31.01.2003

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1351 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операциялары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасындағы корреспонденттiк қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаларды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы N 428 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1351 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 1-14 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Аталған қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiнші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесінің (бұдан әpі - Ереже):
      2-тармағына:
      2) тармақша мемлекеттiк тілдегі мәтінінде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) корреспонденттік қатынастар - банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдар арасындағы корреспонденттік есепшот шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында олардың арасында корреспонденттік шоттарды ашу кезінде пайда болатын шарттық қатынастар";
      мынадай редакциядағы 3)-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) контрагент - жасалған корреспонденттік есепшот шартына сәйкес әрiптес болып табылатын банк және/немесе банктік емес ұйым;
      4) Респондент - басқа банкте және/немесе банктiк емес ұйымда шот ашқан банк және/немесе банктiк емес ұйым (ностро-шот);
      5) Корреспондент - басқа банк және/немесе банктiк емес ұйым үшiн өзінде шот ашқан банк және/немесе банктік емес ұйым (лоро-шот)";
      2-тарау мынадай редакциядағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Респондент корреспонденттiк шотты ашқаннан кейiн бес жұмыс күнi өткеннен кейін Ұлттық Банкке 1-қосымшаға сәйкес хабарлама ұсынады";
      3-тараудың 13-тармағының бiрiншi абзацы "сәйкес" деген сөздің алдынан "корреспонденттік шот шартына, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-тарау. Банктердің және/немесе банктік емес ұйымдардың корреспонденттiк шоттары бойынша төлемдер лимитін есептеу тәртiбi
      21. Банк және/немесе банктік емес ұйым өздерінiң және олардың клиенттерiнің бастамасымен ағымдағы айда жасалған төлемдердi Ұлттық Банк белгілеген лимиттен аспайтын көлемде корреспонденттік шот арқылы жүзеге асырады.
      Банк және/немесе банктiк емес ұйым үшін белгіленген лимит "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық, жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрi - Орталық) төлем жүйесі арқылы өткен айда жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жіберілген төлемнің жалпы көлемінің проценттік қатынасына есептеледі. Орталық арқылы жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемнiң жалпы көлемiне Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесi арқылы  жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемдерiнiң көлемi және Орталықтың клиринг палатасының клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк таза позиция сомасын шегерiп тастағандағы Орталықтың клиринг палатасы арқылы жүзеге асырылған төлемдер кiредi.
      22. Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспондеттiк шоттан Респонденттiң және оның клиенттерiнiң пайдасына Респонденттiң Ұлттық Банкте ашылған корреспондеттiк шотына ағымдағы айда Орталықтың төлем жүйесi арқылы келiп түскен ақша сомасы лимит шығысына кiрмейдi. Осы корреспонденттiк шот Респонденттiң клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана ашылған және осы корреспонденттiк шоттағы ақша қалдығы операциялық күн аяғында Орталықтың төлем жүйесi арқылы жойылған жағдайда ғана Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспондеттiк шотына қолма-қол ақша жинау бойынша операцияларға лимит қолданылмайды. Бiр банктегi немесе банктiк емес ұйымдағы лоро және ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есептеу бойынша операциялар жүргiзген кезде жасалған төлемдер сомасы лимит шығысына кiрмейдi.
      23. Банк және/немесе банктiк емес ұйым осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес өздерi корреспонденттiк шоттар арқылы алған және жiберген төлемдердiң саны және көлемi туралы мәлiметтердi есептiден кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей Ұлттық Банкке ұсынады, осының негiзiнде лимит шығысы есептеледi. Банк және/немесе банктiк емес ұйым өз клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана корреспонденттiк шот ашқан кезде 2-қосымшаға қоса осы корреспонденттiк шот арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны және көлемi туралы осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес күн сайынғы ақша қозғалысын және операциялық күн соңындағы қалдықты көрсететiн мәлiметтердi есептiден кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей Ұлттық Банкке ұсынады.
      24. Ұлттық Банк белгiлеген төлемдер көлемiнiң лимитiнен асып кеткен банк және/немесе банктiк емес ұйым Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.";
      1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының екiншi         
деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының екiншi          
деңгейдегi банктерi мен банк              
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге 
асыратын ұйымдарының арасында             
корреспонденттiк қатынастар орнату        
ережесiне 1-қосымша                       

Корреспонденттiк шот ашу туралы хабарлама

Банктiң және/немесе банктiк емес ұйымның (Респонденттiң) атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      Банк контрагентiнiң және/немесе банктiк емес ұйымның (Корреспонденттiң) атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Есеп айырысу тәртiбi

1. Төлемдер жасау:
__ Hoc Tpo-шотқа
__ Лоро-шотқа
ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

2. Шот:
__ клиент төлемдерiн жасау
__ банктiк төлемдер жасау
__ карточкалар бойынша есеп айырысу
__ Респонденттiң клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн
__ басқа төлемдер үшiн (нұсқасы көрсетiлсiн) ______________________
__________________________________________________________________
ашылды.

3. Операциялық күн соңындағы қалдық:
__ нөлге тең
__ қалдықтың төмендетiлмейтiн деңгейi шартта көзделген
__ қалдықтың шарттың талаптарына қатысты емес, өзгермелi деңгейi

Корреспонденттiк шот ашылған күн 20__ жылғы "___" ______

Басшы        _______________   __________________
                (аты-жөнi)             қолы
Бас бухгалтер _______________   __________________
                 (аты-жөнi)             қолы

      Ереже мынадай редакциядағы 2-қосымшамен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының екiншi         
деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының екiншi          
деңгейдегi банктерi мен банк              
операцияларының жекелеген түрлерiн        
жүзеге асыратын ұйымдарының арасында      
корреспонденттiк қатынастар орнату        
ережесiне 2-қосымша                       

Банктiң немесе банктiк емес ұйымның банктiк бiрегейлендiру коды (бұдан әрi - ББК) _____________________________

Банктiң немесе банктiк емес ұйымның атауы ______________________

_______________ жылдың _______________ айындағы
корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылатын
төлемдердiң саны және көлемi туралы мәлiмет

___________________________________________________________________
Банктiң|Контр.|Шотты белгiлеу  |Төлемдердің көлемі|Төлемдердің саны
немесе |агент.| (ностро/Лоро)  |   (теңгемен)     |  (бірліктермен)
банктiк| тің  |___________________________________________________
емес  | ББК  | Төлем | Төлем  |Алынған.|Жiберiл. |Алынған.|Жiберiл.
ұйымның|      |алынған|жiберiл.| дары   |гендерi  | дары   |гендерi
  ББК  |      |  шот  |ген шот |        |         |        |
___________________________________________________________________
   1      2       3      4         5        6        7        8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Басшы         _________________ (аты-жөнi)

Бас бухгалтер _________________ (аты-жөнi)

Орындаушы     _________________ (аты-жөнi)  телефоны _________

    Корреспонденттiк шоттар арқылы жүзуге асырылған төлемдердiң саны және көлемi туралы мәлiметтердi толтыру жөнiндегi ереже

      Корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны және көлемi туралы мәлiметтер мынадай ақпарат кiретiн 8 бағаннан тұрады:
      1-баған - Банктiң немесе банктiк емес ұйымның ББК. Мәлiметтер берген банктiң немесе банктiк емес ұйымның банктiк бiрегейлендiру коды;
      2-баған - Контрагенттiң ББК-ы. Мәлiметтер берген банктiң немесе банктiк емес ұйымның контрагентiнiң банктiк бiрегейлендiру коды;
      3-баған - төлем алынған шот. Есеп берген банк немесе банктiк емес ұйым төлемдер алған корреспонденттiк шоттың белгiсi қойылады. "Hocтpo" немесе "лоро" белгiлерi қойылады;
      4-баған - төлем жiберiлген шот. Есеп берген банк немесе банктiк емес ұйым төлемдердi жiберген корреспонденттiк шоттың белгiсi қойылады. "Ностро" немесе "лоро" белгiлерi қойылады;
      5-баған - алынғандар. Контрагенттерден (және/немесе олардың клиенттерiне) банк немесе банктiк емес ұйым алған төлемдердiң сомасы қойылады. Сондай-ақ Корреспондент осы бағанда Респонденттiң үшiншi тұлғалардан Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспонденттiк шотына ақша енгiзу жөнiндегi нұсқауы бойынша жасалған төлемдердiң сомасын қояды. Респондент Корреспондентте Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана  корреспонденттiк шот ашқан және операциялық күннiң соңында Орталықтың төлем жүйесi арқылы осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылған жағдайда Корреспондент қолма-қол ақша жинау бойынша соманы қоймайды. Операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылмаған жағдайда Корреспондент қолма-қол ақша жинау бойынша соманы қояды. Респонденттiң Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттiк шотынан Респонденттiң Корреспонденте ашылған корреспонденттiк шотына Орталықтың төлем жүйесi арқылы аударылған ақша сомасын Респондент те, Корреспондент те қоймайды. Бiр банкте немесе банктiк емес ұйымда лоро немесе ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есепке алу жөнiндегi операциялар жүргiзiлген кезде банк және/немесе банктiк емес ұйым төлемдердiң сомасын қоймайды;
      6-баған - жiберiлгендер. Контрагенттердiң (және/немесе олардың клиенттерiнiң) пайдасына банк немесе банктiк емес ұйым жiберген төлемдердiң сомасы қойылады. Сондай-ақ Респондент осы бағанда Респонденттiң үшiншi тұлғалардан Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспонденттiк шотына ақша енгiзу жөнiндегi нұсқауы бойынша жасалған төлемдердiң сомасын қояды. Респондент Корреспондентте Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана корреспонденттік шот ашқан және операциялық күннiң соңында Орталықтың төлем жүйесi арқылы осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылған жағдайда Респондент қолма-қол ақша жинау бойынша соманы қоймайды. Операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылмаған жағдайда Респондент қолма-қол ақша жинау бойынша соманы қояды. Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспонденттiк шотынан Респонденттiң Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттiк шотына Орталықтың төлем жүйесi арқылы аударылған ақша сомасын Респондент те, Корреспондент те қоймайды. Бiр банкте немесе банктiк емес ұйымда лоро немесе ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есепке алу жөнiндегi операциялар жүргiзiлген кезде банк және/немесе банктiк емес ұйым төлемдердiң сомасын қоймайды;
      7-баған - алынғандар. Контрагенттерден (және/немесе олардың клиенттерiне) банк немесе банктiк емес ұйым алған төлемдердiң саны қойылады. Сондай-ақ Корреспондент осы бағанда Респонденттiң үшiншi тұлғалардан Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспонденттiк шотына ақша енгiзу жөнiндегi нұсқауы бойынша жасалған төлемдердiң санын қояды. Корреспондентте Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана корреспонденттiк шот ашқан және операциялық күннiң соңында Орталықтың төлем жүйесi арқылы осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылған жағдайда Корреспондент қолма-қол ақша жинау бойынша төлемдердiң санын қоймайды. Операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылмаған жағдайда Корреспондент қолма-қол ақша жинау бойынша төлемдердiң санын қояды. Респонденттiң Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттiк шотынан Респонденттiң Корреспонденте ашылған корреспонденттiк шотына Орталықтың төлем жүйесi арқылы ақша аударуға арналған төлемдердiң санын Респондент те, Корреспондент те қоймайды. Бiр банкте немесе банктiк емес ұйымда лоро немесе ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есепке алу жөнiндегi операциялар жүргiзiлген кезде банк және/немесе банктiк емес ұйым төлемдердiң санын қоймайды;
      8-баған - жiберiлгендер. Контрагенттердiң (және/немесе олардың клиенттерiнiң) пайдасына банк немесе банктiк емес ұйым жiберген төлемдердiң саны қойылады. Сондай-ақ Респондент осы бағанға Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотына үшiншi тұлғаның атынан ақша есептеу жөнiндегi Респонденттiң нұсқауы бойынша жүргiзiлген төлемдердiң санын қояды. Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақшаларды жинау үшiн және Орталықтың төлем жүйесi арқылы операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шоттағы ақша қалдығын жою үшiн ғана Респондент Корреспондентте корреспонденттiк шот ашқан жағдайда, Респондент қолма-қол ақша жинау жөнiндегi төлемдер санын қоймайды. Егер операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шоттағы ақша қалдығы жойылмаса, онда Респондент қолма-қол ақша жинау жөнiндегi төлемдер санын қояды. Орталықтың төлем жүйесi арқылы Ұлттық Банкте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотына, корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотынан ақша аударуға жiберiлген төлемдер санын Респондент те, Корреспондент те қоймайды. Бiр банктегi немесе банктiк емес ұйымдағы лоро және ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есептеу бойынша операцияларды жүргiзу кезiнде төлемдердiң санын банк және/немесе банктiк емес ұйым қоймайды.";
      Ереже мынадай редакциядағы 3-қосымшамен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының екiншi         
деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының екiншi          
деңгейдегi банктерi мен банк              
операцияларының жекелеген түрлерiн        
жүзеге асыратын ұйымдарының арасында      
корреспонденттiк қатынастар орнату        
ережесiне 3-қосымша                       

Банктiң немесе банктiк емес ұйымның ББК-ы ____________________

Банктiң немесе банктiк емес ұйымның атауы ____________________

_________ жылдың ____________ айында Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана ашылған корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны мен көлемi туралы мәлiметтер

___________________________________________________________________
Респон.|Кoppec. |Күні |Төлемдердің көлемі| Төлемдердің    |Операция.
дент. |пондент.|     |   (теңгемен)     | (бірлікпен)    | лық күн
тің   | тің    |     |__________________________________|соңындағы
ББК-ы  |ББК-ы   |     |Алынған.|Жiберiл.|Алынған.|Жiберiл.ақша қал.
       |        |     | дары   |гендерi | дары   |гендерi| дығының
       |        |     |        |        |        |       | сомасы
       |        |     |        |        |        |       |(теңгемен)
____________________________________________________________________
   1       2       3      4        5        6        7        8
____________________________________________________________________

Басшы         _________________ (аты-жөнi)

Бас бухгалтер _________________ (аты-жөнi)

Орындаушы     _________________ (аты-жөнi)  телефоны _________

Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана ашылған корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны мен көлемi туралы мәлiметтердi толтыру жөнiндегi ереже

      Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана ашылған корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны мен көлемi туралы мәлiметтер мынадай ақпарат енетiн 8 бағаннан тұрады:
      1-баған - Респонденттiң ББК-ы. Өз клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн Корреспондентте корреспонденттiк шот ашқан Респонденттiң және ақпарат берушiлердiң бiрегейлендiру коды қойылады;
      2-баған - Корреспонденттiң ББК-ы. Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн шот ашқан Корреспонденттiң бiрегейлендiру коды қойылады;
      3-баған - күнi. Есептi кезеңнiң екi таңбаны бiлдiретiн күнi қойылады;
      4-баған - алынғандар. Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотынан алынған ақша сомасы қойылады;
      5-баған - жiберiлгендер. Ұлттық Банкте ашылған Респонденттiң шотына Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотынан Орталық арқылы жiберiлген ақша сомасы қойылады;
      6-баған - алынғандар. Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотына алынған төлемдердiң саны қойылады;
      7-баған - жiберiлгендер. Ұлттық Банкте ашылған Респонденттiң шотына Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотынан Орталық арқылы жiберiлген төлемдер саны қойылады;
      8-баған - операциялық күн соңындағы ақша қалдығының сомасы. Операциялық күн соңындағы корреспонденттiк шоттағы ақша қалдығының сомасы қойылады (операциялық күн соңындағы ақша қалдығын жойған кезде "0" мәнi қойылады)".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н ):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы


Дата вступления в силу:  25.03.2003
Дата изменения акта:  31.08.2016
Дата принятия акта:  31.01.2003
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  14777
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  21
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz