Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 және 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 122 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 қыркүйек N 1012

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 376 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 49-60, 689-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiнде:
      "Халықаралық ұйымдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 48-1 тармақпен толықтырылсын:
      "48-1. "Халықаралық түрме реформасы" (РRI) халықаралық қоғамдық бiрлестiгi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі