Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 28 қазандағы N 216-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2064. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 қарашадағы N 270-НҚ бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 432 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 111-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесінде:
      11-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы "сәуірде" деген сөзден кейін "және қазан-қарашада" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшаның екінші абзацы "және қараша-желтоқсанда" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі