Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1073 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесін бекіту

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарамасының қаулысы. 2002 жылғы 26 қараша N 470. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2112. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      Бюджет қаражаттарын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 36-қосымшада:
      6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда "салу жобасы бойынша жобалық-смета жасау" деген сөздер "салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудан өткен Астана қаласындағы қан препараттарын шығару жөніндегі зауыт салудың техникалық-экономикалық негіздемесі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі