеде тасымалданатын жүк.
      16) Ақылы жүк - Тасымалдаушы белгілеген тегін тасымалданатын жүк нормасынан артық, көрсетілген нормаға қатыссыз міндетті төлемді талап ететін жүк салмағының бөлігі.
      17) Жүктің нөмірлік белгісі - тіркелген жүкті тану үшін Тасымалдаушы беретін құжат.
      18) Билет - (жолаушы билеті және жүк түбіртегі) Тасымалдаушының немесе оның агенттерінің жолаушыларды әуеде тасымалдау және оның шарттары туралы келісім жасалғанын куәландыратын, тасымалдау құжаты.
      19) Шектеулі күні көрсетілмеген билет - жіберу, жету әуежайы, тасымалдаушы, рейстің нөмірі, брондау класы, әуе кемесінің ұшу күні, уақыты көрсетілген, сондай-ақ брондалғаны туралы белгісі бар билет.
      20) Күні ашық билет - жіберу, жету пункті, тасымалдаушы, қызмет көрсету класы көрсетілген, бірақ рейстің нөмірі мен әуе кемесінің ұшу уақыты, күні көрсетілмеген билет.
      21) Брондау - әуе кемесінде жолаушыларды тасымалдау үшін орынды, сондай-ақ багаж бен жүкті тасымалдау үшін көлем мен тоннажды алдын-ала бөлу.
      22) Соманы (құнын) қайтару - жолаушыға жіберушіге немесе оның өкіліне ол бұрынырақ төлеген, бірақ пайдаланбаған тасымал немесе қызметтің құнының бөлігін немесе барлық құнын төлеу.
      23) Жолаушыларды, багажды және жүкті әуеде тасымалдау (тасымалдау) - Тасымалдаушының әуе кемелерінде белгіленген ақыға жолаушыларды, багажды және жүкті, сондай-ақ Тасымалдаушының жердегі көліктік құралдарымен тасымалдауы.
      24) Ішкі әуе тасымалы - орындау барысында жіберу пункті, белгілеу пункті және барлық белгіленген аялдау пункттері бір мемлекеттің территориясында орналасқан әуе тасымалы.
      25) Халықаралық әуе тасымалы - орындау барысында жіберу пункті мен белгілеу пункті тасымалдауда немесе қайта тасымалдауда:
      екі мемлекет территориясында;
      бір мемлекет территориясында егер басқа мемлекеттің территориясында аялдау қарастырылса;
      26) Әуе кемесі - жер (су) беті бейнеленген ауамен өзара әсерден басқа, ауамен өзара әсер есебінен атмосферада ұстап тұрылатын ұшу аппараты.
      27) Әуе линиясы - араларында тұрақты әуе тасымалдары жүргізілетін пункттерді анықтайтын, белгіленген линиялар.
      28) Варшава конвенциясы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбір ережелерді үйлестіру, бір ізге келтіру үшін 1929 ж. қазанның 12-сінде Варшавада қол қойылып, 1955 ж. Гаагада өзгертілген конвенция.
      29) Жүк - әуе кемесінің бортында почтадан, әуе кемесі қоры мен ілеспелі және дұрыс берілмеген жүктен бөлек, кез келген тасымалданатын мүлік.
      30) Тез бұзылатын жүк - өсімдік немесе жануар текті заттар, олардан өңделген өнімдер, тірі өсімдіктер, балық өсіру материалы және басқа да сақталуда және тасымалдауда ерекше жағдайларды талап ететін (қолайлы температура, ылғалдылық т.б.) жүктер.
      31) Транзиттік жүк - жүк құжаттамасына сәйкес, аралық пунктке жеткізілген рейспен әрі қарай тасымалданатын жүк.
      32) Трансферлік жүк - жүк құжаттамасына сәйкес, трансфер әуежайға (пунктке) бір рейспен, әрі қарай сол немесе басқа Тасымалдаушының басқа рейсімен тасымалданатын жүк.
      33) Ауыр салмақты жүк - 80 кг және одан да көп салмақты жеке орындағы жүк.
      34) Бағалы жүк - Варшава конвенциясының 22 бабында белгіленген шектен салмағы 1 кг құны үшін нақты құны 250 фр. франкінен асатын жүк.
      35) Aіr Waybіll - әуе тасымалы, оның шарттары мен жүкті әуе жолдары арқылы тасымалдауға қабылдау жөнінде келісім-шарт жасалғанын растайтын әуе-тасымалы құжаты (жүк құжаттамасы).
      36) Жүк жіберу - Тасымалдаушының біриіс берушіден бір мезгілде қабылдап алған және бір жіберушінің мекен-жайына бір жүк  құжаттамасымен жіберілетін жүктің бір немесе бірнеше орны.
      37) Аралас жүк жіберу - бірге оралған немесе жеке-жеке оралған, тасымалдау мен тарифтің әртүрлі шарттарына сай келетін, бірақ бір жүк құжаттамасы бойынша тасымалданатын әртүрлі заттар мен товарлар салынған жүк жіберу.
      38) Тексеру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 ж. 10 шілдедегі N 723  Қаулысымен бекітілген "Әуе кемесі экипажы мен жолаушылардың қол жүгін, жүгін, багажын, почтаны, борттағы тексеру ережелеріне" сәйкес жүргізілетін бақылау тексеру.
      Әуе кемелерін жүк тасуға жалдау келісім-шарты - жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау үшін бір немесе бірнеше әуе кемелерінің бір немесе бірнеше рейске барлық сыйымдылықты немесе бір бөлігін ақы үшін бір жақ (жалға беруші) келесі жаққа (жалдаушыға) беруге міндеттейтін келісім-шарт.
      39) Ақылы жүктің түбіртегі - міндетті түрде ақылы тасымалданатын және Тасымалдаушы белгілеген, тегін алып өтетін заттардың нормасынан артық жүкті тасымалдауды растайтын, сондай-ақ жүктің жарияланған құндылығы үшін ұсталатын ақыны растайтын құжат.
      40) Тасымалдау бағыты - белгілі бір тәртіппен билетте көрсетілген жіберу (жүк тасымалдағанда жүк құжаттамасында) трансфер және белгілеу әуежайлары (пункттері).
      41) Тасымалдаудағы ақаулар - зиянды зардаптары болатын немесе болуы мүмкін, әуе көлігінде белгіленген жұмыс тәртібіндегі кез келген бұзулар (багажды немесе жүкті жіберіп алу салмағы немесе орын саны бойынша жеткіліксіздік, құжаттар мен жүктің бұзылуы, жоғалуы, ажырап қалуы, тасымал құжаттарын дұрыс толтырмау).
      42) Әртүрлі жиындар ордері (МСО) - осы құжатта көрсетілген, жолаушыға Тасымалдаушы немесе оның агенті берген, билетті беру жөніндегі өтініш, ақылы жүк түбіртегі немесе тасымалға байланысты адамға ақылы қызмет көрсетуге байланысты берілген төлем құжат.
      43) Жолда тоқтау - жолаушы мен оның жүгін тасымалдауда жіберу және белгілеу пункттері арасында қандай да бір пунктте уақытша үзіліс жасауға алдын ала келісу.
      44) Жіберуші - жүкті жіберетін заңды тұлға немесе жеке адам.
      45) Жолаушы - әуе кемесінде әуе тасымалы келісіміне сәйкес тасымалданатын немесе тасымалдануға тиіс, экипаж мүшелерінен басқа кез келген адам.
      46) Жіберілмеген жолаушы - елдің үкіметтері кіруге рұқсат бермеген жолаушы.
      47) Транзиттік жолаушы - әуе тасымалы келісіміне сәйкес, аралық әуежайға келген рейсімен әрі қарай тасымалданатын жолаушы.
      48) Трансферлік жолаушы - әуе тасымалы келісіміне сәйкес трансфер пунктіне бір рейспен жеткізіліп, әрі қарай сол немесе басқа Тасымалдаушының басқа рейсімен әрі қарай тасымалданатын жолаушы.
      49) Жолаушылар купоны - жолаушы мен оның жүгін әуеде тасымалдау келісімін растайтын билеттің бөлігі.
      50) Тасымалдаушы - жолаушыларды, багажды, жүкті және почтаны ақылы және жалға алып, тасымалдау бойынша қызметтер ұсынатын, көліктік құралдармен меншік құқығында немесе басқа да заңдық негіздерде иеленетін, оған белгіленген тәртіппен берілген тиісті рұқсаты немесе лицензиясы бар заңды мекеме немесе жеке адам.
      51) Вахталық тасымалдаулар (тасымалдаудың вахталық-экспедициялық әдісі) - әуе кемесімен жолаушылар мен қызметкерлер бригадалары тұратын жерден жұмыс орнына және кері қарай тасымалдау, сондай-ақ оларға тиісті жүк пен оған тиісті жүкті тасымалдау.
      52) Топпен тасымалдау - құжатпен мақұлданған сапарының ортақ мақсаты бар, ал топтық билетпен немесе әрбір жекелеген билетпен толтырылған ба, оған тәуелсіз, топты тасымалдау.
      53) "Сонда" тасымалдау - жіберу пункті мен белгілеу пункті арасында бір бағытта тасымалдау (аралық әуежайда әуе кемесі қонды ма, жолаушылар ауысып отырды ма немесе жүктің шамадан тыс тиелуі болды ма - оған байланыссыз).
      54) "Сонда" және "кері" тасымалдау - "сонда" және "кері" ұшу үшін сатылған билеттер бойынша жолаушыларды белгілеу пунктіне және кері қарай тасымалдау.
      55) Аралас тасымалдау - Тасымалдаушының әр түрлі көліктермен жолаушыларды, багаж немесе жүкті тасымалдау.
      56) Тасымалдау кезеңдері:
      жолаушының әуе кемесіне отыру үшін әуежай перронына жолаушы кірген кезден Тасымалдаушының өкілетті адамдарының бақылауымен перроннан шыққанға дейінгі уақыт кезеңін қамтитын әуе тасымалы;
      1. жүкті тасымалдауға қабылдаған кезден белгіленген ережелерге сәйкес, алушыға бергенге немесе басқа адамға тапсырғанға дейінгі кезеңді қамтитын әуе тасымалы;
      2. багажды тасымалдауға қабылдаған кездегі уақыттан бастап және оны белгіленген ережелерге сәйкес алушыға бергенге немесе басқа адамға бергенге дейінгі уақытты қамтитын әуе тасымалы;
      57) Перрон - жолаушыларды отырғызу және түсіру, багажды, жүкті почтаны тиеу және түсіру, сондай-ақ қызмет көрсетудің басқа да түрлері үшін әуе кемесінде орналастыруға арналған аэроалаңның ұшу алаңының бөлігі.
      58) Өткізгіш жазуы - тасымалды орындауға басқа Тасымалдаушыны немесе алғашқыда берілген тасымал және төлем құжатын ауыстыруға тиісті билеттің ұшу купонында, жүк құжаттамасында немесе төлем құжатының ауыстыру купонында көрсетілген Тасымалдаушының, тасымал немесе төлем құжатын берген Тасымалдаушының жазбаша келісімі.
      59) Ұшу купоны - билетте көрсетілген пункттер арасында тасымалдауға жолаушыға құқық беретін билеттің бөлігі.
      60) Багаждың, жүктің бұзылуы - тасымалдау кезінде багаждың, жүктің немесе багаждың, жүктің бөлігінің өзінің бастапқы мәнінде толық пайдалануға болмайтындай етіп, жарамсыз жағдайға келуі (өз құнын жоғалтады).
      61) Алушы - жүк құжаттамасында жүкті немесе почтаны алушы ретінде көрсетілген заңды мекеме немесе жеке адам.
      62) Арыз, шағым - әуе тасымалы себебінен болған зиянның (шығынның) орнын толтыру жөнінде мүдделі адамның тасымалдаушыға жазбаша түрде мәлімдеген талабы.
      63) Рейс - бір бағытта маршруттың бастапқы және соңғы пунктіне дейін орындалатын әуе кемесінің ұшуы (кесте бойынша немесе кестеден тыс).
      64) Тұрақты рейс - белгіленген кестеге сәйкес бағыт бойынша орындалатын әуе кемесінің рейсі.
      65) Қосымша рейс - тұрақты рейстер жүзеге асырылатын сол бағыт бойынша кестеге қосымша орындалатын әуе кемесінің рейсі.
      66) Тұрақты емес рейс - әуе кемесін жалдау келісімімен сәйкес орындалатын әуе кемесінің рейсі.
      67) Тоқтатылған рейс - аралық немесе басқа әуежайда орындалуы тоқтатылған рейс.
      68) Түскен ақша - арнайы немесе қосымша қызмет түрлері үшін жолаушыны, багажды немесе жүкті тасымалдауда Тасымалдаушы немесе басқа да құзырлы органдар төлететін, белгіленген тәртіппен бекітілген төлемақы.
      69) Тариф - белгілі бір бағыт бойынша жіберу пунктіне белгілеу пунктіне дейін бір жолаушыны тасымалдағаны үшін немесе багаж немесе жүктің салмақ немесе көлем бірлігін тасымалдағаны үшін, Тасымалдаушы төлететін белгіленген тәртіппен бекітілген сома.
      70) Қалыпты тариф - ешқандай шектеулерсіз бір жыл бойына қызмет ететін, тиісті қызмет ету класының тарифі (жарамдылық мерзімі тасымалдаудың маусымымен анықталатын маусымдық тарифтерді есепке алмағанда).
      71) Трансфер - бір рейспен ауысып отыру әуежайына дейін, әрі қарай әуе тасымалы келісіміне сәйкес сол Тасымалдаушының басқа рейспен орындалатын тасымал.
      72) Трансферлік жүк - жүк құжаттамасына сәйкес, трансфер әуежайға (пунктке) бір рейспен, әрі қарай сол немесе басқа Тасымалдаушының басқа рейсімен тасымалданатын жүк.
      73) Трансферлік жолаушы - әуе тасымалы келісіміне сәйкес трансфер пунктіне бір рейспен жеткізілетін, ал әрі қарай сол Тасымалдаушының басқа рейсімен тасымалданатын жолаушы.
      74) Багаждың, жүктің жоғалуы - жеткізу үшін белгіленген мерзімде тасымалға қабылдап алынған багажды өкілетті адамға бере алмау, жағдай аралық әуежайда ұрланды ма, жоғалды ма, жіберілді ме немесе қателесіп берілді ме, оған байланыссыз болатын тасымал ақауы.

ІІ ТАРАУ. ЖОЛАУШЫЛАР МЕН ЖҮКТІ ӘУЕДЕ
ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2 БӨЛІМ. БИЛЕТ

      4. Билет жолаушыны әуеде тасымалдау келісімі мен шарттары жасалғанын растайтын, атаулы шартты құжат болып табылады.

      5. Жолаушы Тасымалдаушы немесе оның агенті тиісті дәрежеде толтырып берген жарамды билеті болғанда ғана тасымалдауға жіберіледі.
      Жолаушы, егер ол көрсеткен билетте Тасымалдаушы немесе оның агентінен басқа адамдар енгізген түзетулер немесе өзгерістер болса тасымалдауға жіберілмейді.

      6. Билет онда көрсетілген қызмет бағыты мен класы бойынша, жолаушы мен оның багажын жіберу пунктінен жету пунктіне дейін тасымалдау үшін жарамды болып табылады. Әрбір ұшу купоны немесе тексеру талоны жолаушы мен оның багажын брондалған орынға, онда көрсетілген бағыт участогы, қызмет көрсету класы, күні мен рейсі бойынша ғана жарамды.
      Егер билет брондау белгісінсіз (ұшудың ашық қалдырған күнімен) берілсе,онда орын жолаушы тілегіне сәйкес, сұрау салынған рейсте бос орындарының болуына қарай брондалады.
      Билет сатылған жері мен күні оның барлық купондарында көрсетілуі тиіс.

      7. Қалыпты тариф бойынша ашық ұшу күнімен тасымалдауға берілген билет, жолаушылар мен оның багажын тасымалдау үшін, тасымал басталған күннен бастап жарамды, ал егер бірде бір ұшу купоны пайдаланылмаса, онда билет берілген күннен бастап және онда Тасымалдаушы немесе оның өкілі рейстің ұшу күні мен нөмірін қойғаннан кейін ұшуға хақысы бар.

      8. Арнайы тариф бойынша тасымалдауға берілген билет осы тарифты қолдану ережелері белгіленген мерзімде ғана жолаушы оның багажын тасымалдауға жарамды.

      9. Билеттің жарамдылық мерзімі, егер жолаушы мына жағдайларда билет жарамдылығы мерзімі ішінде ұша алмай қалса, бастапқыда төленген тарифке сәйкес келетін сол қызмет көрсету класы бойынша бос орын бар, Тасымалдаушының ең жақын рейсіне дейін ұзартылады:
      1) билетте көрсетілген рейсті кейінге қалдыру немесе кешігу;
      2) билетте көрсетілген әуежайда әуе кемесі қона алмаса;
      3) жолаушыға билетінде көрсетілген рейс пен күнінде орын тауып бере алмау себебінен, жібере алмау;
      4) рейсті орындамаған әуе кемесінің жіберу әуежайына қайтып оралуы;
      5) жолаушы жолай қонуға тиіс әуежайға келетін әуе кемесінің кешігу немесе рейсті кейінге қалдыру себебінен, билетте көрсетілген, рейспен жолай қону әуежайынан жолаушының жібермеуі;
      6) ұшу кестесінде көрсетілген әуе кемесі типінің өзгертілуі;
      7) билетте көрсетілген қызмет ету класы ұсынылмаса;
      8) әуе кемесі амалсыз қону себебінен рейстік үзіліс жасайды;
      9) жолаушының немесе әуе кемесінде бірге ұшуға тиіс отбасы мүшесінің ауырып қалуы;
      10) Тасымалдаушы билетті дұрыс толтырмауы.

      10. Егер тасымалдауға билеті бар жолаушы орынды брондау жөнінде өтініш жасаса, ал тасымалдаушы билеттің жарамдылық мерзімі ішінде орын тауып беруге мүмкіндігі болмаса, онда ондай билеттің жарамдылық мерзімі бастапқы төленген тарифке сәйкес келетін сондай қызмет көрсету класына бос орын бар, Тасымалдаушының ең жақын рейсіне дейін ұзартылады.

      11. Егер жолаушы өзінің ауырып қалуынан немесе онымен әуе кемесінде бірге ұшатын отбасы мүшесі ауырып қалу немесе өлімі себебінен, билеттің жарамдылық мерзімі ішінде, ұша алмаса, онда бұндай билеттің жарамдылық мерзімі дәрігерлік тұжырымдамаға сәйкес, ол немесе оның отбасы мүшесі ұша алатын жағдайда болса, Тасымалдаушының ең жақын рейсінен кейінгі не дейінгісіне, егер бастапқы төленген тарифке сәйкес сондай қызмет көрсету класына бос орындар болса, 10 күннің ішінде ұшуы тиіс.
      Бұл жағдайларда ауру жолаушыға ілесіп жүретін отбасы мүшесінің билеттерінің жарамдылық мерзімі сол мерзімге ұзартылады. 

      12. Жолаушы Тасымалдаушыға ұшу және жолаушы купондары бар билетті көрсетуге міндетті. Пайдаланылған ұшу купондары бар билет жолаушыны тасымалдау және ақшаны қайтару үшін жарамсыз.                    Тасымалдаушы жолаушы купонында көрсетілген жіберу пунктінен бастап, өте қатаң тәртіппен жолаушы мен оның жүгін тасымалдау үшін ұшу купондарын қабылдайды.
      Егер кейінгі ұшу купондары пайдаланылған болса, билет пайдаланылатын ұшу купондарымен жолаушыларды тасымалдау және ақшаны қайтару үшін жарамсыз болып табылады.
      Жолаушылар купоны мен барлық пайдаланылған ұшу купондарын жолаушы барлық тасымалдау кезеңінде сақтау керек. Олар Тасымалдаушының талап етуі бойынша көрсетілуге және тапсырылуға тиіс.

      13. Билетті оны пайдалану үшін басқа адамға беруге болмайды.

      14. Билет немесе оның кез келген бөлігі жоғалып, бүлінген жолаушы немесе ұшу купоны жоқ болған жағдайда, Тасымалдаушы жолаушының өтінішімен ондай билеттің орнына Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылған ақшаларды төлетіп, билеттің дубликатын беруге болады.
      Шетелдік Тасымалдаушы берген билет (немесе оның кез келген бөлігі) жоғалған, бүлінген жағдайда, дубликатты толтыруға бұл Тасымалдаушының жазбаша рұқсатын алу керек.
      Бұл жағдайларда, жолаушы тиісті маршрут бойынша ұшуға билет беру үшін, тасымалдаушыға қанағаттандыратындай дәлелдер келтіру керек.

      15. Билеттің жоқтығы, дұрыс еместігі немесе жоғалуы тасымал келісімі бар ма, жарамды ма - оған әсер етпейді. 

3 ТАРАУ. ОРЫНДЫ БРОНДАУ

      16. Орынды брондау жолаушыларды тасымалдаудың қажетті шарты болып табылады.

      17. Жолаушыға тиісті түрде толтырылған билет берілмегенше, брондау алдын ала жасалған болып есептеледі және қажет болған жағдайда жойылуы мүмкін.

      18. Толық немесе жартылай пайдаланылмаған билеті бар және билетінде көрсетілген ұшатын күнін басқа күнге ауыстырғысы келген жолаушы орынды жаңадан брондағанда ешқандай артық кезек құқығын пайдаланбайды.

      19. Жолаушы тіркеуден өту үшін әуежайға немесе Тасымалдаушы көрсеткен басқа жіберетін жерге Тасымалдаушы белгіленген уақыттан кешікпейді немесе тіркеу бойынша белгіленген нысандылықтар мен тәртіптерді орындайтындай уақытта келуге міндетті.

      20. Егер жолаушы тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмесе немесе дұрыс толтырылмаған құжаттармен келсе онда Тасымалдаушы аталған әуежайда оған жасалған ұшу бронын жоюына болады. Тасымалдаушы жолаушының тіркеуден өз уақытында өтпегеніне байланысты шығындар үшін жауап бермейді.

      21. Жолда және кері қайту пунктіне 72 сағат артық тоқтағанда, жолаушы кестесі бойынша рейс ұшқанға дейін 72 сағ. ішінде, әрі қарай ұшуға Тасымалдаушыдан бұрын, жүргізілген бронды растауға міндетті, ал трансфер пунктінде келгеннен кейін 2 сағаттан кешіктірмеу керек, егер Тасымалдаушының нормативтік актілерінде басқа жағдай қарастырылмаса.

      22. Егер жалпы мақсатпен бір бағытқа ұшатын 10 және одан да көп адамнан болатын жолаушылар тобы әрі қарай ұшуға немесе кері бағытта ұшуға белгісі бар билеттері болып, белгілі бір пунктте 15 күннен артық мерзімге аялдама жасаса, онда брондау рейс жіберілгенше 15 күннен кешіктірілмей, расталуға тиіс, егер Тасымалдаушының нормативтік актілерінде басқа жағдай қарастырылмаса.

      23. Бронды растау үшін, жолаушы (ал топты тасымалдағанда топ жетекшісі) Тасымалдаушының немесе оның агентінің өкілдігінің кеңсесіне кез келген байланыс құралдарын қолданып немесе жеке өзі жолығуы тиіс.

      24. 20-22-тармақтарда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда, тасымалдаушы осы әуежайдан ұшу бронын жоюға хақысы бар.

      25. Егер жолаушы (жолаушылар тобы) брондалған орыннан бас тартса немесе Тасымалдаушы белгілеген уақытқа тіркеу орнына немесе дұрыс толтырылмаған құжаттармен келіп, нәтижесінде ол үшін брондалған орын қолданылмаса, онда жолаушыдан (жолаушылар тобынан) Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылған жағдайларда және мөлшерлерде ақша ұсталуы мүмкін.
      Бірақ, бұндай ақша, егер жолаушы (жолаушылар тобы) бронды жоя алмаса немесе тіркеу орнына рейстің кешігуі немесе өзгеруі бойынша қону пунктінен өтіп кету немесе бұл жолаушыға (жолаушылар тобына) брондалған орынды бере алмау себебінен болса, ақша ұсталмайды. Сондай-ақ, егер жолаушы (топтың бірнеше мүшесі) дәрігерлік тұжырымдамамен мақұлданған денсаулық жағдайына байланысты тіркеу орнына келмесе, ақша ұсталмайды.

      26. Жолаушының өтініші бойынша бастапқы брондауға жататын байланыс шығындарын есепке алмағанда, оның жол жүруі және брондауға қатысты байланыс шығындарын жолаушы төлейді.

      27. Жолда тоқтауға тек қана ол Тасымалдаушымен немесе оның агентімен алдын ала келісімі және билетте қарастырылса ғана рұқсат етіледі.

      28. Егер билет Тасымалдаушының арнайы тариф бойынша төленген болса, жолда жолаушының аялдауы Тасымалдаушының нормативтік актілерімен реттеледі.
      Жолда тоқтау үшін билетке төлеудің көрсетілген кез келген жағдайларында мына шарттарды сақтау керек:
      1. билеттің жарамдылық мерзімі шеңберінде ғана тоқтауға болады;
      2. тиісті елдердің мемлекеттік органдары мен олардың Тасымалдаушыларының ережелері бойынша тоқтауға болады.

4 ТАРАУ. БИЛЕТТЕГІ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУДАҒЫ
ӨЗГЕРІСТЕР

      29. Жолаушының өтініші бойынша билеттегі өзгерістер Тасымалдаушының нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

      30. Тасымалдаушы тасымалдағы осы қосымша тарифтер мен жиындарды төлеуді талап етуге тиіс емес. Бірақ, егер қалыптан жоғары багажды тасымалдағаны үшін жолаушылар тарифі мен тариф өзгертілген маршрут бойынша төленген сомадан төмен болатын болса, онда айырмасы жолаушыға қайтарылады.

      31. Егер Тасымалдаушы белгілі бір себептермен тиісті қызмет көрсету класты салонда жасалған бронға сәйкес жолаушыға орын тауып бере алмайтын болса, онда:
      1. егер жолаушы алғашқыда бронға сәйкес келетін нормалар бойынша оған тегін тамақ беру мен тегін жүк алып өту құқығын беріп, басқа қызмет көрсету класты салонда ұшуға келіссе, төленген және ұсынылған класында тасымалдау құны арасындағы айырма бойынша ешқандай қайта есептеу жүргізілмейді;
      2. егер жолаушы төленгенмен салыстырғанда арзандау класты салонда ұшудан бас тартса, Тасымалдаушы бұл жолаушыны қонақ үйде орналастыру, тамақтандыру, Тасымалдаушының рейсінде немесе шетелдік Тасымалдаушының рейсінде алғашқы брондалған класқа сәйкес, жолаушыға орын тауып бере алатын уақытқа дейін, жалғастыру;
      3. әуежайдан әуежайға ауысуды байланыс құралдары мен жердегі көлікті пайдалану шеңберіндегі шығындарды төлейді.

5 БӨЛІМ. ЖОЛАУШЫНЫ ТАСЫМАЛДАУДАН БАС ТАРТУ

      32. Тасымалдаушы мына жағдайларда жолаушыны әуеде тасымалдау келісімін бір жақты тәртіппен тоқтатуға хақысы бар, егер:
      1) жолаушы жеке басын тексеруден, қол жүгі мен жүгін тексеруден бас тартса;
      2) жолаушы тасымалдаушы белгілеген ережелерді бұзса және өз әрекеттерімен әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірсе;
      3) бұл үстінен әуе тасымалы жүзеге асырылатын немесе тасымалдауды жіберу пункті, тоқтайтын жері немесе жету пункті орналасатын мемлекеттің заң актілері ережелерін жою үшін қажет болса;
      4) жолаушының тәртібі, жасы, психикалық немесе физикалық жағдайын мынандай қалыпта болғанда; Тасымалдаушының ерекше көмегін қажет етуі; тәртіпсіздік, жайсыздық тудырады немесе басқа жолаушылар тарапынан ашу, ыза тудырады; жолаушының өзіне, басқа адамдар немесе олардың мүліктері үшін қауіп немесе қатер тудырады;
      5) жолаушы аталған Ережелерді орындаудан бас тартқан себепті;
      6) жолаушы тексеруден бас тартқан себепті;
      7) жолаушы ұшу кезінде ӘК командирінің бұйрығын орындаудан бас тартқан себепті.

      33. Егер жолаушыны тасымалдаудан бас тартқанда немесе ол осы Ережелердің 32 тармағында көрсетілген себептермен әуе кемесіне жіберілмесе немесе әуе кемесінен түсіріліп тасталса, оның осы Ережелердің 83 тармақшасына сәйкес пайдаланылмаған билет немесе оның бөлігі үшін ғана ақшасын қайтып алуына хақысы бар.
      Егер жолаушыны тасымалдаудан 32 тармақта баяндалған себептер бойынша бас тартса, онда одан пайдаланылмаған билет пен оның бөлігі үшін ақшасын қайтарғанда 83 тармаққа сәйкес, сондай-ақ тиісті ақшаларда ұсталады.

      34. Егер әуе кемесіне мүмкін коммерциялық жүк тиеу бойынша шектеулер шамадан тыс асып кетсе, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Тасымалдаушы өзінің шешуі бойынша қандай жүкті, багажды немесе жолаушыны осы әуе кемесінде тасымалдауға болмайтындығына хақысы бар.

7 ТАРАУ. ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ КЕЙБІР КАТЕГОРИЯЛАРЫН ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ

      35. Өте маңызды жолаушылар категориясына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 788 "Қазақстан Республикасы әуе көлігінде тасымалдауда оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін лауазымды тұлғалардың арнайы тізімі туралы" қаулысына сәйкес Тасымалдаушының арнайы тізімімен анықталған адамдар жатады.

      36. Дипломаттық курьерлер мен байланыс фельдегерлерін тасымалдау мемлекеттік органдардың талаптарына, Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес жүргізіледі.
      Дипломаттық курьер мен байланыс фельдегері Тасымалдаушының талап етуі бойынша дипломаттық багажды (почтаны) алып жүретін адам ретінде оның арнайы өкілеттігін растайтын құжаттары болуы керек және көрсетуі керек.

      37. Қазақстан Республикасы Тасымалдаушылары балаларды ересек жолаушылармен бірге, сондай-ақ оларсыз-ақ тасымалдауға болады.
      Еріп жүретін адамдары жоқ балаларды ата-аналары немесе қамқоршылары ондай тасымалдың барлық қажетті детальдарын көрсетіп, тиісті құжатты ("Тасымал туралы өтініш") толтырғаннан кейін қабылдайды.
      Еріп жүретін адамдары жоқ балалар ретінде ата-аналарсыз ұшатын және жолаушылардың біреуіне сеніп тапсырылмаған жасы 2-ден 12-ге дейінгі балаларды тасымалдауға болады.
      Ата-аналар немесе қамқоршылардың өтініші бойынша бұл 16 жасқа дейінгі балаларға да қатысты болуы мүмкін.

      38. Жеке орын алмайтын және ересек жолаушымен ілесіп жүретін, 5 жасқа дейінгі бір баланы халықаралық рейстерде тасымалдау үшін, ақы төленбейді.
      1) Егер бес жасқа дейінгі бала халықаралық рейсте жеке орынмен тасымалданатын болса, егер бұл тарифты қолданудың ерекше шарттары болмаса, оны тасымалдауға еріп жүретін ересек жолаушының тиісті қалыпты немесе арнайы тарифінің 50%-н төлейді.
      2) Бір ересек жолаушы 5 жасқа дейінгі екінші және келесі балаларды халықаралық рейсте тасымалдау үшін, егер бұл тарифты қолданудың ерекше шарттары болмаса, оны тасымалдауға еріп жүретін ересек жолаушының тиісті қалыпты немесе арнайы тарифінің 50%-н төлейді.
      3) Халықаралық рейсте бір ересек жолаушы 5-тен 12 жасқа дейінгі әр баланы тасымалдау үшін, егер бұл тарифті қолданудың ерекше шарттары болмаса, еріп жүретін ересек жолаушының тиісті қалыпты немесе арнайы тарифінің 50%-і төленеді.
      4) Еріп жүретін адамы жоқ баланы халықаралық рейсте тасымалдау үшін, Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес ақы төленеді.
      5) Белгілеу пунктіне ұшатын балаларға жүкті тегін алып жүру құқығы және салонда жеке орын берілмейді.

      39. Ішкі тасымалдауларда жолаушы ақысыз 7 жасқа дейінгі бір баланы оған жеке орын бермей алып жүруіне болады, ал келесі, ішкі рейстерде жолаушымен бірге ұшатын 7 жасқа дейінгі балалар толық тарифтің 50%-н балалар билеті бойынша төлеп, жеке орынмен тасымалданады. 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар ішкі рейстер де балалар билеті бойынша толық тарифтің 50% төлеп, ересек жолаушылармен бірге, сондай-ақ бөлек те тасымалданады.

      40. Әр баланың жасына қатыссыз тиісті қалыпты немесе арнайы тарифтің 50%-і тасымалдау үшін төленгенде жеке орын беріледі және қалыпты немесе арнайы тарифпен төлеген жолаушылар үшін белгіленген норма бойынша багажды тегін алып жүруге болады. Егер бұл жағдайларда тегін алып жүретін жүк нормасынан асып түсетін мөлшерде багаж тасымалданса, онда ол тиісті багаж тарифі бойынша төленеді.

      41. Зембілмен тасымалдауды қажет ететін жолаушыны тасымалдау үшін әуе кемесінде зембілдер нақты қанша орын алатынына байланыссыз, Тасымалдаушының нормативтік актілеріне белгіленген тарифке үстеме ақы мөлшерінде төленеді.

7 БӨЛІМ. БАГАЖ (ЖҮК) ТАСЫМАЛДАУ

      42. Жолаушыларға тіркелмеген жүк ретінде шектелмеген мөлшерде және Тасымалдаушының рұқсатымен мына заттарды алып өтуіне рұқсат беріледі:
      1. ұшу кезінде қажет болуы мүмкін гигиеналық және дәрігерлік заттар;
      2. тез бұзылатын заттарды орау және сақтау үшін қолданылатын құрғақ мұз;
      3. территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы тасымал жүзеге асырылатын кез келген елдің мемлекеттік органдарының заңдарымен, қаулыларымен, ережелері және бұйрықтарымен рұқсат етілетін мөлшерден кем емес көлемдегі алкогольді ішімдіктер;
      4. шегуге арналған темекі заттары мен қажетті бұйымдар, оның ішінде тек сұйытылған сорғыш газдары бар оттықтар;
      5. медициналық мақсаттарда ғана қолданылатын оттегісі бар портативті баллондар;
      6. ортопедиялық жабдықтары үшін қолданылатын көміртегі тотығы бар портативті баллондар.
      Жоғарыда саналмаған заттардың жалпы салмағы әр жолаушы үшін 5 кг-нан аспауға тиіс.

      43. Қызметтік міндеттерін орындау жағдайындағы адамдар өзімен бірге қару алып жүруді белгіленген тәртіппен берілген рұқсат бойынша ғана жүзеге асырады және территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы тасымал жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың тиісті заңдарын, қаулыларын, ережелері мен бұйрықтарын орындағанда ғана рұқсат етіледі.

      44. Тасымалдаушы жүкті тасымалдауға қабылдау кезінде билетте тіркелген жүктің орнын, санын және салмағын көрсетуге міндетті, бұл жолаушыға жүк түбіртегін беру деп есептеледі. Сондай-ақ, Тасымалдаушы жолаушыға нөмірлі жүк белгісінің үзбелі талонын беруге міндетті. Әр орындағы жүктің салмағы 30 кг-нан және өлшемі 50х50х100 см-ден аспауға тиіс, егер басқа жағдай Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылмаса.

      45. Багажды (жүкті) тіркегеннен кейін, оны сақтау жөніндегі міндеттер Тасымалдаушыға жүктеледі.

      46. Тасымалдаушы, егер жүк қалыпты жағдайларда қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін чемодандарға, қораптарға, сөмке немесе басқа да орамдарға оралмаған болса, оны тіркелген жүк ретінде қабылдамауына болады.

      47. Тез сынатын немесе бұзылатын заттарды, ақшаны, бағалы заттарды, қымбат металдарды, құнды қағаздарды, акциялар мен басқа да құндылықтарды, сондай-ақ қызмет барысындағы құжаттар немесе бұйымдар үлгілерін жолаушы өзінің тіркелген жүгіне салуға болмайды, ал Тасымалдаушы тіркелген жүк ретінде тасымалдаудан бас тартуына болады.

      48. Тіркелген жүк жолаушы ұшатын әуе кемесімен тасымалданады. Егер олай тасымалдау кейбір себептермен мүмкін болмаса, Тасымалдаушы тіркелген жүкті өзінің ең жақын келесі немесе алдыңғы рейсімен тасымалдауға міндетті.

      49. Егер Тасымалдаушы осы Ережелерде берілген "жүк" анықтамасына сәйкес келмейтін кейбір заттарды жүк ретінде қабылдаса, ондай заттарды тасымалдау, сондай-ақ осы Ережелерге қатысты болады.

      50. Салонда жеке ұсынылмай (берілмей) тасымалданатын балаларынан басқа билеті бар әрбір жолаушыға, қол жүгін және 20 кг артық емес салмағы бар багажды тегін алып өтуге болады.

      51. Егер халықаралық тасымалдау бірінші класты қызмет көрсету белгіленген халықаралық линия бойынша ретімен (шетел Тасымалдаушыларының линияларын қоса алғанда) және бірінші класты қызмет көрсету белгіленбеген, әуе компаниясының халықаралық линиялары бойынша орындалатын болса, онда жолаушыға төлеген бірінші класты қызмет көрсетуге сәйкес келетін норма бойынша тегін жүк алып өту құқығы беріледі.

      52. Егер халықаралық тасымалдау ретімен халықаралық және ішкі линиялар бойынша немесе керісінше орындалатын болса, онда ішкі линия бойынша жолаушыға билет алу кезінде төлеген халықаралық линияда қызмет көрсету класына сәйкес келетін норма бойынша жүкті тегін алып өту құқығы беріледі.

      53. Жолаушы өз еркімен тасымалдау маршрутын немесе қызмет көрсету класын өзгерткен жағдайда, оған жаңа участоктағы тиісті маршруты мен қызмет көрсету класы үшін белгіленген нормада тегін жүк алып өту құқығы беріледі.

      54. Тасымалдау маршруты немесе қызмет көрсету класы еріксіз өзгерген жағдайда, жолаушыға алғашқыда төленген маршруты мен қызмет көрсету класы бойынша рұқсат етілгендей багаж мөлшерін тегін алып өту құқығы беріледі.

      55. Жүкті тегін алып өтудің белгіленген нормасынан тыс, жолаушы ұшуда оған қажет мына заттарды, егер олар жолаушының қолында болса және жүкке салынбаған болса, тегін алып өтуге хақысы бар: әйелдер сөмкесін; қағаздарға арналған папкасы; пальто немесе плащты; жылы орамалды; қолшатыр немесе тросты; ұшу кезінде оқуға арналған баспасөз өнімдерін; балаға арналған тамақ пен балалардың жол бесігі; мүгедекке арналған кресло-арба.

      56. Бір бағытқа бір топ ретінде баратын немесе бір рейспен тоқтайтын екі немесе бірнеше жолаушы тасымалдауға өз жүктерін бірге көрсетсе, онда оларға жүкті тегін алып өтудің жеке нормаларының құнына тең жалпы норма бойынша тегін алып өту құқығы беріледі, егер басқа жағдай Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылмаса.

      57. Тегін алып өту нормасынан асып түсетін мөлшердегі жүкті тасымалдауға ақы ақылы жүктің түбіртегі берілген күніне жарамды оның жүк тарифі бойынша жету пунктіне дейінгі барлық тасымал үшін жіберу пунктінде төленеді. Ондай төлеу алдын ала (билет толтырған кезде) жүргізілуі мүмкін.

      58. Егер жіберу пунктінде жолаушы мәлімдегеннен және билетті толтыру кезінде алдын ала төленгеннен аз мөлшерде тасымалға көрсетсе, жүктің мәлімденген және нақты салмағы арасындағы тасымал ақысындағы айырма алғашқы төлем валютасында жолаушыға қайтарылуға тиіс.

      59. Егер жолаушы мәлімдегеннен және алдын ала төленгеннен көп мөлшерде жүкті тасымалға көрсетсе, ондай жүк жолаушымен бір әуе кемесінде тасымалдауға тек қана бос тоннаж болғанда және тиісті ақы төлегеннен кейін қабылданады.

      60. Жолаушының тілегі бойынша тегін алып жүрудің нормасынан жоғары жүкті тасымалдау ақысы жолда тоқтау пунктіне дейін немесе трансферада төленуі мүмкін.

      61. Жүктің салмағы ұлғайған жағдайда, тоқтау пунктінде, немесе трансферада жолаушыдан қосымша жүк үшін ақы алынады.

      62. Жолаушы өзінің тіркелген жүгінің құнын жіберу пунктінде, сондай-ақ тасымалдау маршруты бойынша кез келген аралық пунктте жариялауға хақысы бар. Сондай-ақ, жолаушы жүгінің бұрынырақ хабарланған құнының мөлшерін ұлғайтуға хақысы бар. Жарияланған құнының сомасы жүктің нақты құнынан артық болмау керек. Жүктің жарияланған құндылығы үшін ұсталатын ақша Тасымалдаушының тарифтерді қолдану ережелеріне сәйкес төленеді.
      Жүктің жарияланған құндылығы үшін ұсталатын ақша осы жүктің құндылығы хабарланатын пункттер арасы көрсетілген, ақылы жүк түбіртегімен расталған және бұл құндылық хабарланған пунктте төленеді.
      Бірақ егер жолаушы тасымалдау маршрутының аралық пунктінде өз жүгінің құнын бұрынырақ жарияланғаннан көбірек хабарласа, ол қосымша ақша төлеуі тиіс.

      63. Жолаушының тілегі (сұрауы) бойынша, жүк ілеспейтін болып толтырылуы мүмкін.
      Ілеспейтін жүк тасымалға жолаушы ұшатын пункттер арасында қабылданады, және тек тасымал шарттарымен қарастырылмайтын болса, жолаушының өзі кедендік жағынан жүкті толтырғаннан кейін ғана қабылданады.

      64. Ілесіп жүретін адамы жоқ багажды тасымалдау аталған Ережелердің 3 бөлімінде мазмұндалған ережелермен реттеледі.

      65. Егер жолаушы белгілеу пунктіне, аялдау немесе трансфераға келгеннен кейін, өзінің тіркелген жүгін алмаса және ол туралы мәлімдесе, Тасымалдаушы немесе жолаушыға қызмет көрсететін агент жүкті іздеуге барлық қажетті шараларды қолдануға тиіс.

      66. Тиісті жүк тарифі бойынша тасымалдауға ақысы төленген, қалдырылған, ұмытылған немесе жіберіліп алынған жүк қосымша ақысыз белгілеу пунктіне, тоқтайтын жерге немесе трансфераға жеткізіледі.

      67. Жолаушы өзінің тіркелген жүгін белгілеу, жолда тоқтау және трансфера пунктінде тасымалдауына алу үшін көрсеткеннен кейін алуға тиіс.

      68. Тасымалдаушы әуе тасымалы келісімі бойынша Тасымалдаушыға төлеуге тиісті барлық соманы төлеген жағдайда жүк түбіртегі мен жүк белгісінің үзбелі талонын көрсеткен адамға тіркелген жүкті береді.

      69. Тасымалдаушы жүк түбіртегі мен жүк белгісінің үзбелі талонын көрсетуші шын мәнінде жүкті алуға хақысы бар ма - оны тексеруге міндетті емес және бұндай тексерусіз берілген жүкке байланысты шығындар немесе зиян үшін жауап бермейді.

      70. Жүк түбіртегі мен жүк белгісінің үзбелі талонын көрсетушінің өтініші бойынша, тіркелген жүк, жіберу пунктінде немесе аралық қону пунктінде, егер бұл пункттерде жүк беру мемлекеттік органдардың ережелеріне қайшы келмесе және уақыт пен жағдайлар оны беруге мүмкіндік берсе, жүкті беруге болады.
      Жіберу пунктінде немесе аралық қону пунктінде жүк осылай берілген жағдайда, Тасымалдаушыға бұрын төленген барлық сомалар бұл жүктің тасымалдауына байланысты жолаушыға қайтарылмайды.

      71. Егер жүкті алуға талаптанған адам жүк түбіртегін және жүк белгісінің үзбелі талонын көрсете алмаса, Тасымалдаушы бұл жүкті алуға өз құқығын жеткілікті дәлелдермен көрсеткенде ғана және тасымалдауға осы жүкті беру нәтижесінде болуы мүмкін зиян мен шығындардың орнын толтыруға жазбаша кепілдеме бергенде ғана жүк беріледі.

      72. Жүкті жеткізудегі кідіріс, оның жетпеуі, бұзылуы немесе жоғалу жағдайларында, сондай-ақ жүкті жүк түбіртегі мен жүк белгісінің үзбелі талонын көрсетпеген жағдайларда, жүкті алушы мен Тасымалдаушы қол қоятын, "PІR" тасымалдаудағы ақаулар жөнінде акт жасалады. Акт әуежай территориясынан жолаушы шыққанға дейін жүк тасымалдаудағы ақау табылғанда тез арада Тасымалдаушы жасайды.

      73. Жүкті жеткізуде мезгілін өткізіп алғаны үшін, Тасымалдаушы жүкті алушыға әрбір өткізіп алған тәулігі үшін авиабилеттің құнының 10%-і, бірақ авиабилеттің құнынан 50% артық емес мөлшерде айыппұл төлейді.

      74. Талап етілмеген жүк әуежайларда оның жеткізілген күнінен бастап алты ай бойы сақталады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін талап етілмеген жүк белгіленген тәртіппен өткізіледі.

      75. Иттер, мысықтар, құстар және басқа хайуанаттар тек ересек жолаушылар ілесіп алып жүргенде ғана және алдын ала Тасымалдаушы келісім бергенде ғана тасымалға қабылданады. Жолаушы құзырлы мемлекеттік мекеме берген сертификатты және территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы тасымал жүзеге асырылатын кез келген елдің ветеринарлық органдары талап ететін басқа да құжаттарды көрсетуге міндетті.

      76. Хайуанаттар мен құстарды тасымалдау үшін, жолаушы ауа баратын жеткілікті өлшемдегі контейнермен (тормен) қамтамасыз етуге міндетті.
      Контейнердің (тордың) түбі су өткізетіндей болып, сорғыш материалмен қапталуға тиіс. Ерекше жағдайларда хайуанаттар мен құстарды тығыз жабылған кәрзеңкелерде, ауа баратын тесігі бар қораптарда тасымалдауға болады. Құстардың торлары тығыз, жарық өтетін матамен қапталуы тиіс.

      77. Ілесіп алып жүретін хайуанаттар мен құстардың салмағы оның ішінде контейнерлер (торлар) мен тамақтың салмағы тегін алып жүретін жүктің нормасына кірмейді және Тасымалдаушы белгілеген тариф бойынша төленеді.
      Егер хайуанаттың салмағы тормен бірге 8 кг-нан асып кетсе, ондай хайуанат тек әуе кемесінің оқшауланған жүк бөлмесінде тіркелген жүк ретінде тасымалданады. Егер әуе кемесінде оқшауланған жүк бөлмесі болмаса, онда хайуанаты бар тор қатар отырған жолаушылардың келісімімен жолаушылар салонында орналасады.

      78. Жетекші иттерді қарғыбауы мен тұмылдырығы болып, ол иесінің аяғына байлаулы болғанда, торсыз тегін алып жүретін жүктің нормасын артық, тегін тасымалданады.

8 БӨЛІМ. ҰШУ КЕСТЕСІ, РЕЙСТЕРДІҢ КІДІРУІ ЖӘНЕ КЕЙІН
ҚАЛДЫРЫЛУЫ

      79. Тасымалдаушы жолаушы мен оның жүгін тасымалдауды өз уақытында орындауға оған қатысты барлық шараларды орындауға міндетті. Тасымалдаушының кінәсінен, жолаушыны тасымалдау кешіккен жағдайда, жолаушы зардап шеккен болса, одан бөлек, әрбір кешіккен сағат үшін билет құнының 3% мөлшерінде айыппұлды тасымалдаушы жолаушыға төлейді.
      Төленген айыппұлдың мөлшері алынған билет құнынан артпауы керек.

      80. Егер жағдай талап етсе, әуе компаниясы ескертусіз кез келген рейсті кейінгіге қалдыруы, тоқтатуы, ауыстыруы, кідіртуі мүмкін. Бұл жағдайларда, жолаушы келісімі бойынша әуе компаниясы, жолаушының мүдделері мен дәлелді себептерін ескере отырып, ондай жолаушыны басқа рейспен тасымалдау керек немесе оны тасымалдау үшін шетелдік Тасымалдаушыға беру керек, немесе келісімнің бұзылуы себебінен болған барлық шығындарды жолаушыға қайтарып, өзінің нормативтік актілеріне сәйкес ақшасын қайтаруы керек.

9 БӨЛІМ. АҚШАНЫ ҚАЙТАРУ

      81. Жолаушы ұшудан ерікті және еріксіз түрде бас тартқан жағдайда, пайдаланылмаған билет, оның бөліктері, ақылы жүк түбіртегі (ЕВТ) немесе әртүрлі жиындар бойынша (МСО) ақшасын қайтаруды Тасымалдаушы осы бөлімнің жағдайларына, сондай-ақ Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес жүргізеді.

      82. Пайдаланылмаған билет оның бөліктері немесе МСО бойынша ақша қайтару туралы өтінішті Тасымалдаушы билеттің жарамдылық мерзімі ішінде, бірақ бұл мерзім біткеннен кейін 30 күннен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

      83. Ақша билетте көрсетілген адамға, немесе билетті төлеген адамға қайтарылады.

      84. Билетті төлеген, бірақ билетте көрсетілген адам жолаушы болып табылмаса, Тасымалдаушыдан немесе оның агентінен осы билет бойынша пайдаланылмаған тасымал үшін ақшаны кімге қайтару керектігі жөнінде билетте белгі жасауға құқығы бар.

      85. Ақшаны қайтару Тасымалдаушыға жолаушы купоны мен билеттің барлық пайдаланылмаған Ұшу купондарын немесе ақылы жүк түбіртегін, әртүрлі жиын ордерінің ауыстыру және жолаушы купондарын көрсеткенде ғана жүргізіледі.

      86. Пайдаланылмаған билет, билеттің бөлігі немесе МСО бойынша қайтарылатын ақшаның өлшемі Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес анықталады. Жолаушыға қайтарылатын ақшадан жолаушы немесе оның жүгі үшін Тасымалдаушы төлеген немесе төлеуге тиіс барлық жиындар, төлемдер мен шығындар (айыппұлды қоса алғанда) ұсталады.

      87. Жолаушы ұшудан бас тартуға мәжбүр болғанда мына жағдайларда ақша қайтарылады:
      1. жолаушының орны брондалған рейстің кейінге қалдырылуы, ауыстыруы, кідіруі;
      2. жолаушының тасымалдау құжаттарының дұрыс толтырылмауы; жолаушының аттану, жету немесе жолда тоқтау пункттері болып табылатын пункттерде ұшу кестесі бойынша аялдауды кейінге қалдыру;
      3. ұшу кестесіндегі көрсетілген уақытқа сәйкес рейстің орындалмауы;
      4. әуе кемесі типі немесе қызмет көрсету класын ауыстыру;
      5. ертерек жасалған бронға сәйкес, жолаушыға орын тауып берудің мүмкін болмауы;
      6. Тасымалдаушының рейстердің түйілісуін қамтамасыз етпеуі;
      7. Жолаушының немесе әуе кемесінде онымен бірге келе жатқан оның отбасы мүшесінің, дәрігерлік куәлікпен мақұлданған науқасы немесе өлімі.

      88. Ұшудан бас тартуға мәжбүр болғанда жолаушыға төленетін ақша мынадай жағдайларға сәйкес анықталады:
      1. егер бірде-бір телімдегі тасымал орындалмаса, онда тасымал үшін төленген барлық ақша қайтарылады;
      2. егер тасымал жартылай (бөлігі ғана) орындалса, онда тасымалдың қалған орындалмаған бөлігінің құнына сәйкес келетін ақша қайтарылады.

      89. Ұшудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда, ақша мына тәртіппен қайтарылады:
      1. егер тасымалдау бірде-бір участокта орындалмаған болса, онда жолаушыға жиынды ұстап, тасымал үшін төленген ақша қайтарылады;
      2. егер тасымал жарым-жартылай орындалған болса, онда барлық тасымал үшін төленген ақша мен орындалған тасымал бөлігінің құнына сәйкес келетін сумма арасындағы айырма, тасымалдың орындалған бөлігіне қатысты тасымал жиындарын ұстап қалып қайтарылады.

      90. Ақшаны қайтару алғашқы тасымал көлемі валютасымен, жолаушының өтініші бойынша, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасымен төленеді.

      91. Ақшаны қайтару алғашқыда Тасымалдаушы немесе оның агенттері берген билеттер, әртүрлі жиын ордері және ақылы жүк түбіртектері бойынша төленеді.

      92. Ақшаны қайтару Тасымалдаушы немесе оның агенті берген билеттер, әртүрлі жиын ордерлері мен ақылы жүк түбіртектері бойынша, алғашқы билетті, әртүрлі жиындар ордері мен ақылы жүктің түбіртегін берген елде немесе билет қайтарылатын елдегі Тасымалдаушының өкілдігінде төленеді.

10 БӨЛІМ. ЖОЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

      93. Тасымалдаушылар жолаушылар мен жүкті әуежайлар арасында немесе әуежай мен қала арасында, Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа жерде тасымалдамайды.
      Жердегі көлікпен жеке ұйымдар өз бетінше қызмет көрсеткен жағдайларда, онда олар Тасымалдаушының агенттері ретінде қарастырылмауға тиіс.

      94. Рейс 10 және одан да көп сағатқа кешіккен жағдайда, Тасымалдаушы қонақ үйден орын және тамақ беруге тиіс. Жолаушының талап етуі бойынша, оған ресми құжат беріледі немесе билетіне Тасымалдаушының арнайы тағайындалған лауазымды адамы тасымалдың кешігу себебі туралы белгі қояды.

      95. Жолаушыға ұсынылған қызмет пен оған байланыстылардың нәтижесінде болған, кез келген сипаттағы зиян немесе шығындарды Тасымалдаушы орнына келтіреді.

3 ТАРАУ. ЖҮКТЕРДІ ӘУЕДЕ
ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

11 БӨЛІМ. ЖҮК ҚҰЖАТТАМАСЫ

      96. Жүк құжаттамасы жүкті әуеде тасымалдау жөнінде тасымалдаушы мен жіберуші арасында, тасымалдау шарттары мен Тасымалдаушының жүкті қабылдауы жөнінде келісім жасалғанын растайтын құжат болып табылады.

      97. Жүк құжаттамасын жіберуші толтырып, қол қояды және Тасымалдаушыға жүкпен бірге беріледі.

      98. Жүк құжаттамасына тарифтер мен жиындарға қатысты мәліметтерді, егер олар әлі анықталмаған болса, Тасымалдаушы өзі енгізеді.

      99. Тасымалдаушы жіберушіден немесе оның өкілетті адамынан, егер жіберу бір орыннан артық орынды алса, немесе оған мемлекеттік органдардың немесе тасымалдаушының нормативті актілері рұқсат ету керек болса, қосымша жүк құжаттамасын толтыруды талап етуіне болады.

      100. Жіберушінің өтініші бойынша, тасымалдаушы жүк құжаттамасын өзі толтыруына болады.

      101. Жүк құжаттамасындағы жүктің салмағы, өлшемі мен орамы, сондай-ақ орын саны жөніндегі мәліметтер, егер Тасымалдаушы басқасын дәлелдемесе, сенімді деп есептеледі. Жүктің мөлшері, көлемі және жай-күйі жөніндегі мәліметтер, егер Тасымалдаушы белгілеген тәртіппен жіберушінің қатысуымен оларды тексерсе, оны жүк құжаттамасында көрсетсе, немесе ондай мәліметтер жүктің сыртқы түріне қатысты болса, сенімді деп есептеледі.

      102. Егер жүктің сыртқы түрі, орамы, жүктің жай-күйі қанағаттандырымсыз болса, жіберуші жүк құжаттамасында оның шын мәніндегі сыртқы түрі мен жай-күйін көрсетуге міндетті. Егер тасымалдауға тапсырылатын жүктің ерекше қасиеттері болса немесе ерекше жағдайда тасымалдауды қажет етсе, жіберуші бұны жүк құжаттамасында көрсетуге тиіс. Бірақ, егер жіберуші бұндай нұсқауларды жасамаса, онда Тасымалдаушы жүк құжаттамасында жүктің нақты түрі мен жай-күйі, оның ерекше қасиеттері мен тасымалдау шарттары немесе бұрынырақ жасалған белгіні, өзінің қолымен және мөрімен (мөртабанымен) енгізген түзетулерін куәландырып, анықтауға хақысы бар.

      103. Жіберуші жүк құжаттамасында көрсетілген мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы, дәлдігі үшін Тасымалдаушы мен басқа адамдар алдында жауап береді, оның ішінде жүк құжаттамасын Тасымалдаушы жіберушінің өтініші бойынша толтырылған жағдайда да болады.

      104. Жіберуші Қазақстан Республикасының қазіргі заңдарына сәйкес көліктік құжаттардағы көрсетілген дұрыс еместік, дәлсіздік немесе толық еместік салдарынан Тасымалдаушыға немесе басқа адамға келген шығынның орнын толтырады.

      105. Жүк құжаттамасының жоқ болуы, дұрыс еместігі немесе жоғалуы тасымал келісімінің барлығына, жарамдылығына әсер етпейді.

      106. Егер жүк құжаттамасына Тасымалдаушы немесе әуе компаниясының агентінен басқа адам түзетулер немесе өзгерістер енгізсе, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін.

12 БӨЛІМ. ТОННАЖДЫ (КӨЛЕМДІ) БРОНДАУ

      107. Тоннажды  (көлемді) брондау жүкті тасымалдаудың қажетті шарты болып табылады.

      108. Жүкті тасымалдау үшін алдын ала тоннажды (көлемді) брондау керек. Алдын ала брондамай, жүкті тасымалдау үшін жүк Тасымалдаушы мен келісілген салмағы немесе көлемі бойынша қабылдануы мүмкін.

      109. Тоннажды (көлемді) брондау жүкті тек тоннаж (көлем)  брондалған рейспен және тек сол күні және жүк құжаттамасында енгізілген және брондау кезінде Тасымалдаушымен жіберуші арасында келісілген пункттер арасында тасымалдауға құқық береді.
      Тоннаж (көлемді) брондау Тасымалдаушы жіберушіге тиісті түрде толтырылған жүк құжаттамасын бермегенге дейін, алдын ала деп есептеледі.

      110. Тоннажды (көлемді) брондауға жіберуші тапсырыс бергенде, мына мәліметтер енуі тиіс:
      1) жүктің аты, орын саны, жалпы салмағы мен көлемі;
      2) әрбір орынның өлшемдері;
      3) ұшу бағыты, рейс және күні;
      4) тасымал ақысын төлеуге кепіл беретін құжаттың аты мен нөмірі;
      5) тасымалдау мен сақтауда ерекше шарттар немесе сақтық шаралар талап ететін жүктің ерекше қасиеттері.

      111. Егер жіберуші сұраған маршрут Тасымалдаушы үшін қолайсыз болып табылса, онда соңғысы жіберушінің келісімімен өзінің ыңғайына қарай маршрутты таңдауға хақылы.

      112. Тоннажды (көлемді) брондауға тапсырыс жіберушіге хабарланған кезден немесе жасалған брон жөнінде тапсырыс берген Тасымалдаушы қабылданды деп есептеледі.

      113. Белгілі бір рейске брондау мына жағдайларда жарамсыз болады және Тасымалдаушыға қандай да бір міндеттемелерді жүктемейді:
      1) жіберуші әуе компаниясының ережелері мен нұсқауларында қарастырылған уақытта, мөлшерде аванс төлемесе;
      2) жіберушіге тиісті түрде осы рейспен жүкті тасымалдауға толтырылған жүк құжаттамасы берілмесе.

      114. Егер жіберуші жүкті белгіленген мерзімде жеткізбесе, немесе оны дұрыс толтырылмаған құжаттармен жеткізсе, немесе жүкті жіберуге қазіргі талаптарға сәйкес дайындамаса, онда Тасымалдаушы бұл үшін аталған әуежайдан жасалған брондауды жоюына болады.

      115. Жүкті жеткізуде мерзімін өткізіп алғаны үшін, Тасымалдаушы алушыға әрбір мерзімін өткізіп алған тасымал тәулігі үшін, тасымал құнының 50% артық емес мөлшерде, 5% мөлшерінде айыппұл төлейді.
      Тасымалдаушы, жүк немесе багажды жеткізуде мерзімін өткізіп алғаны үшін, егер ол оның кінәсінен болмаса, жауапкершіліктен босатылады.

      116. Тасымалдаушы жіберушінің өтініші бойынша ұсынған, жүкті тасымалдау мен брондауға қатысты байланыс шығындарын, алғашқы брондауға қатысты байланыс шығындарын есепке алмағанда, жіберуші төлейді.

13 ТАРАУ. ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУҒА ҚАБЫЛДАУ

      117. Жүк мынадай шарттармен әуе тасымалына қабылданады:
      1) жүкті сыртқа шығару, әкелу немесе жолай тасымалдау территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы тасымал жүзеге асырылатын елдің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс;
      2) жүктің габариттері әуе кемесінің және оның бекітпесінің багаж-жүк бөлімінде еркін тиелуін және түсірілуін, орналасуын қамтамасыз етуге тиіс;
      3) рейстік жолаушылар әуе кемелерінде тасымалдауда жүктің салмағы мен габариттері Тасымалдаушының актілерінде белгіленген мөлшерден аспауға тиіс;
      4) жүкке барлық талап етілетін құжаттар қоса тіркелуге тиіс;
      5) жүк әуе кемесі үшін онда орналасқан адамдар мен мүлік үшін және өздерінің қасиеттері бойынша жолаушыларға қолайсыздық жасамауы тиіс.

      118. Салмағы мен габариттері бойынша, белгіленген мөлшерден асатын жүк Тасымалдаушының келісімімен ғана тасымалдауға қабылдануы мүмкін.

      119. Жүк, қалыпты жағдайларда тасымалдағанда олардың сақталуы қамтамасыз етілетіндей, сондай-ақ адамдарға зиян келтірмейтіндей немесе басқа жүктің немесе Тасымалдаушының мүлкіне зақым тимейтіндей, оның ерекше қасиеттерін ескере отырып, оралуы керек.

      120. Тасымалға құны жарияланып тапсырылатын ыдысты немесе орынның оралуын жіберуші пломбылау керек. Пломбылар стандартты болып, оның сандық және әріп белгілері болу керек. Жүк құжаттамасында жүкке жасалған пломбы туралы белгі қойылады және жіберушінің пломбысының атауы көрсетіледі.

      121. Тасымалданатын жүктің әрбір орнының жіберу және көліктік белгісі болу керек, ал қажет болған жағдайларда жүкті тасымалдаудың ерекше жағдайларын бейнелейтін ерекше (арнайы) белгілері болу керек.
      Белгілеу халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ХААҰ) мен Халықаралық әуе көлігі ассоциациясының (ХӘКА) стандарттары негізінде жасалған, Тасымалдаушының актілеріне сәйкес орындалады және онда мынадай мәліметтер болуы керек:
      1) белгілеу және жету әуежайларының атауы;
      2) алушы мен жіберушінің дәл мекен-жайлары;
      3) әрбір орынның таза салмағы;
      4) басқа қажетті мәліметтер.

      122. Жүкті тасымалдауға қабылдау шарттарын сақтамағаны үшін жіберуші жауап береді. Жіберуші Тасымалдаушыны жүкті әуеде тасымалдау шартынан келіп туындайтын міндеттемелерден, тиісті елдердің заңдарымен ережелерімен тасымалдауға тыйым салынатын заттарды жіберуші жүк жіберуге енгізгені салдарынан болуы мүмкін шығындардан, немесе жүк белгісі, салмағы, орын саны, мекен-жайы, жүктің сипаттамасы немесе орау сапасы, сондай-ақ кедендік рұқсаттардың немесе басқа да талап етілетін құжаттардың болмауы, кешігуі немесе дұрыс еместігі салдарынан болуы мүмкін шығындардан босатылады.

      123. Тасымалдаушы 119-121 тармақтарда мазмұндалған талаптарға сәйкес келмесе, жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тартуына болады.

14 БӨЛІМ. ТРАНСФЕРЛІК ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ

      124. Трансферлік жүкті тасымалдау барлық тасымалдау маршруты бойынша бекітілген тоннаждың (көлемнің) брондалғанын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      125. Трансферлік жүк жүкті бір рейстен екінші рейске беру жөніндегі барлық әкімшілік нысандылықтар мен процедураларды орындауға болатындай, түйісетін рейсті орындайтын әуе кемесі ұшатын мерзім үшін трансфера әуежайға келіп жету керек.

      126. Халықаралық бағыттарда ұшу үшін ашылған, ішкі әуежайларға Қазақстан Республикасы әуежайлары арқылы жіберілетін трансферлік жүктің салмағы, габариттері мен қасиеттері ішкі линияларда пайдаланылатын әуе кемелеріндегі оларды тасымалдау мүмкіндіктеріне сәйкес келіп, Тасымалдаушының нормативтік актілерінің жауап беруі, сондай-ақ трансфера әуежайларында оларды сақтау шарттары мен мүмкіндіктеріне жауап беруі керек.

15 БӨЛІМ. ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ КЕСТЕСІ, МАРШРУТЫ ЖӘНЕ РЕЙСТЕРДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ

      127. Тасымалдаушы жүкті тасымалдауды өз уақытында орындау үшін өзіне қатысты барлық шараларды қабылдайды.

      128. Тасымалдаушы жүк құжаттамасында көрсетілген жүкті тасымалдау маршрутын жету пунктін өзгертпей, егер басқа жағдай жіберушімен немесе алушымен келісілмесе, өзгертуіне болады.
      Егер жағдай талап етсе, Тасымалдаушы жүк тасымалданатын әуе кемесінің типін ауыстыруға, жүкті тасымалдау үшін басқа Тасымалдаушыға беруге, кез келген рейстің орындалуын кейінге қалдыруға, тоқтатуға, ауыстыруға, кідіртуге немесе жүкті немесе оның бөліктерін әрі қарай тасымалдаудан бас тартуға хақысы бар.

      129. Егер Тасымалдаушы, осы Ережелердің жағдайларын басшылыққа ала отырып, жүкті басынан бастап қандай пунктте уақытша ұстау қажеттігін шешсе, онда ол жүк құжаттамасында көрсетілген тұрағы бойынша жіберушіге тез арада хабарлап, жүкті қоймаға қойып, жүкті кедендік мекемеге тапсырып, сондай-ақ жүкті алушының мекен-жайына әрі қарай тасымалдау үшін, басқа көлік түріне беруге міндетті. Тасымалдаушы бұндай шешім қабылдау үшін негіз болуы мүмкін, жеке алғанда:
      - Тасымалдаушыға қатысты емес жағдайлардың болуы (метеорологиялық жағдайлар, апаттық жағдай, әскери қимылдар, ереуілдер немесе басқа да алдын алу немесе болжау мүмкін емес жағдайлар).
      Ондай жағдайларда жіберуші немесе алушы Тасымалдаушы шеккен шығындардың орнын толтыруға міндетті.

16 БӨЛІМ. ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУДЫ БАСҚАРУ

      130. Жіберуші,  жүкті әуеде тасымалдау келісімінен және сақтау ережелерінен келіп шығатын барлық міндеттемелерді орындау мақсатында:
      1) жүкті жіберу немесе жету пунктінде қайтып алуға;
      2) жүкті аралық пунктте ұстауға;
      3) жүк құжаттамасында көрсетілген алушыны өзгертуге;
      4) жүктің жіберу пунктіне қайтарылуын талап етуге хақысы бар.
      Жіберушінің бұл құқықты жүзеге асыруы Тасымалдаушыға, басқа жіберушілерге ешқандай зияны тимеу керек.

      131. Жүкті басқару құқығы Тасымалдаушыға жіберушіге берген жүк құжаттамасының бір данасы көрсетілгенде ғана жүзеге асырылады. Жүкті басқаруға байланысты барлық нұсқаулар жазбаша түрде және әуе компаниясы белгілеген түрде жасалу керек.
      Егер жүкті тарату құқығын жүзеге асыру салдарынан, алушының аты-жөні өзгерсе, онда жаңа алушы болып, аты жүк құжаттамасында көрсетілетін адам болып саналады.

      132. Осы тармақта көрсетілген тасымал келісімінің кез келген шарттарының өзгеруі жүк құжаттамасына енгізілуі тиіс.
      Жіберуші жүкті басқарумен байланысты барлық шығындарды Тасымалдаушыға өтеуге міндетті.

      133. Егер жіберушінің өкімдерін орындау мүмкін болмаса Тасымалдаушы, бұл жөнінде тез арада жіберушіге хабарлап, бұл өкімді орындаудан бас тартуға хақысы бар.

      134. Жүк жеткізілу пунктіне келіп жеткеннен бастап, алушы Тасымалдаушыдан, егер бұған дейін жіберушінің өзге өкімі болмаса, оған жүгі мен жүк құжаттамасының берілуін талап етуге хақысы бар.

      135. Жіберушінің жүкті басқару құқығы жүк жеткізілу пунктіне келіп, алушы жүкті алғаннан кейін немесе жүктің жеткізілуін талап еткеннен кейін, немесе оның жүкті қабылдағанын дәлелдейтін басқа да қимылдар жасағаннан кейін тоқтатылады.
      Бірақ, егер алушы жүк құжаттамасын немесе жүкті қабылдаудан бас тартса, немесе алушымен байланысу мүмкін болмаса немесе жүкті оған беру, қайтадан жүкті басқару құқығына ие болады.

17 БӨЛІМ. ЖҮКТІ БЕРУ

      136. Осы Ережелерде ерекше қарастырылған немесе жүк құжаттамасында ескертілген жағдайлардан басқа, жүк тек жүк құжаттамасында көрсетілген адамға немесе оның өкілетті адамына ғана беріледі.

      137. Тасымалдаушы жүкті алушыға тек қолхат бойынша және жүк құжаттамасында және осы Ережелерде көрсетілген барлық шарттарды орындағаннан кейін береді.

      138. Жүкті кедендік мекемеге немесе басқа мемлекеттік органға олардың талап етуі бойынша беру немесе алушы жоқта беру Тасымалдаушы жүкті бергенін растайтын құжаттарды жіберушіге немесе алушыға берген жағдайда ғана есептеледі.

      139. Жүкті әрі қарай немесе қайта кері тасымалдау жағдайларынан басқа, басқа бұйрықтар жоқ болғанда жүктің келгені жөнінде хабарлама алушыға, немесе жүк құжаттамасының тиісті графасында көрсетілген адамға, әуе кемесі келгеннен кейін, 12 сағат ішінде, ал тез бұзылатын, қауіпті жүк немесе хайуанаттарға қатысты 3 сағат ішінде берілуі керек.
      Хабарлама почта арқылы немесе басқа да құралдар арқылы жіберіледі.
      Тасымалдаушы ондай хабарламаның алынбағаны немесе кешіккені үшін жауап бермейді.

      140. Егер жіберуші (алушы) мен Тасымалдаушы арасында жүкті алушының мекен-жайына жеткізу жөнінде келісім болмаса, онда алушы адам жүкті жеткен әуежайдан алуға тиіс.

      141. Егер алушы жету пуктіне келген жүкті алудан бас тартса немесе ала алмаса, онда Тасымалдаушы жүк құжаттамасында көрсетілген немесе алушы жүкті ала алмайтындығы туралы хабарлағаннан кейін, жіберушінің өкімдерін орындау үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті. Егер ондай өкімдер болмаса немесе орындау мүмкін болмаса Тасымалдаушы:
      1) жіберушіге алушының жүкті алмағаны және жіберушінің әрі қарай өкімін күту жөнінде хабарлама жіберуіне;
      2) жіберушінің өкімі жоқ болғанда, жүк сақталу мерзімінің 30 күн ішінде оны алуға, қайтаруға немесе осы елде бар тәртіпке сәйкес өткізілуіне қатысты шараларды қабылдауына болады.

      142. Жүкті жіберуші мен алушы жүкті алмауға байланысты, жүктің қайта тасымалдауына байланысты жиындарды қоса алғандағы барлық төлемдер мен шығынды өтеуге міндетті. Егер жүк шығу әуежайына қайтып келгеннен кейін, 15 күн ішінде, жіберуші бұл шығындарды өтеуден бас тартса, онда Тасымалдаушы бұл жүкті түгелдей немесе жартылай өткізуіне болады. Бұл ретте өткізуден 10 күн бұрын Тасымалдаушы жіберушіге жүк құжаттамасында көрсетілген мекен-жай бойынша бұл жөнінде хабарлау керек.

      143. Алушы, екі жыл мерзім ішінде, Тасымалдаушыға тиісті соманы ұстап қалып жүкті сатқаннан түскен ақшаны тасымалдаушыдан алуға хақысы бар.