08.10.2001

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi бекiту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ағымдағы есепшоттар ашу тәртiбiн нақтылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылауды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 V001199_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер бекiтiлсiн және өзгерiстер мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.):
      1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары К.А. Колпаковқа жүктелсін.
 

     Ұлттық Банк

      Төрағасы



                                            Қазақстан Республикасының



                                            Ұлттық Банкi Басқармасының

                                            2001 жылғы 8 қазандағы N 382

                                            қаулысымен бекiтiлген



 
 
              Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
          "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк
    есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту
          туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекiтiлген
          Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк
         есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа
                                  өзгерiстер
 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. 11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары үшiн (бұдан әрi - қаржы ұйымы):
      қаржы ұйымы тарату комиссиясының бiрiншi және екiншi қол үлгiлерi не бiрiншi қол үлгiсi және таратылатын қаржы ұйымының мөр таңбасы бар құжат;
      таратылатын қаржы ұйымын салық есебiне қою фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;
      қаржы ұйымын тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы (сот, уәкiлеттi орган не акционерлердiң жалпы жиналысы) шешiмiнiң көшiрмесi;
      сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына банктiк және басқа да операцияларды жүргiзуге лицензияны қайтарып алу туралы уәкiлеттi орган шешiмiнiң көшiрмесi;
      банктер, олардың филиалдары үшiн - таратылатын қаржы ұйымының екiншi деңгейдегi банктерде ағымдағы есепшотын ашуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi рұқсатының көшiрмесi".
      2. 43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "43. Банктiк есепшотты осы есепшотқа орындалмаған талаптар болған кезде жабуға, сондай-ақ клиент банкке Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынатын тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) экспортына/импортына сыртқы экономикалық келісім-шарттар бойынша клиентте орындалмаған талаптар және/немесе міндеттемелер болған кезде ағымдағы

 

есепшотты жабуға тыйым салынады.

     Осы тармақтың бірінші азатжолында белгіленген тыйым салу заңды

тұлға-клиенттің таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына байланысты

есепшотты жабу немесе заңды тұлғаның есепшотында ақшаның бір жылдан астам,

ал жеке тұлғада - үш жылдан астам болмау жағдайларына қолданылмайды".


     Ұлттық Банк

      Төрағасы



     Мамандар:

            Омарбекова А.Т.

            Икебаева Ә.Ж.






Дата вступления в силу:  27.11.2001
Дата изменения акта:  31.08.2016
Дата принятия акта:  08.10.2001
Информация об официальном опубликовании акта:  ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені", 2001 ж., N 40-41, ст.527)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  10351
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  382
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz