Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 490. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1766. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 Қаулысымен.

      Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін дайындау және олардың сот төрелігін жүргізу жөніндегі кәсіптік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы судьялар мен сот

 

жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік

мекемесі (бұдан әрі - Институт) құрылсын.

     2. Институттың штат санының лимиті 26 бірлік болып белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келісім бойынша) Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

     1) Институттың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында

мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.