Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң "Еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) ауыр (ерекше ауыр), қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда iстеген адамдарға жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына және жұмыс

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 27-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2176. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 182-Ө Бұйрығымен

      Инженерлiк және техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру және ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық және зияткерлiк әлеуетiн, материалдық-техникалық базасы мен инновациялық бiлiм беру технологияларын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі